Home » Ақмола облыстық комитеті

Ақмола облысының коммунистері Кеңес әскері мен флотының 100 жылдығына арналған акция өткізді

23 ақпан қарсаңында Көкшетау қаласында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бастамасымен Кеңес әскері мен флотының 100 жылдығына арналған іс-шара өтті. Кеңес әскерінің ардагерлері және жас буын өкілдері Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімін жасады. Сонымен қатар гүл шоқтары Даңқ аллеясы мен Мәңгілік алауға да қойылды. Мәңгілік алауда қатысушылар қаза болған жауынгерлердің құрметіне... 

Көктемгі су тасқынына әзірлік мәселесі талқыланды

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті «Аймақтағы су тасқынына дайындық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Атбасар және Сандықтау аудандық комитеттерінің хатшылары Еспембет Түбеков пен Виктор Новоселовтың мәлімдемелерінен басталды. ҚКХП-ның екі өкілі бір ай бұрын мандат алып, өз аудандарындағы көктемгі тасқынға дайындықты сараптаумен айналысқан. Е.Түбековтың сөзінше, ауданда комиссия құрылған, алғаш рет бұл комиссияның құрамына халық коммунистері... 

Ақмолалық коммунистер Президенттің жаңа Жолдауын қолдайды

 16 қаңтар күні ҚКХП Ақмола облыстық комитеті Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы  Жолдауы талқыланды.  Президенттің кезекті Жолдауының ерекшеліктері туралы алғашқылардың бірі болып обкомның бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов пікір білдірді. Ақмола облысы халық коммунистерінің жетекшісі жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудартты. Б.Мәжитов қатысушыларға... 

Ақмола облысында «Шапағат» халықтық жобасы ұйымдастырған жаңа жылдық мерекелер өтті

Көкшетау қаласында ҚКХП-ның «Шапағат» жобасы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балалар үшін Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен жаңа жылдық мереке өткізді. Балалар үшін тәттіге толы дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.  Мерекеге отыз шақты бала және олардың ата-аналары мен қамқоршылары  қатысты. Жаңа жылдық ертеңгілік Степногорск, Атбасар және Щучье қалаларында да өткізілді. Степногорск қаласының коммунистері қарт адамдар үшін... 

Ақмола облыстық комитетінде ұлттық бірегейлік мәселелері талқыланды

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінде үкіметтік емес ұйымдардың,  меморгандардың және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Ұлттық бірегейлік мәселелері» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. ҚКХП Ақмола ОК бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылдың 12 сәуірінде жарық көрген мақаласында жаңғырудың бес бағытын айқындап бергенін және оның үшінші бағыты «Ұлттық бірегейлікті сақтау» болып табылатынын... 

Ақмола облысының коммунистері қазіргі заманғы қазақстандық білім беру мен ұстаздардың мәселелерін талқылады

Ақмола облысының коммунистері Көкшетау қаласы мектептерінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Жиында қазіргі таңдағы ұстаздар мен білім беру саласының мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша коммунистер дайындаған жобалық құжат мақұлданды. Ақмола облысының педагогтары Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдайды, бірақ оның іске асырылуы білім беру саласына, мектеп пен... 

Заман хроникасы

Ақмола облыстық тарихи-өлкелік музейінде «Заман хроникасы» тақырыбында  көрме ашылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме КСРО дәуірінің тарихын толығымен қамти алмайды, тек жекелеген тарихи оқиғаларды көрсетуге, сол кезеңнің келбетін жеткізуге бағытталған. «Біз кеңес дәуірі заманында өмір сүрдік, оқыдық және қызмет жасадық. Бізге елдің барлық тарихи кезеңдері таныс. Бірақ басқа заман келді, экономикалық және саяси формация өзгерді. Бұл көрме... 

Ақмола облыстық комитеті көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді

27 қыркүйек күні Ақмола облыстық комитеті Зеренді ауданына қарасты  Гранитный ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Дәл сол күні ауылда жылыту маусымы басталған болатын. Округ әкімі Серік Сабыровтың сөзінше,  қысқа дайындық жақсы, бірақ  ТКШ  мамандары тапшы. Сонымен қатар халық коммунистері мектеп және басқа да әлеуметтік мекемелерде болды. Халықпен кездесу барысында ауылда санитарлық-гигиеналық мәселелердің бар екені анықталды. Отыз жыл... 

МАРИНОВКА КӨТЕРІЛІСІНІҢ ҰРПАҚТАРЫ

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің өкілдері Ұлы Қазан революциясының 100 жылдығына орай Көкшетау қаласынан 250 шақырым жерде орналасқан Мариновка ауылында болды. Сапардың басты мақсаты ауыл ардагерлері және жастарымен кездесу, Мариновка тарихи-өлкелік музейіне бару болды. Азаматтық соғыс жылдарында Мариновка селосы  шаруалардың Колчактың ақ гвардияшылар әскеріне қарулы көтерілісінің орталығына айналған. 1967 жылы Мариновка көтерілісінің музейі ашылды.... 

Владислав Косаревтің Еңбекшілдер ауданындағы жұмыс сапары

2017 жылдың 15 тамызында Ақмола облысының сайлаушыларымен кездесу аясында депутат Владислав Косарев Еңбекшілдер ауданында болды. Аудан орталығы Степногорск қаласында өткен кездесуде халық қалаулысы аудан әкімі А.М. Киіковтан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат алды. Депутат аудан аппаратының жетекшісі Р.Нұрғалиевпен Мамай ауылында болып, «Kazbeef LTD» ЖШС ауыл шаруашылық компаниясының қызметкерлерімен кездесті. Кейін В.Косарев Макинка... 

ТҰРҒЫН СЫЗДЫҚОВ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

10 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Ақмола облысындағы сайлаушылармен кездесулерін бастады. Коммунист Т.Сыздықов мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанның оңтүстік аймақтарының азаматтарын солтүстік аймақтарға қоныстандыру мәселесіне қызығушылық танытты. Осыған орай  халық қалаулысы алғашқы кездесулерін Облыстық көші-қон полиция басқармасында, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және Статистика басқармаларында... 

Коммунистерге алғыс білдірді

Көкшетаулық тоғыз жасар Әлішердің анасы Наурызгүл Тұрсынова коммунистерге жағымды жаңалығын жеткізіп, қуанышымен бөлісті. Оның айтуынша, ұлына жасалған ота ойдағыдай өткен. Әлішер ұзақ ауырды. Баласының дертіне дауа іздеген Наурызгүл ҚКХП-ның Көкшетау қаласындағы қоғамдық қабылдауына келіп, көмек сұрады. Ізінше іске Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов араласып, Әлішердің тегін ем қабылдауына ықпал жасады. Нәтижесінде оған балаларға... 
Яндекс.Метрика