Home » Атырауский обком » Лениннің есімі ұмытылмас

Лениннің есімі ұмытылмас

22- сәуір түкпір-түкпір әлемнің коммунистері Владимир Ильич Лениннің туған күнін атап өтуде. Ленин — көрнекті ресейлік ғалым, сөзші, пәлсапашыны еске алып, сол күні Атыраудағы Жильгородок алаңына шақырылған ардагерлер, қала тұрғындары студент жастар алаңға Ленин бабамызға арнап гүл қою рәсіміне жиналды. Осындай  үлкен шараны өткізіп отырған Қазақстан коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы  Кушенов Ж.Х мырза Лениннің Митенгін ашып Лениннің еңбек жолдарын және дүние жүзіндегі белгілі бір тұлға екенін пролитарияттың көсемі ретінде оның өмірбаянына тоқталып өтті. Бабамыздың туған күнімен құттықтап келген қала тұрғындары мен ардагерлер өз ой-тілектерін білдіріп, Кулагин Константин Яковлевич, (Фротовияка) Анна Александровна Захарова және Кенжеғалиев Дәулет сынды ардагерлеріміз сөз сөйледі. Белсенді коммунистер атсалып, баспасөз журналистері, теле арна қызметкерлері қатысты. Кеш соңы бабамыздың ескерткішіне гүл шоқтар қойылумен аяқталды.

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика