Home » Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мәселесі талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мәселесі талқыланды

2017 жылдың 13 желтоқсанында ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінде «Қазақстандық бірегейлік: қалыптастыру қиындықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға  мәдениет, халықты жұмыспен қамту және үлестіру, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының және үкіметтік емес ұйымдардың, ОҚО Кәсіподақ орталығының, Шымкент қ. Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері, обком активі қатысты.

Талқылау нәтижесі бойынша қорытынды құжат қабылданды:

«Ұлттық бірегейлік – адам бірегейлігінің құрамдас бөлігі, оның белгілі бір этносқа немесе ұлтқа қатыстылығын сезінуі. Бірегейлік көзқарастар мен сенімдердің қарқынды жүйесі болып табылады.

Бірыңғай кеңестік азаматтылық институтының құлдырауы, Қазақстанның жеке дара саяси өмір сүруінің жаңа болмысы азаматтарға басқа талаптарды ала келді. Бірегейлікті ауыстыру, нарық пен демократияға көшу, ұлттық мемлекетті құру  оңай болмай шықты.

Мемлекет адам санасын ұлттық мемлекеттің азаматы санасына трансформациялаумен мақсатты түрде айналысып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда саяси ұлтты қалыптасу үрдісі жүріп жатыр. Бұл жағдайдағы қауымдастық формасын «қазақстандық ұлт» деп атауға болады. Барлық этностарды біріктіретін жаңа жалпы ұлттық, жалпы азаматтық идеяларды жасау үдерісі жүріп жатыр. Олар қазақстандықтардың өмірлік және құндылықтар бағдарындағы белгісіздікті жоюға, біртұтас қоғамдық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жалпы азаматтық идеяларға патриоттық идеялар кіреді: Отанға деген махаббат сезімі, мемлекетке деген жанашырлық, сонымен қатар мемлекет мүддесін қорғау.

Бірақ қазақстандық бірегейліктің өзіндік қиындығы бар. Ол бірнеше деңгейден және бірнеше жергілікті қазақстандық бірегейліктен тұрады. Әртүрлі дәрежелік ұстанымдар ұлт ішіндегі әлеуметтік теңсіздікпен, орналасу түрімен, қазақ тілін меңгеру деңгейімен, діни сеніммен анықталады.

Сонымен қатар қазіргі жаһандану және трансформация үдерістері бірегейліктің ұлттық формаларын бұзады.  Адам мен ұлттың бұрынғы дәстүр аясында қалыптасқан өзіндік бірегейліктің субъективті сезіміне күмән келтіреді.

Ақпараттық қоғам дағдылы бағыттарды ғана емес, бірегейлікті қолдайтын әлеуметтік және мәдени механизмдерді де өзгертеді.

Нәтижесінде халық бірегейлігінің құлдырауы оның «тұлғалық» бастауының сарқылыуына әкеліп соқтырады. Осылайша ұлттық бірегейлік жалпы ұлттың және оның әрбір өкілінің лайықты өмір сүруіне қажетті жағдай болып табылады.  Ұлттық бірегейлікті орнықтырудың пәрменді  әдісі ұлттық сананы, жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын белгілеуді айқындау болып отыр.

Өкінішке орай соңғы жылдары біз тұтынушылыққа табыну мен «нарықтық құндылықтардың» дәстүрлі әлеуметтік нормаларды ығыстыруына кәу болдық. Сондай-ақ, мәдени бірегейлендіру, «американизация» және «вестернизация» қаупі бар, яғни жалпыға ортақ мәдени универсалийге американдық және батыс еуропалық мәдениет құндылықтар жүйесін БАҚ арқылы бекіту.

Мемлекет басшысының ұлттық бірегейлікті нығайту мен көркейген ұлт құру үшін ауқымды және күрделі жұмыс жасау қажеттігін жариялауы да бекерден бекер емес.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Президент болашаққа қалай қадам басатынымыз туралы көзқарасын ортаға салды.

Рухани жаңғыру аясында қазақ әліпбиінің латын графикасына өту бастамасы маңызды шаралардың бірі болып отыр. Латын әліпбиіне көшу терең тарихи логикаға негізделген. Бұл – заманауи технологиялық орта, жаңа замандағы коммуникациялық ерекшеліктер, ХХІ ғасырдағы ғылыми үдерістердің ерекшелігі.

Латын әліпбиі көптеген елдердің, әсіресе түркітілдес елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, жазу, фонетика жағынан функционалды және бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруіне ыңғайлы. Латын әліпбиі фонетикалық транскрипция негіздері бойынша түрк тілдеріне келеді.

Латын графикасы араб жазбасына, кириллицаға және басқа да графикаларға қарағанда бейімді және қолжетімді болып саналады. Елімізде латын графикасына бейімделу үшін бірнеше жыл уақыт белгіленген. Бұл мерзім ішінде жастар ғана емес, егде жастағы адамдар да латын әліпбиін меңгереді.

Сонымен қатар Қазақстан әлемдік ақпараттық кеңістікке бірігеді. Барлық сандық ресурстар әлемдегі барлық латын әліпбиін қолданушылар үшін қолжетімді болады. Бұл қазақ тіліндегі кітаптарға да қатысты – олар қазақ тілін меңгерген, бірақ кириллицаны оқи алмайтын көптеген адамдарға қолжетімді болады.

Қазақ тілінің латын графикасына көшуі – жаңа жаһандық жағдайда қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларының бірі. Бұл – қазақ тілінің жаңа даму қарқынын алу үшін ашық және жаһандық әлемге жасалынып жатқан қадам.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдайды. Бұл болашақта қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетке бірігу үдерісіне оң ықпал етіп, ақпараттық шекараны ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік, ұлттық, азаматтық бірегейлік, оның тұтастығын бұзбай сақтап қалу және әрі қарай дамыту – негізгі мәселелердің бірі. Қоғамдық сананың жаңа моделін кезең-кезеңмен енгізу ел дамуының іргетасы болып табылатын тұрақты мәдени бағдар құруға үлкен мүмкіндік береді.

Жаңа қоғамдық сана моделін кезең кезеңмен енгізу тұрақты мәдени бағдар құруға мүмкіндік беріп, қуатты ұлт құруға негіз бола алады.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика