Home » "Шапағат" Халықтық жобасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы Шымкентте

«Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы Шымкентте

лого шапагат

Қазіргі таңда «Шапағат» халықтық жобасы бүкіл республикаға танымал. «Шапағат» мектепке дайындайды», «Шапағат» шахтерлар отбасы үшін» акцияларының қатары «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясымен толықты.

Облыстық комитет активінің күшімен көпбалалы отбасынан шыққан 40 балаға жаңа жылдық сыйлықтар дайындалды. Сыйлықтардың жартысы Шымкент қаласының Техникалық лицейінде таратылды, ол жерде 5-7 сынып оқушыларына жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.

Бақберген Айтбаев басшылық ететін лицей ұжымы ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетімен ортақ іс-шаралар өткізуде ынтымақтасады.  Партиялық өмірге белсене қатысқандығы үшін Б.Айтбаев «Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығы» медалімен марапатталды. ҚКХП обкомының бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов балаларды жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика