Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » КОММУНИСТЕР КОММУНАЛДЫ ТАРИФТЕРДІҢ ӨСУІНЕ ҚАРСЫ

КОММУНИСТЕР КОММУНАЛДЫ ТАРИФТЕРДІҢ ӨСУІНЕ ҚАРСЫ

4 қаңтар күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінде Алматы қаласының тұрғындары мен партия активі ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Галина Баймаханова және Магеррам Магеррамовпен кездесті.КОММУНИСТЕР КОММУНАЛДЫ ТАРИФТЕРДІҢ ӨСУІНЕ ҚАРСЫ

Халық қалаулылары заң жүйесіндегі жаңалықтар мен мәжіліс қызметі және «Халық коммунистері» фракциясының жұмысы туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар ПИК қызметінен бастап зейнеткерлікке шығу жасын төмендету мәселелеріне дейін көтерді. Депутаттар заңнамалық бастамаларға қатысты сұрақтар қоюды сұрады. Белгілі болғандай, 2018 жылы шығатын «Тұрғын үй  қатынастары туралы» жаңа заң нормаларында көптеген келіспеушіліктер орын алған. Әсіресе, үйлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін міндетті жинақтау қорын құруға қатысты. Бұл норма 2011 жылы пайда болған, алайда сол кезден бері ешқандай есеп шоттар ашылмаған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарына қаражат шамамен ПИК-дің 3 пайызында ғана жиналады және ағымдағы қажеттіліктерге жұмсалынады. Сондықтан мемлекет жөндеу жұмыстарына қаражат жинақтауды барлық азаматтарға міндеттеуді шешті.

«Коммунист Казахстана» журналы тілшісінің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  міндетті жинақтау қорын құру қажет пе деген сұрағына депутат Галина Баймаханова жауап берді:

  • Жинақтау қоры қажет, бірақ ол қалай құрылады, бұл – басқа сұрақ. Механизмдерді қарастыру қажет. Қазіргі кезде ТШК саласында мемлекеттік бюджет есебінен ештеңе жасалынбайды, себебі тұрғын үй жеке меншік болып табылады. Мемлекет жеке меншік тұрғын үйге қамқорлық көрсетіп, жөндеу жұмыстарымен айналыспайды. Сондықтан осындай қорлар құрылады. Бірақ  біз жаңа заңды әлі көрген жоқпыз, сондықтан пікірталасты заңмен толық танысқаннан кейін жүргізуге болады.

Депутат Магеррам Магеррамов әріптесінің сөзін толықтыра кетті:

  • Біздің фракция «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заңға өзінің ұсыныстарын жолдады. Үкімет құрастырған заң жобасының соңғы нұсқасы Парламентке келгенде, құжатта біздің ережелер мен түзетулер  қаншалықты ескерілгендігін сол кезде көреміз.  Кейін біздің фракция соған қатысты өзінің нақты ұстанымдарын білдіреді, әсіресе пәтер иелері құқықтарын қорғау бойынша. Біз ПИК жұмысымен толыққанды таныстық, аймақтардағы жағдайдан да хабардармыз.

Кездесу барысында өз пікірін ҚКХП АҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов та ортаға салды:

  • Үйге жөндеу жұмыстарын міндетті түрде жүргізу қажет. Бірақ біздің қаражатымызға қаншама қорлар құрылды (ММСҚ, зейнетақы қоры), олардың бірі ақшамызды жымқырды, ал екіншісі зейнетақы қорындағы қаражаттарды тиімсіз пайдалану мәселесін қарастырып жатыр.  Тағы бір жағдай: егер үй ескі болса, қаражат жинау қажет, ал жаңа үйге жөндеу жұмыстарының не қажеті бар, тұрғындар не үшін ақша төлеі тиіс?

Сонымен қатар ұсынылып жатқан заң ережелеріне сай  ПИК төрағасын мәслихат тағайындайды. Парадокс! Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет жеке меншік ісіне араласпауы тиіс. Сондықтан мемлекет мәслихат арқылы жөндеу жұмыстарына жиналған жеке меншік қаражатқа басшылық ете алады ма?

  • Адамдар бір шешімге келіп, төрағаны сайлай алмайды, себебі мұндайда адамдар енжарлық танытады, – деді М.Магеррамов. – ПИК төрағасын сайлау күрделі және даулы мәселе, осыған орай қаншама арыз түседі сотқа. Бұл тұста мемлекет кадрлық мәселені реттеуге ғана ынталы.

Кездесуге қатысушылардың басым бөлігі Қазақстанда халыққа көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіз екендігін айтты. Қалалық комитеттің белсендісі Гүлдана Нұрпейісова жастарды баспанамен қамту мәселесін көтеріп, бұл мәселені ретке келтірмей, отбасын құру және республиканың демографиялық өсімін көтеру мүмкін еместігін айтты. Сонымен қатар Гүлдана Хасенқызының айтуынша, заң жүзінде тиісті 10 соток жердің берілмеуі де үлкен мәселеге айналып отыр. Сондай-ақ ол Алматы қ. №12 аудандық емханада гепатитке талдау неліктен ақылы түрде жасалынатынын  анықтауды сұрады (талдау құны 6 мың теңге). «Томография өте қымбат. Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына томографияны тегін жасауға болмас па еді? Біз соншалықты кедей мемлекетпіз бе? Екінші сұрақ – кеншілердің зейнеткерлікке шығу жасы, олар 63 жасқа дейін жұмыс істей алмайды. Кеншілер мен балериналар үшін зейнетке шығу жасын төмендету мүмкіндігі бар ма?» – деп жалғастырды Г.Нұрпейісова.

Бұл мәселені Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, атақты балерина Людмила Бапова да қолдады.

ҚКХП мүшесі, ұстаз Гүлнар Абдрахматова ЖОО-да гранттардың аздығын тілге тиек етті: «Мен ЖОО-да оқытушы болып қызмет атқарамын, оқудың төлемін жасай алмағандығы үшін қаншама дарынды балалар оқудан шығып жатыр!»

Бұл сұраққа депутат Г.Баймаханова жауап берді:

  • Барлығы ЖОО-дың дербестігіне байланысты болайын деп тұр. Болашақта әрбір ЖОО-ның барлық ережелері орталықтан емес, ЖОО қамқорлық кеңесі туралы жарғысына негізделетін болады. Әлемнің үздік ЖОО бұл – жеке меншік оқу орындары. Қазақстанда да ЖОО-ды жеке меншікке беру үдерісі жүріп жатыр. Ақылы білім үлесі артып келеді, мемлекеттік гранттар үлесі азаюда. Қазіргі таңда ЖОО айтарлықтай ештеңе үйретпейді, жеке дара білім алуға көп назар аударылуда. Ал жұмысшы мамандықтар қажет.

Өз кезегінде мүгедек Алтайбек Даутов мынадай сұрақ қойды: «Кеңес Одағы кезінде мүгедектерге төленген жеңілдіктер мен зейнетақы қайта қалпына келтіріледі ме?».

  • Компартия әлеуметтік теңдік үшін күреседі! Бірақ оған әртүрлі заңнамалық әдістер мен бастамалар арқылы қол жеткізуге болады, – деп түсіндірді депутат. – Бұл өте күрделі мәселе. Кеңес Одағы жоқ, біздің мемлекет зейнеткерлік заңнамаға сүйенеді, бұрынғы әлеуметтік стандарттарға оралу мүмкін емес. Біз, коммунистер, минималды жалақы көлемін арттыру және өзге де әлеуметтік кепілдіктер үшін күресеміз! Бірақ халықтың тең жартысы жұмыс істемеген жағдайда, әлеуметтік төлемдерді көбейту үшін қаражатты қайдан алуға болады? Бізде жұмысқа қабілетті 9 миллион халық бар, ал зейнетақы қорына үнемі 3,7 миллион адам ғана төлем жасайды. Қалғандары өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар мен жұмыссыздар.

Зейнеткер Раиса Игнатченко өзінің тұрмыстық жағдайымен бөлісті: Алматы қаласы Медеу ауданындағы Кутузов көшесі мен «Казачка» өзенінің нашар санитарлық жағдайы. Бұл сұрақты зейнеткер Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ә.Шапеновке жолдады, ол өз кезегінде мәселенің мән-жайын анықтауға уәде берді.

Отырыста қарастырылған тағы да бір мәселе коммуналды тарифтердің өсуі болды. 2018 жылдан бастап Қазақстанның 12 аймағында коммуналды қызмет бағасы өседі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі хабарлады. Бұл мәселе төңірегінде ардагер коммунист, көп жылдар бойы инженер қызметін атқарған Александр Яковлев өз ойын айтты:

  • Мен ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап энергетика саласында, коммуналды шаруашылықта жұмыс істедім. Электр станцияларына үнемдеу тиімді емес екендігін сеніммен айта аламын, себебі шығын көбейген сайын халық үшін тариф те өседі.

Пікірталас қорытындысын Галина Баймаханова жасады:

  • Тарифтерге қатысты шағымдар өте көп. Тарифтерді заңнамалық реттеу бар, жергілікті ерекшеліктер де бар. Тарифтер монополияға қарсы комитет арқылы бекітіледі, әрбір аймақта өзінің тарифы бар, бұл мәселеде мәслихатпен, әкімдіктермен белсенді жұмыс жасау керек. Коммунистер коммуналды тарифтердің өсуіне қарсы! Олар экономикаға негізделіп өзгертілуі тиіс. Жалпы айтқанда біз халықты әлеуметтік қолдау мен барлық әлеуметтік стандарттарды қайта қарастыру үшін күресеміз.

Кездесу соңында Г. Баймаханова мен Ә.Шапенов партияның жаңа мүшесі З.Кензинаға партиялық билет табыстады.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика