Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » ҰЛЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ 96 ЖЫЛ!

ҰЛЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ 96 ЖЫЛ!

Бүгін, яғни 7 қараша, Алматы қаласындағы «Сары-Арқа» кинотеатрының жанындағы гүлзарда ҚКХП Алматы қалалық комитеті Ұлы Қазан төңкерісінің 96 жылдық құрметіне гүл шоқтарын қойды.

Қазан төңкерісі – 1917 жылы 7 қарашада (25 қазанда) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Бұл төңкеріс патша әулетін тақтан кетіріп, елде Кеңес өкіметің орнауына бастама болған. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.

Кеңес үкіметі құлағанға дейін бұл мереке жыл сайын тойланып тұрған. Алайда Тәуелсіздік алған соң кеңестік кезеңде аталып өткен шаралардың көпшілігі өз күшін жойды. Қарашада сол тізімнің қатарында кетті. Дегенмен сол заманда өмір сүрген үлкендердің көпшілігі бұл мейрам туралы ұмыта қойған жоқ. Сол себепті халықтық коммунистер де тарихқа тағзым ретінде, В.И.Лениннің есткерткішінің алдына жиналып,  гүл шоқтарын қойды.

Елнұр Бейсенбай, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы:

1917 жылдың 7 қарашасы – маңызды тарихи күн. Ұлы Қазан төңкерісі бүкіл әлем бойынша социалистік, коммунистік қозғалыстың туындауына әсер етуімен мәңгі дүние жүзі тарихиында қалды. Қазіргі таңда Қытайда, Кубада, Венесуэллада және басқада көптеген мемлекеттерде коммунистік партиялар билеуші партия болып отыр. Сондықтан, біз, халықтық коммунистер бұл күнді ұмытуға құқымыз жоқ, сол себепті жыл сайын дәстүрлі түрде осы күнге құрмет ретінде мерекелік шаралар ұйымдастырып тұрамыз.    

 

 

Гүлнұр ӘЗІМХАН

ҚКХП Алматы қалалық комитеті

Яндекс.Метрика