Home » № 5//08.02.2013 » КЕЛЕШЕГІМНЕН ҚОРҚАМЫН

КЕЛЕШЕГІМНЕН ҚОРҚАМЫН

Бұрында ата–анамыз «ертеңің не болар екен балам?», -деп кібіртіктей сөйлегенде мəн беріп, зейін салып тыңдамайды екенбіз ғой. Шынымен де баланың балаң тағдырына алаңдап, өмірден баз кешетін ардақтыларымыздың осы бір күмəн мен күдік толы сөзін бүгін ұққандаймын. Артымнан еріп келе жатқан іні–сіңілілеріме қарап бүгін менде соны айтқым келеді.

Бесіктегі бала деп байбалам салмай-ақ, аяғын апыл –тұпыл енді басып келе жатқан балапанымыз телефонмен қалай сөйлесіп, қайлай жауап беретінге дейін меңгерген. Меңгерсін, білгені өзіне, үйренгені ата-анасына жақсы. Десе де бəріміз мəз боламыз кішкентай бүлдіршіннің тəтті қылығына.

Бірақ білместікпен, өмірі тойып бермес тəтті қылығын қызықтаймыз деп баланы балапанынан басын техникаға байлап беріп жатқан жоқпыз ба?

Күнделікті сіз бен біз қолданатын ұялы телефонды мектептегі əрбір екінші баланың қолынан табасыз. Мектеп жасындағы баланың қолындағы қымбат телефонды күндіз –түні қызымет етіп жүрседе ұстай алмай жүргендер бар. Ал қызымет етпейтін, ақша таппайтын мектеп жасындағы балаға қымбат телефон қайдан келді? Əрине ата –анасы барын сатса да, соңғы тиынын санап берседе қатарынан қалмасын деген қағидамен алып береді. Балалар арасындағы алауыздық, жастайынан шен таластыруға итермелеу, ең сорақысы баланы мына қоғамнан аластату да осы телефонның кесірі. Неге дерсіз? Балаңызда телефон бар ма? Бір күн бақылаңыз. Мектептен келгелі қолынан ұялысын тастамайтын, қала берді құлақшынын киіп сіз жүрген ортадан санасымен безіп кеткен балаңызды көресіз. Берген сұрағыңыз шала жауапты, тапсырған ісіңіз орындалмағанын көресіз.

Міне, баланы өз қолымызбен өмірден осылай түңілдіреміз. Ал ол жастың сол кезде не тыңдап жүргенін тіпті де білмейсіз.

Боқтығы мен былапыт сөздері араласқан шетелдік не отандық əндер, сапасы əзілдер немесе өзге діни ағымдардың жазып тарататын үн жазбалары. Осыдан кейін бала тағдырына алаңдамай көріңіз.

Мен көктен не жерден алып отқам жоқ. Қоғамда бар құбылыс. Бала тағдырына бей –жай қарайтын ата –ана кемде–кем. Ойланыңыз, кешіктірмей қолға алып балаңызды тағдырдың ойншығынан құтқарыңыз.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫ

Яндекс.Метрика