Home » Батыс Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » Коммунистер этникаралық келісім мен халықтар достығын қолдайды

Коммунистер этникаралық келісім мен халықтар достығын қолдайды

2017 жылдың 8 желтоқсанында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-де Батыс Қазақстан облысындағы ұлтаралық қарым қатынас саласындағы жағдай талқыланды. Сараптамалық талқылауға танымал ғалымдар мен этномәдени орталықтардың жетекшілері, журналистер, қоғам қайраткерлері, ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің өкілдері Сүйінғали Жарлығасымов пен Ниязбек Есенәлиев шақырылды.

дружба-1

Кездесу «Батыс Қазақстан облысындағы этникаралық жағдайдың мониторингі» әлеуметтік зерттеу жобасы аясында өткізілді. Ұлтаралық қарым қатынас жағдайына сипаттама берген ҚКХП БҚОБ бірінші хатшысы С.Жарлығасымов  көпұлтты қазақстандық қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтаудың тиімді механизмдерін және ұлттық мемлекеттік саясатты іске асыруда толеранттылық пен тең құқықтық ұстанымдарын жүзеге асыруға ықпал ететін қолданыстағы заңнамалардың құқықтық негіздерін атап өтті.

Облыстық бөлімше жетекшісінің айтуынша, аймақтағы этникаралық келісімді сақтауда қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар маңызды рөль атқарады. Олардың қызметі барлық қазақстандықтарды республикада әділ және дамыған қоғам құру жолында ортақ мақсат пен мүддеге біріккен біртұтас және тату халықтар отбасына біріктіру болып табылады.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика