Home » Жамбылский обком, Партийная жизнь » Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне 96 жыл!

Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне 96 жыл!

Еліміздің әр өңірінде бұл күні – 7 қарашада халық коммунистері жер жерде Ұлы Қазан социалистік төңкерісінің күнін атап өтті десек қателеспейміз. Сірә, бұл тарихта өз орны бар біздің ғана емес бұрыңғы КСРО мемлекетіне мүше болған елдердің  қалыптасуына тікелей әсер еткен атаулы күнді Ұлы Лениннің есімімен байланысты екендігін қазіргі таңда екінің бірі біле бермейді. Бүгін Жамбыл облысының 30-ға жуық халық коммунистері және Көсем мен Кеңестік дәуірдің уақытын құрметтеген азаматтар В. И. Лениннің ескерткішінің маңында жиналды. Қай-қайсысына қарасаң да тамаша көңіл күйде, әркімнің қолында бұқараның қамын ойлап тарихты өзгерткен Көсемге тағзым ретінде гүл шоқтары бар. 7 қараша елдің есінде әлемге «адам құқықтарының декларациясын» үйреткен және күшпен болса, мыңдаған өмірдің бағасымен болса да адамдардың туылғаннан блері тең құүқықтарға ие екендігін мойындатқан күн ретінде қалуы тегіннен-тегін емес. Француздарда Төңкеріс күні – Бастилияны алу күні ұлттық мереке ретінде тойланса, АҚШ-та «Еркіндік мүсінін» ерекше бағалайды, көршілес Қырғыз елінде Ұлы Қазан социалистік төңкерісін әлі күнге дейін тойлап келеді екен. 1917 жылдың 7 қарашасындағы төңкеріс адамзат тарихындағы дәуір оқиғасы болды әрі оның тарихи мән-мағынасы тұтастай алғанда барлық буржуазиялық төңкерістерден асқанын 7 онжылдық бойынан социалистік мемлекеттің құрылуынан көруге болады. Сондықтан да бүгін жиналған халық коммунистері аталмыш ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиғаны еске алып, социалистік жарқын өмірдің бастамасын жасап, қарапайым халыққа теңдік пен жарқын өмір сыйлаған Ленин атамызға құрмет жасап, гүл шоқтарын қойды. ҚКХП Жамбыл ОК 1-хатшысы Жанна Мамашеваның айтуынша: «Бұл күн мен-коммунистпін деген азаматтың жүрегінде ерекше тебіреніспен өтеді. Өйткені бұл елеулі тарихи оқиғаның мән-мағынасы орасан зор. Біз өскелең ұрпаққа соны жеткізіп, түсіндіруіміз керекпіз. Қазір жастарға кеңестік дәуірді даттап, жамандап, теріс пікір қалыптастыратын пікірлерді айтады. Бұл дұрыс емес. Кеңестік дәуірде қазақтар орыстардың езгісінде болды деген түсініктерді де жастарға ұялату дұрыс емес. Соның бәрін дұрыс мағынада түсіндіру біздің тікелей міндетіміз деп есептеймін.»

Негізінде бұл күнді 1996 жылға дейін Ұлы Қазан “Социалистік төңкерісі” күні ретінде аталып өтілетін. Ал, бүгінде Ресей бұл күнді “Келісім мен татулық” күні деп атап өтеді. Біздің елімізде бұл күнді ресми аталып өтпейді.

Тарихи дерек: 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің  Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды.

К. Жасқазақова

ҚКХП Жамбыл ОК баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика