Home » Қарағанды облыстық комитеті

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар ма?

16 ақпан күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің мүшелері сала мамандарымен су тасқыны мәселесі төңірегінде дөңгелек үстел өткізді. Жиынға партиялықтардан басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және бұл мәселеге бей-жай қарамайтын қарағандылықтар қатысты. - Бүгін біз аймақтағы су тасқыны қаупі мәселесін талқылаймыз, – деп бастады өз баяндамасын Қарғанды ОК бірінші хатшысы... 

Кеншілер астанасында қарағандылықтардың әлеуметтік жағдайы талқыланды

9 ақпан күні Қарағандыда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының бастамасымен «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, меморгандар мен БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. ҚКХП Қарағанды ОК екінші хатшысы   Анатолий Баранов өз баяндамасында инфляцияның ауқымы туралы мәлімет келтірді: - Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1%-ды құраған. Бұл... 

Қарағанды облыстық комитетінің коммунистері Президенттің Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

6 ақпан күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы Орталық Қазақстан Академиясының оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауы талқыланды. Жолдаудың негізгі тармақтарын түсіндіру мақсатында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы Анатолий Баранов баяндама жасады. Ол өз... 

Қарағанды облысының халық коммунистері «Жақсылық жаса» акциясын өткізді

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының белсенділері  қарағандылықтарды әлеуметтік жағдайы төмен жерлестеріне көмектесуге үндейтін қайырымдылық акциясына қатысуға  шақырды. 2018 жылдың 5 ақпанында ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті Жастар  қанатының мүшелері төраға Анатолий Ченнің басшылығымен және  обкомның екінші хатшысы Анатолий Барановтың қолдауымен «Жақсылық жаса» акциясын өткізді. Жас коммунистер қала орталықтарында азаматтарды «Шапағат»... 

«Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы Қарағандының қарияларына қуаныш сыйлады

«Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы аясында 29 желтоқсан күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің белсенділері мен басшылығы Бұхар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдағы қарттар үйіне барып, қарияларды мерекелерімен құттықтап қайтты. Осы жылы қарағандылық коммунистер Бұхар жырау ауданында отбасылық үлгідегі қарттар үйін құрған Надежда Алексеевамен танысты. Осыдан он жыл бұрын Н.Алексеева бұрынғы балабақша ғимаратында жалғыз қалған... 

Қарағандылық коммунистер балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитеті «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы аясында 28 желтоқсан күні «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Бұл күні ертеңгілік ең кішкентай бүлдіршіндер үшін өткізілді. Жаңа жылдық киім киген балалар Аяз ата мен балалар үйінің қызметкерлерін және қонақтарды өздерінің өнерлерімен тәнті етті. Балалар үйінің директоры Светлана Буркеева... 

Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар

2018 Жаңа жыл қарсаңында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің белсенділері мен басшылығы «Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы аясында «Пионерский» балалар үйінің түлегі, партия мүшесі Евгений Дмитриевті және оның отбасын қоныс тоймен құттықтады. Осы жылдың басында 25 жасар Евгений Дмитриев ҚКХП Қарағанды ОК қоғамдық қабылдауына көмек сұрап келген болатын. Ол жұбайы және кішкентай балаларымен бес жылдан астам уақыт барак тәрізді салынған пәтерде... 

ШАХТЕРЛАР КӨТЕРІЛІСІ. КОММУНИСТЕР ЕҢБЕКШІЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҮШІН КҮРЕСТІҢ АЛДЫҢҒЫ ШЕБІНДЕ

Қарағандылық  шахтерлардың көтерілісі төрт күнге созылды. Жер астынан шықпай қойған шахтерлар өздерінің мүдделерін қорғады.  Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өз құқықтарын қорғауда үнемі еңбекшілерді қолдаған. Осы жолы да коммунистер ереуілшілерге қолдау білдірді. Естеріңізге сала кетейік, миллиардер Лакшми Митталға тиесілі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның  сегіз шахтасы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Шахтерлар жалақыны 100 пайызға көтеруді,... 

Қарағандылық коммунистер Ұлы Қазан революциясының 100 жылдығын атап өтті

5 қараша күні мереке қарсаңында қарағандылық коммунистер В.И. Лениннің ескерткіші жанында мерекелік митингке жиналып, кейін облыстық комитеттің кеңсесінде Пленум өткізді. ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин бастаған бір топ коммунистер ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Кейін Александр Зевахин мерекелік митингті құттықтау сөздерімен ашты: - Құрметті жолдастар! Біз бүгін Ұлы Қазан социалистік революциясының... 

Қарағанды облыстық комитеті латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитеті Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына, соның ішінде мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуіне қатысты өз пікірін білдірді. Қарағанды облысы «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің коалициясы отырысының талқылауына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО... 

Қарағандылықтар бағаның шарықтауына қарсы

14 қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы  Қарағанды облыстық комитетінің бастамасымен «Баға шарықтап барады. Әрі қарай қалай өмір сүреміз?» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Күн тәртібіндегі өзекті мәселені талқылауға саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. ҚКХП Қарағанды ОК-нің бірінші хатшысы Александр Зевахин өз баяндамасында халық коммунистерінің көтеріп отырған... 

Үштөбе ауылы тұрғындарының мәселесі оң шешімін тапты

Осы жылдың жазында Үштөбе ауылының тұрғындары ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауына өтініш хат жолдады. Ауыл тұрғындары ауыз сумен қамту және су құбыры жүйесінің жеке меншікке өтуіне алаңдаушылық танытқан болатын. Су құбырлары жүйесі жеке меншікке өтсе, суық судың тарифі 1 кубометр үшін 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Үштөбеліктер жол мен қоқыс мәселесін де көтерді. Ауылдың аумақтық бөлініс бойынша Бұхар жырау ауданына қарауы... 
Яндекс.Метрика