Home » Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » ҚКХП саламатты өмір салтын қолдайды. Шымкентте «Сатушы, Заңды сақта!» акциясы өтті

ҚКХП саламатты өмір салтын қолдайды. Шымкентте «Сатушы, Заңды сақта!» акциясы өтті

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің жұмыс жоспарына сай Шымкент қаласындағы сауда орындарында «Сатушы, Заңды сақта!» акциясы өтті. Акция жастар мен жас өсіпірімдер арасында темекі шегу мен ішімдіктің алдын алу, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңының толық орындалуын талап ету мақсатында ұйымдастырылды.

Ресми медицинаның мәліметі бойынша жас өспірімдер ағзасы, әсіресе бас миы ішімдік заттарды ауыр көтереді. Ішімдік заттарды ұзақ мерзім пайдалану жас адамдардың ми жұмысы үшін өте қауіпті. Бұл есте сақтау мен ақыл қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Темекі құрамында никотин бар, ол тәуелділікті тудыртады, ал темекінің құрамындағы смола өкпе жасушаларын өлтіреді.

ҚКХП саламатты өмір салтын кеңінен насихаттайды, әсіресе еліміздің өскелең ұрпағы арасында.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика