Home » Партия тынысы, Сараптама » Екінші Чернобыль

Екінші Чернобыль

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әртүрлі әлеуметтік желілерде Ресейде Чернобыль АЭС апатымен бара бар экологиялық апат орын алғандығы туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігіне сілтеме жасалынған ақпарат пайда болды.

photo_2017-12-07_10-36-01

Сонымен қатар «Росгидромедцентрдің» Оңтүстік Уралда ядролық отынды өңдейтін кәсіпорын «Маяк» КБ-дан 100 шақырымдық аймақта рутений радиоактивті затының жоғары концентрациясын анықтағаны туралы ақпарат таралып жатыр.

Зертханалық сынаманың ластануы «төтенше жоғары» деп бағаланған. Әртүрлі ақпараттарда Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі де рутений радиоактивті затының әсеріне шалдыққан делінген. Әртүрлі ақпарат көздерінен үзінді келтіріп отырмыз:

  1. Рутений-106-ның өлімге шалдықтыратын мөлшерін алған (зардабы жарты жылдан соң шыға бастайды) Челябинск пен облыстағы шамамен 1,5-2 миллион адам жаппай өлімге ұшырап отыр.
  2. 15-20 миллион тұрғын (Свердловск облысының, Башкирияның, Татарстанның, Ростов-на Донудың және т.б.) радиоактивті рутенидің қауіпті мөлшерін алған.
  3. Ресейдің Уралдан басталған қалған еуропалық бөлігі, Мәскеу, Украинаны қосқанда, Батыс Сібір бөлігі, Солтүстік Қазақстан 150 млн. астам адам изотоп радиоактивті затының қауіпті мөлшерін алған».

Осыған орай біздің азаматтарды толғандырып отырған жағдайдың мән-жайын анықтау қажет деп санаймыз. 2017 жылдың қыркүйек, қазан, және қараша айларында Қазақстан аумағына рутений-106-ның таралу ықтималдылығына мониторинг қалай жүргізілетіндігі туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз. Осы айларда Қазақстан аумағында рутений-106 радиоактивті затының концентрациялық деңгейі бойынша ресми жауап беруіңізді сұраймыз.

А. Қоңыров

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика