Home » Author Archive

Ақмола облысының коммунистері Кеңес әскері мен флотының 100 жылдығына арналған акция өткізді

23 ақпан қарсаңында Көкшетау қаласында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бастамасымен Кеңес әскері мен флотының 100 жылдығына арналған іс-шара өтті. Кеңес әскерінің ардагерлері және жас буын өкілдері Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімін жасады. Сонымен қатар гүл шоқтары Даңқ аллеясы мен Мәңгілік алауға да қойылды. Мәңгілік алауда қатысушылар қаза болған жауынгерлердің құрметіне... 

Өскеменде «Қызыл Әскерге – 100 жыл» акциясы өтті

21 ақпан күні ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде Қызыл әскердің 100 жылдығына арналған отырыс ұйымдастырылды. Жиынға «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл» саяси партиялары облыстық бөлімшелері мен «ҚР Қарулы күштерінің облыстық ардагерлер кеңесі», «Өскемен қ. Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы», «Поколение» сияқты қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Д.Елубаев қатысты. ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов өз сөзінде: «КСРО құлдырағаннан... 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевқа     ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!  Үкімет және Ұлттық банк 2018 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағдарлары туралы мәлімдемені қабылдады. Ол бұрынғы бағытты консервациялауға негізделген, басшылыққа ІЖӨ өсімінің көрсеткіші мен өткен жылдың инфляциясы алынған. Алайда мұндай тәсіл жаңа экономикалық шынайылыққа, Мемлекет басшысының жаңғыру мен экономиканы диверсификациялауға... 

Көктемгі су тасқынына әзірлік мәселесі талқыланды

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті «Аймақтағы су тасқынына дайындық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Атбасар және Сандықтау аудандық комитеттерінің хатшылары Еспембет Түбеков пен Виктор Новоселовтың мәлімдемелерінен басталды. ҚКХП-ның екі өкілі бір ай бұрын мандат алып, өз аудандарындағы көктемгі тасқынға дайындықты сараптаумен айналысқан. Е.Түбековтың сөзінше, ауданда комиссия құрылған, алғаш рет бұл комиссияның құрамына халық коммунистері... 

ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыров Куба елшісі Эмилио Певида Пупомен кездесті

Таяуда Астанада Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыров пен Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупоның кездесуі өтті. Куба елшілігінің бастамасымен өткен кездесуде жаңадан тағайындалған елші Эмилио Певида Пупо  партияаралық байланыс пен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.  Елші ҚКХП өкілдеріне Америка Құрама... 

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар ма?

16 ақпан күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің мүшелері сала мамандарымен су тасқыны мәселесі төңірегінде дөңгелек үстел өткізді. Жиынға партиялықтардан басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және бұл мәселеге бей-жай қарамайтын қарағандылықтар қатысты. - Бүгін біз аймақтағы су тасқыны қаупі мәселесін талқылаймыз, – деп бастады өз баяндамасын Қарғанды ОК бірінші хатшысы... 

Халықтың жадында жаңғыратын күн

Қызыл Армияның 100 жылдығының құрметіне Халықтың жадында жаңғыратын күн Былтырғы Ұлы Қазан революциясының 100 жылдығының ізін іле-шала биыл Қызыл армия мен Лениндік комсомолдың 100 жылдығы келді. Көптеген адамдар үшін бұл атаулы тарихи дата, ал бәзбіреулер үшін кеңес дәуірін қаралау, күстаналау құралы. Олар 1917-1918 жылдардағы Кеңес билігінің ұрандарын түкке тұрғысыз ету арқылы ұпай жинауға тырысады, ал қарапайым халық күні бүгінге дейін жұмысшылар мен шаруалардың... 

Павлодарлық коммунистер дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» деген тақырыпты талқылады.

Ресми мәлімет бойынша 2017 жылы Қазақстандағы инфляция 7,1%-ды құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі ең жоғарғы инфляциялық көрсеткіш. 2017 жылдың басы мен 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта азық-түлік тауар бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға, азық-түлік емес тауар 8,9%-ға, ақылы қызмет 5,9%-ға қымбаттаған. Қазақстандағы ресми статистика шынайы болмыстан алшақ екендігін ескерсек, қазақстандықтардың басым бөлігінің жағдайы... 

Жұмыспен қамтудың машақаты

Жуырда Астанада «Жұмыспен қамту – қоғамның әл-ауқатының факторы» деген тақырыпта ғылыми конференция өтті. Іс-шараны «Халық коммунистері» фракциясы ұйымдастырды. Отырыста жастарды, егде жастағы азаматтарды, мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Іс-шара барысында ҚКХП фракциясының жетекшісі Владислав Косарев қазіргі таңда қазақстандықтардың әл-ауқаты еңбекақыға байланысты қалыптасатынын атап өтті. Ал Қазақстан саяси зерттеулер институтының... 

Байланыс аясынан тыс жерде

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Астана қалалық комитетінің бастамасымен және ұйымдастыруымен  «Парасат» ҒТО-да баспана мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мәжіліс және мәслихат депутаттары, шенеуніктер, банктер мен партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың өкілдері қатысты. ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Марат Әубәкіровтың айтуынша, ресми мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 7 пайызы жалдамалы пәтерде... 

ШҚО облыстық комитетінде инфляция және баға өсімімен күресудің әдістері талқыланды

2018 жылдың 14 ақпанында Өскемен қаласында ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.  Басқосу ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық секторында  қалыптасқан жағдайды талдауға арналды. Кездесуге облыстық ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының, облыстық саяси партия бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Отырысты ҚКХП ШҚОБ-ның бірінші хатшысы Шыңғыс... 

Кеншілер астанасында қарағандылықтардың әлеуметтік жағдайы талқыланды

9 ақпан күні Қарағандыда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының бастамасымен «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, меморгандар мен БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. ҚКХП Қарағанды ОК екінші хатшысы   Анатолий Баранов өз баяндамасында инфляцияның ауқымы туралы мәлімет келтірді: - Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1%-ды құраған. Бұл... 
Яндекс.Метрика