Home » № 10//22.03.2013 » ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ҰЛТТЫҚ АРНАЛАРДАН НЕГЕ АЛЫС?

ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ҰЛТТЫҚ АРНАЛАРДАН НЕГЕ АЛЫС?

Қай ел болмасын тəрбиесінің бастауына көгілдір экранын қоятыны анық. Ал біздің елдің сиқырлы сандықшасынан тəрбиеге бастау бола алатын, ұлттық құндылықтарымыздың жаршысы боларлық дүниелер қаншалықты көңілге қонымды?

Жалпы біздің экран көшірмеге айналып, өзге мемлекеттердің телехикаяларына құлдық ұрып кеткен жоқ па?

Еліміздің барлық телеарналарында көрсетілетін бағдарламалардың жартысынан астамы өзге елдің телебағдарламаларының қазақы нұсқасы. Онан қала берді айта – айта жауыр болған түрік жəне корей телетоптамалары. Осыған қарап біздің қазақ журналистерінің фантазиялары өзіміз көшіріп отырған бағдарлама авторларынан төмен дегенді көрсете ме? Жоқ. Бұл біздің журналист қауымдарының белгілі бір шеңберден шыға алмай, айтарлары іште тұншыққанының белгісі десек, көгілдір экранымызды жаулап алған түріктің «Денизі» мен корейдің «Қуан Ге Тосын» ауыздықтайтын отандық сериялардың болмағаны қалай дейсіз? Алайда күн сайын түсіріліп жатқан сандаған қазақ хикаяларының қəлі мен сапасы бізге тағыда анық.

«Айта айта Алтайды, Жамал апам қартайды». Иə, расымен де біздің отандық телеэкран жайлы сөз бүгін ғана қозғалып, талқыға түсіп отқан жоқ. Сапасы сын көтермейді деп талай жылдан бері жақанға жар сап келе жатқан жанашыр асылдарымыздың алды бүгінде өмірде жоқ. Бірақ айтыған сынға қарап, оны түзетіп жатқандар шамалы. Тіпті кішкентай тал шыбық балғындарымыз қарайтын «Балапан» телеарнасының өзінде балалар қарап тамашалайтын топтамалардың біршамасы өзге мемлекеттен тəржімаланған. Сонда еліміздің ертеңі, Қазақ деген алып бəйтеректің бұтақтары өзгенің мəдениеті мен өнерінен нəр алса, олардан ертеңгі таңда ұлттық болмыс жайлы сұрауымыздың өзі артық болар…

P.S.: Кешегі Шəкен аталарымыздың заманында бүгінгідей мүмкіндіктер болса біздің қазақ экраны ешқашан өзгенің өніміне кіріптар болып, ұлттық санамыз уланбаушы еді.

Қарлығаш Хашымқызы

Астана

Яндекс.Метрика