Home » "Коммунист Казахстана", № 40//22.11.2013 » ҚКХП-ның Атырау облыстық филиалының біріккен сегізінші пленумі

ҚКХП-ның Атырау облыстық филиалының біріккен сегізінші пленумі

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының біріккен сегізінші пленумын 16 қараша күні өткізді. Пленумде облыстық партия филиалының он алты мүшесі  қатысып отырды. Партия жарғысы бойынша пленумды ашуға толық мүмкіндік  берілді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық филиалынына пленум жұмысын бастауға деген ұсыныстар түсіп жатты. Пленум жұмысын бастауды қолдайтын пленум мүшелері қолдарың көтерді. Пленумде күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының  орталық комитетінің VI пленумында қабылданған Қазақстан Республикасының әлеуметтік – саяси дамуы және ҚКХП әрекеттері туралы Орталық комитетінің хатшысы Қоныров Айқын Ойратұлының баяндамасын пленум үстінде талқыға салынды. Атырау облыстық филиалының міндеттері туралы соңғы жарты жылдықта партия қатарына 72 мүше алынған, қазіргі кезде коммунистер саны 5112 жетсе,  232 бастауыш партия ұйымы бар.  Жергілікті жерде халықтың әлеуметтік ауқатын жоғарлатуда жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып азаматтардың мүддесін қорғауда біршама жұмыстар жүргізілген. Әлеуметтік саясат халықтың жағдайын көтеру, жастарды жұмысқа орналастыру, баспанасыз жүрген халыққа көмек көрсету. Әзірге айта кету керек өз дәрежесінде жүзеге аспай отыр. Облыста 7443 жастар жұмыссыз жүр, оқытушылардың, медицина саласындағы жұмысшылардың жалақысы төмен. Сонымен  қатар су, электроэнергия, жылу мен қамту сияқты көптеген мәселелер шешілмей жатыр. Осы мәселелерді жергілікті атқару органдары алдына батыл қою керек – деді өз баяндамасында ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

Сегізінші пленумнің барысында қаулы қабылданды:

  1. Қалалық, аудандық, бастауыш партия ұйымдарының қалың бұқарамен байланысты нығайтып, олардың заңды түрдегі талаптарының орындалуына ат салысу міндеттелді.
  2. Қалалық, аудандық, бастауыш партия ұйымдарына мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шетел компанияларының табиғи байлықты қорғау бағытындағы жұмыстарды бақылау қолға алынуы тапсырылды.
  3. Партия ұйымдарына өндірістегі, халыққа қызмет ету, білім және дәрігерлік көмек саласындағы қызметкерлердің қаналуына жол бермеуге ниеттенген азаматтардың қоғамдасуына тиісті дәрежеде жағдай туғызу тапсырылды.
  4. Қалалық, аудандық партия комитеттеріне, бастауыш партия ұйымдарына әрбір партия мүшесінен партиялық жарнама жинау қызметі міндеттелді.
  5. Қалалық, аудандық партия комитеттеріне және бастауыш партия ұйымдарына «Коммунист Казахстана» республикалық газетіне жазылу жұмысын жалғастырып, халық арасында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы туралы кеңінен насихаттау жұмысын жүргізу тапсырылды.

Пленум соңында ҚКХП кезектен тыс VIII съездің қаулысында қабылданғандай бақылау-тексеру комиссиясының жасы  30-70 жас аралықта болуы керектігі айтылған болатын. Осыған байланысты ҚКХП Атырау облыстық филиалының  бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Көшенов Жаукен Қайырлыұлы өз келісіміне орай бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы қызметінен босатылып, ҚКХП-ның Атырау облыстық филиалының Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал, ҚКХП-ның Атырау облыстық филиалының бақылау тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы  болып Тәнзила Құспанова тағайындалды.

 

Гүлжан Инжелова

Атырау

 

 

Яндекс.Метрика