Home » Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » Сұлтанбек СҰЛТАНҒАЛИЕВ: 2017 жылы ҚКХП үлкен серпіліс жасады

Сұлтанбек СҰЛТАНҒАЛИЕВ: 2017 жылы ҚКХП үлкен серпіліс жасады

Жыл соңында атқарылған іске, қол жеткізілген межеге қорытынды жасау дәстүрі бар. 2017 жыл саяси тұрғыдан жалпы ел үшін және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы үшін қандай болды?  Осы және өзге де сұрақтарға «Коммунист Казахстана» журналының тілшісіне саясаткер, коммунист Сұлтанбек Сұлтанғалиев жауап берді.

Сұлтанбек СҰЛТАНҒАЛИЕВ

  • Сұлтанбек Хажимұлы, Қазақстанның 2017 жылғы саяси қорытындысын қалай бағалайсыз?
  • Саяси тұрғыдан 2017 жыл ауыспалы саяси кезеңнің заңнамалық негізін құрастыру жылы болды: конституциялық реформа жүргізілді, бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілді. Бірақ бұл жаңашылдықтардың саяси нәтижесін біз тек бес жылдан кейін көре аламыз, дегенмен Конституциядағы өзгерістер қоғамдық-саяси өмірді әрі қарай демократизациялауға жасалған қадам. Қазақстан өткен жылы халықаралық қарым қатынаста елеулі рөл атқарды. Ең біріншіден,  Қазақстанның  Таяу Шығыстағы шиеленісті бейбітшілік жолмен реттеуге қатысуы. Астана сириялық шиеленістегі қарама қайшы жақтар арасындағы келіссөздер алаңы ретінде нәтижелі және тиімділігі жағынан Женева келіссөздерін асып түсті деуге болады. Қырғызстанмен шиеленіс екі жақтың ниетімен өзінің логикалық соңына жетті. Жалпы 2017 саяси жыл Қазақстан үшін позитивті болды, бірақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты  бұлай айту қиын.
  • ҚКХП-ның 2017 жылғы саяси алаңдағы және әлеуметтік-экономикалық саладағы жұмыс қорытындысына қандай сипаттама берер едіңіз?
  • Өкінішке орай, парламенттік партияларда да шешім қабылдау үдерісіне ықпал етудің тиімді механизмдері жеткіліксіз. Дегенмен депутаттық фракция да, партияның аймақтық бөлімшелері де ел азаматтарының мүдделеріне сай өзекті мәселелерді жыл бойы көтерді және әлі де бұл жұмыстарын жалғастырмақ. Біздің партия және оның депутаттарының арқасында білім беру саласы мен проблемалық үлескерлер мәселесінде   ілгерілеу байқалады. Халық коммунистері саяси тыныштық кезінде бәсеңсімей, халықпен белсенді жұмыстарын жалғастырып отырды. ҚКХП осы жылы халықаралық саяси сахнада да үлкен серпін жасады, нақтырақ айтсақ, КПО-КОКП құрамына кіретін посткеңестік кеңістіктегі коммунистік партиялармен байланысты нығайтты. Бұл партияның халықаралық байланысына оң ықпалын тигізеді. Біздің партияға ең алдымен идеологиялық жаңғыру қажет деп ойлаймын. Партиялық механизм жұмысының барлық қалған аспектілері 12 жыл ішінде реттелген.
  • Жуырда Астанада өткен Съезде 2018 жылға арналған жұмыс жоспары жарияланды. Жоспарда Карл Маркстің 200 жылдық мерейтойын атап өту бар. Халықаралық солшыл күштер 2018 жылды ЮНЕСКО-ның Халықаралық Маркс жылы деп жариялауы үшін күресіп жүр. Ал қазақстандық қоғамда осындай тарихи даталарға қызығушылық бар ма?
  • Мерейтойлық іс-шаралар жеке дара мақсатқа айналмауы тиіс. Марксизм классиктерінің көп қырлы және бай мұрасы осы заманның ұстанымдары тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Марксизмді схоластикалық қабылдау рудименттерінен бас тарту және оның постулаттарын заманауи әлемде шығармашылық тұрғыдан қолдану бұл – қазіргі заманғы бүкіл ғаламшардағы коммунистік және социалистік қозғалыстың басты сұрағы.
  • Сіз Қазақстанда танымал және сұранысқа ие саясаткерлердің бірісіз. Қазіргі таңда БАҚ және қоғам тарапынан ҚКХП-ға деген қызығушылық артып келеді деуге болады ма? Сіз реті келгенде әртүрлі ақпараттық алаңдарды коммунистік идеяларды дәріптеуге пайдаланасыз ба?
  • БАҚ және қоғам тарапынан қызығушылық деген тұрақты нәрсе емес. Қызығушылықты жүйелі түрде тудырта білу қажет, үлкен қоғамдық резонанс тудыратын, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби страталар немесе жалпы бүкіл социумның өмір жағлдайына қатысты бастамалар арқылы. Бұл бағытта ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» депутаттық фракция және партияның Орталық Комитеті жұмысын үлгі аларлықтай деуге болады. Азаматтардың зейнетақы жинақтарының төмен табыстылығы, тұтынушы құқығын сақтау, әуе жолдарының қауіпсіздігі, үлескерлер мәселесі, халық шаруашылығының әртүрлі саласын дамыту, проблемалық борышкерлер мәселесі, отандық футболды дамыту, баға құру саясаты, мүгедектер мәселесі және басқа да тақырыптағы  әлеуметтік маңызы бар депутаттық сауалдар жүз мыңдаған қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады.

Қазіргі саяси жүйеде, яғни  билік партиясының барлық қоғамдық-саяси өмірдегі және ақпараттық үстемдігі жағдайында коммунистер кең аудиторияға партиялық БАҚ, «тәуелсіз» басылымдар мен әлеуметтік желілер арқылы ғана шыға алады. Редакциялық саясат басылым қожайынының қалауына байланысты, сондықтан коммунистерге халықпен байланыстың альтернативті жолдарын белсенді түрде меңгеру қажет. Сол себептен бізге партиялық сайт пен «Коммунист Казахстана» журналының дамуына жан жақты қолдау көрсету қажет. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі  жұмысты дамыту керек, партияның ақпараттық саясатын көпшілікке танымал және бұқаралық интернет-ресурстарында жүргізу қажет. Әрине, мен өз тарапымнан партияның танымалдылығын арттыру үшін бар үлесімді қосамын.  Әсіресе, Казнеттің ең саяси әдеуметтік желісі «Фейсбукта», бұл желіде маған алты мың аккаунт тіркелген.

  • ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жұмысын қорытындылай келе, қандай нәтижелер туралы айтуға болады? Аймақта партия жақтастарының саны артты ма? Жаңа жылда қандай мақсаттарға қол жеткізу қажет?
  • Мақсат айқын: халық арасында партияның танымалдылығы мен абыройын арттыру, ҚКХП қатарына жастарды тарту, отандастарға қолдау мен көмек көрсету, қарапайым халықтың мүддесін қорғау.

30 қарашада Батыс Қазақстан облыстық комитетінде өткен пленум партиялық ұйымның 2017 жылғы қызметін қанағаттанарлық деп бағалады.  Көп жұмыс атқарылды, әсіресе «Шапағат» жобасын іске асыру және қоғамдық қабылдаудың жұмысы барысында. Обком аймақтық және республикалық БАҚ-пен және әлеуметтік желілерде өнімді жұмыс жасады.  Біздің обкомның бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов облыстық Қоғамдық кеңес құрамына сайланды. Осы факт және БҚО Ішкі саясат басқармасының обком басшылығын алғыс хаттармен марапаттау партия бөлімшесінің аймақтың қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділігін әділетті түрде бағалау болып табылады. Ең бастысы соңғы үш жылда облыста партия мүшелерінің саны артты.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика