Home » Актюбинский обком, Партийная жизнь » КОМСОМОЛ МЕН ҮШІН ӨТЕ ЫСТЫҚ

КОМСОМОЛ МЕН ҮШІН ӨТЕ ЫСТЫҚ

Мен өкінішке орай дүниеге кешігіп туылдым, сол себепті комсомолдың не екенін білмеймін. Мысалыға, осы жылы комсомолдың туылғанына 95 жыл болды. Комсомол немен өмір сүрді? Ол кезде көбінесе қандай басты- басты деген тақырыптар қозғалды? Қандай жұмыстар атқарылды? Комсомол кезінде жастардың өмірге деген көзқарастары қандай болды? Міне осы және т.б. мені өте қатты қызықтыратын сұрақтар жайында Хобда ауданының хатшысы, комсомол ардагері, ҚКХП Ақтөбе облысы комитетінің мүшесі Балу Сауырбаевамен (суретте) әңгіме сұхбат құрдық. Балу Сауырбаева әңгімесін сонау мектеп кезінен бастады:

– Мен 1966 жылы 8 сыныпта оқып жүргенде комсомол құрамына кіргенмін. Оларға мені комсомолда жүргенім өте қатты қызықтыратындығы көзге көрінген болар, 10 сыныпты бітірген соң, өзім оқыған Колинов атындағы орта мектепке аға пионер басшысы болып жұмыс істеуге алып қалды. Сол сәттен бастап менде комсомол пионер жалыны пайда болды. Міне осының арқасында мен аудандық партия комитетіне, комсомол конференциясына, одан мектеп хатшысы болып ілгері жылжыдым. Ол кездері ұйымдастырушылық деген өте жоғары болатын. Әр түрлі акциялар өткізіп, комсомолдық жорықтар жасадық. Жастық кезімізде біз құрғақшылық жылына тап болдық. Барлық күшімізді шөп шабуға, шабан нүктесіндегі қой шаруашылығына, әр жұма сайын сенбілікке шығуға, комсомол жастар бригадаларын құруға жұмсадық. Комсомол кезінде жастар, яғни   біздер  қайратты, еңбекқор, күннің салқындығына қарамастан вагон түсіріп, құрылыс, сылау жұмыстарымен айналыстық. Комсомол құрамына кіру біз үшін өте үлкен дәриже болатын. Және еске түсіріп өту керек, ол кезде бізде «Сен болмасаң кім істейді» – деген ұранмен, рухпен жұмыс жасағанбыз. Біз қаншалықты жас болдық, соншалықты өзімізге сендік. Осындай комсомолдық жігердің біздердің өмір сүруімізге, оқуымызға, жұмыс істеуімізге, жарқын болашаққа ұмтылуға үлкен көмегі тиді. Біздің Қобда ауданында, дәстүрлі түрде әр 19-шы мамыр күні, барлық ауыл мектептерінен пионер отрядын жинап, спорт фестивальдарын өткізетініміз менің есімде қалды. Және де соның барлығын үш күннің ішінде дайындап шығару керек болатын. Тіпті кей кездері бұндай фестивальдарға дайындық бір жылдай уақытымызды алатын. Әр жолы активисттер аудандық комитетте жиналып, жұмысқа қатысты, күнделікті тұрмыстық, маңызды, көкейкесті сұрақтарды талқылап, осы қозғалып отырған сұрақтарға соншалықты жауапкершілікпен қарап, кандай да болмасын жағдайдың бір шешімін табатынбыз. Бізде бос уақыт деген жоқтын қасы болған. Әр күніміз конференцияда, жиналыстарда, бюрода, кездесулер, сапарларда өтетін.  Қазіргі күні осының баріне қалай үлгерген екенбіз деп тан қаламын. Қазір сіздер топ арасында ғана бірігіп жұмыс жасайтын болсаңдар, бұрын біздің кезімізде коллектившілдік, ұжымшылдық болды. Кез келген мерекелік шараға не керектігі, кім не үшін жауапты, кім қандай шаруа тындыру керек, міне, осы мәселелердің барлығы 10-15 минут ақ уақыт аралығында талқыланатын. Жұмыстың жоспары құрылып, әркім өздеріне берілген міндетті бұлжытпай атқаратын. Кейін комсомолдар коммунисттер бола бастады. Менің есімде қалғаны, Қазақстанда 30 жыл атты ауылда комсомол ұйымы болды. Сол уақыттағы комсомол ұйымының басшысы, кезінде оқу үлгерімі нашар, мектеп кезінде тентек болған Ораз Тулепберген болатын. Бара келе оның спортқа деген қызығушылығы оянып, жеңіл атлетикадан аудан жеңімпазы болды. Кейін облыстық спорт сайыстарына қатысып, өз ауылында жастар комсомолын басқарып қалды. Ол кісіге қандайда болмасын жұмыс тапсырса, сол жұмысты соншалықты шапшаң, бұлжытпай орындап, кез-келген мерекелік шараны өткізе алатын. Қазіргі күні өмірде көптеген жетістіктерге жеткен Ораз Тулепберген, Ақтөбе облысының ауылдарының бірінде әкімнің қызметін атқарып отыр, – деп жерлесі үшін бір мақтанып қойды.

Сөзінің соңын Балу Сауырбаева қазіргі күні ҚКХП мүшесі екенін айтып, сол жерде жастарға тек қана дәріс оқып қоймай, ұжымшылдыққа тартып жүргендігін айтты. Мен өз кезегімде Балу Сауырбаеваға бұл сұхбаттан жақсы әсер алғанымды, және де сұхбат бергені үшін үлкен рахметімді айттым.

Шыны керек, қазіргі жастармен бұрынғы жастардың айырмашылығы жер мен көктей. Комсомол жастары оңай, қиын деп жұмыс талғамай, сондай жігерлікпен еңбектенгендіктері көрініп тұр. Қиындыққа төзімділіктері жоғары болған. Ол кездері өздеріне қол жұмсаушылық деген мүлдем кездеспеген секілді. Біздің заманымыздағы жастар туралы еш мағлұмат бермесем де, қазіргі жастардың өте әлсіз екендіктері көзімізге айшықтай болып көрініп тұрған тәрізді. Осы сұхбаттан соң, менің ойыма, бізге де осындай комсомол жастар бригадасын құрсақ қалай болады екен? – деген сұрақ туды…

 

Алтынай  ЖЕТПИСБАЕВА,

ҚКХП Ақтөбе ОК

баспасөз хатшысы

15.11.2013ж.

Яндекс.Метрика