Home » Партия тынысы, Шығыс Қазақстан облыстық комитеті » «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы Шығыс Қазақстанда

«Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы Шығыс Қазақстанда

2017 жылдың 28 желтоқсанында Шығыс Қазақстанның халық коммунистері «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» қайырымдылық акциясын Өскемен қ. №1 мектебінде өткізді. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 25 бала ҚКХП ШҚ ОК басшылығынан сыйлықтар алды.

20171228_101102

ҚКХП ШҚ ОК бірінші хатшысы Шыңғыс Байдаулетов өзінің құттықтау сөзінде:

- Ең басты тілегім – бір біріңмен дос болыңдар, айналадағы жақындарыңа, таныстарыңа, сыныптастарыңа көмектесуге үйреніңдер. Достық, көмек көрсете білу сияқты адами қасиеттердің өмірде маңызы зор. Бұл қасиеттер адамдарға сенім ұялатып, болашаққа үлкен үмітпен қарауға ықпал етеді. Қазақстан – биік белестерге ұмтылған жас мемлекет, сендер осы елдің азаматтары ретінде үлкендердің қамқорлығын сезіну керексіңдер. Мерекелерің құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақыт тілеймін!

Өз кезегінде мектеп жетекшісі Рая Исанова мен тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Халида Дюзбенова  халық коммунистеріне мектеп оқушыларына көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара соңында оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

ҚКХП ШҚОК Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика