Home » Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » ҚКХП САЯСАТЫ – ХАЛЫҚ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ

ҚКХП САЯСАТЫ – ХАЛЫҚ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ

«Халық коммунистері» фракциясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде бес жыл жұмыс жасап келеді. Санның аздығына қарамастан коммунистер сауатты әрі нақты қызмет жасап, «халық қалаулылары» деген аттарын адал ақтап келеді. Фракция жетекшісі Владислав Косарев коммунист депутаттардың осы жылғы жұмыс нәтижелері туралы айтып берді.Владислав Косарев

  • Владислав Борисұлы, 2017 жылы фракция коммунистері 100-ден астам депутаттық сауал дайындап жолдаған. VI шақырылымдағы фракция депутаттарының жұмысын қалай бағалайсыз?
  • Менің ойымша, біздің фракция жақсы жұмыс істейді, біз елде болып жатқан әрбір оқиғаға уақытылы жауап береміз. Өткен жылы «Халық коммунистері» фракциясының әрбір мүшесіне орташа есеппен 14 депутаттық сауалдан келді. Бізде тиімді іс-әрекеттің коэффициент деңгейі өз орнында тұр.
  • Депутаттық сауалдардың ішінде қазақстандықтар үшін маңыздылығы жоғарысы болды ма?
  • Мен сұрақты бұлай қоймас едім. Олардың барлығы маңызды. Мысалы, коммунистердің зейнетақы қорының жұмысы туралы, борышкерлердің мәселелері, үш тілді енгізу сияқты сауалдарының барлығы әрбір азаматтың мүддесін қамтиды. Бірақ бұл кітапханашылардың жалақысы мен мектеп автобустары туралы мәселелердің маңызды емес екендігін білдірмейді. Адамдардың әрбір санаты үшін «ауқымды» мәселе бар. Ал халық қалаулылары барлық аспектілерді тиянақты саралап, салалық министрлерге немесе елдің Премьер-министріне депутаттық сауал жолдайды.
  • Сауалдардың жауаптарына коммунистердің көңілдері толды ма?
  • Әрқалай. Кей кезде нақты жауап келеді, енді бір жауаптар негізгі мәселеден ауытқып кетеді. Дегенмен сауалдар Үкіметке мәселелер туралы ұмытуға жол бермейді. Белгілі бір сауалға тиісті жауап берілмесе, оны қайта жолдаймыз. Мәселені талқылаудан алып тастасаң, ол «асқынып» кетеді, ол кезде оңтайлы шешім табу мүмкін емес болады.

– «Халық коммунистері» фракциясы белгілі бір тақырыпты көтереді, бірақ ол елеусіз қалды делік. Ал белгілі бір уақыттан соң өзгелер бұл тақырыпты көтергеннен кейін ол кең талқылауға түсіп, шешілу жолы табылады. Осындай жағдайлар болып тұрады ма?

  • Бұл біздің уақыт ағымымен жүретіндігімізді және халықпен етене байланысымызды тағы бір мәрте дәлелдей түседі. Біздің депутаттардың сараптау бағасы жақсы дамыған. Біз елдің мұң-мұқтажы туралы халықтың өзінен білеміз: жұмыс сапарлары, жеке қабылдаулар мен кездесулер арқылы. Сонымен қатар обкомдардың қоғамдық қабылдауларына қарапайым адамдар келеді. Олардың мәселелері фракция жұмысына негіз болады.
  • Коммунистер үшін әлеуметтік мәселелер басымдыққа ие болып қала береді ме?
  • Әрине. Медицина, білім беру, зейнеткерлікті қамту, бағалардың өсімі, жанар-жағармай дағдарысы т.т. Бірақ бұл фракция тек қана әлеуметтік мәселелерді қамтиды деген сөз емес. Жер қойнауын пайдалану туралы заң, жер реформасы, экономикалық өсімді қамту шаралары, мемқұрылымдардың жұмысын жетілдіру туралы сауалдар және қоғам мен мемлекет үшін маңызды өзге де тақырыптар. Өмір сүру деңгейі ел экономикасына тікелей байланысты, біз, депутаттар бұл туралы ешқашан ұмытпаймыз.
  • Фракция бірнеше рет кеңейтілген отырыстар ұйымдастыру бастамасын көтерді. Бұл тәжірибе қаншалықты сәтті болды?
  • Иә, «Халық коммунистері» мұндай іс-шараларды өткізді. Біз қазан айында жеке шаруашылықтарды кооперациялаудың артықшылықтарын талқылау үшін фермерлер мен ауыл шаруашылығы шенеуніктерін жинадық. Өткен жылдың соңғы отырысында мүгедек балалар мәселесін қозғадық. Бұл мәселе көп жағдайда назардан тыс қалып отыратындығы баршамызға аян. Жоспарда «Жұмыспен қамту – қоғам әл-ауқатының факторы» тақырыбында тағы да бір кеңейтілген отырыс өткізу бар. Либералды нарықтық экономика жағдайында бұл тақырыптың өзектілігі артып отыр.
  • Депутат әріптестеріңізге не тілер едіңіз?
  • Өздерінің қызметтерін сапалы орындауды тілер едім. Мәселеге жедел әрі шапшаң жауап қайтара білуді, белсенділікті. Жаңа білімге және жаңа тәжірибеге деген ұмтылысты. Халық бізге құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын заңнамалық базаны құруды және жетілдіруді тапсырды. Депутат-коммунистер әрдайым және барлық жерде халық мүддесін қорғаулары тиіс, бұл ҚКХП-ның басты саясаты.

Әңгімелескен

Ольга КАРТАШЁВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика