Home » Партия тынысы, Қарағанды облыстық комитеті » «Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы Қарағандының қарияларына қуаныш сыйлады

«Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы Қарағандының қарияларына қуаныш сыйлады

«Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы аясында 29 желтоқсан күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің белсенділері мен басшылығы Бұхар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдағы қарттар үйіне барып, қарияларды мерекелерімен құттықтап қайтты.

DSC_0015

Осы жылы қарағандылық коммунистер Бұхар жырау ауданында отбасылық үлгідегі қарттар үйін құрған Надежда Алексеевамен танысты. Осыдан он жыл бұрын Н.Алексеева бұрынғы балабақша ғимаратында жалғыз қалған қарттарды жинап, оларға отбасы мен мейірім сыйлады. Қарттарға  жайлы жағдай жасау үшін жылдар қажет болды. Бірақ мақсат орындалды.

- Біздің ата-әжелеріміз тағдырдың тауқыметімен жалғыз қалған қарттар ғана емес. Олардың арасында балалары тастап кеткендер де бар. Кейбіреулері туыстары тарапынан жәбір көрген. Оларды ұрып-соғып, аш ұстап, зейнетақыларын тартып алып отырған. Қарттар үйінде оларға ешқандай қауіп жоқ, жағдайлары жақсы,- дейді Надежда Григорьевна.

Сондықтан болар Надежда Григорьевнаның қамқорлығындағылар оған туған қызындай қарап, онымен жолыққандарына тағдырға риза.

Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин қарияларды жаңа жылдарымен құттықтап, оларға мықты денсаулық, шаттық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Қарттар коммунистердің сыйлықтарына дән риза болып, қуаныштарын жасырмады. Жастық жақтарының жарқын естеліктерімен бөлісіп, жиі келіп тұруды сұрады.

- Олар қонақ келсе балаша қуанады. Олар үшін ең бастысы – көңіл. Сондықтан сіздерге ерекше алғысымызды айтамыз. Құттықтауларыңыз бен сыйлықтарыңызға рахмет. Бізге тағы да келіңіздер! – деді Надежда Григорьевна.

ҚКХП Қарағанды ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика