Home » № 11//29.03.2013 » Ұлыстың ұлы күні – халықпен бірге!

Ұлыстың ұлы күні – халықпен бірге!

Мұсылман қауымы үшін ең асыл айлардың бірі Наурыз айының күн мен түн теңелетін 22-ші жұлдызы күні Қазақстанның бүкіл аумағы ұлы мереке Наурыз тойын атап өтті.

Осынау ұлы тойдың қызықты кезеңін халықпен бірге көріп, тілектес ағайындарымызбен көңіл көтеру мақстаныда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің мүшелері де орталық алаңға шықты. Тұрғылықты халқымыз қызыл киген коммунистер мен танысып, ал осы уақытқа дейін білісіп келгендері мерекемен құттықтап жатты. Бір байқағанымыз бұл күні қабақ түйіп жүрген бір адам кезіктірмедік .

Лайым елімізді бейбітшілік болып, халқымыз əрқашан осындай көңіл-күймен жүрсе игі. Тек өнерпаздарымыз ғана емес, сонымен қатар ақсақалдарымыз да сəнді шапандарын киіп, көздің сəніне айналып жүрді.

ҚКХП Қызылорда обкомының мүшелері ұлттық киім киінген қарияларымыз бен қызкеліншектермен бірге суретке түсіп, мерекеден кейін суреттерді алдын ала алынған мекен-жай бойынша таратты. Соның ішінде бөліп-жарып Төлеген атамызды айта кеткіміз келіп отыр. «Ата, біз коммунистік партияның мүшелеріміз», дегенді естігеннен атамыз көзіне жас алып, «Айналайындар өркендерің өссін, мақсаттарыңа жетіңдер» деп салды.

«Коммунист» деген сөзді естіп қариямыз «коммунистік кезең» ол үшін өте ыстық екендігін, осындай ұлы тойда халық қамын ойлаушы партия мүшелерімен танысқандығына қуанышын білдірді.

Мерекеден соң өзімізге жылы қабақ танытқан Төлеген атамыздың үйне қуана бардық. Наурыз мерекесінде түскен суретті алып к елгенімізді естіген деақсақал қатты қуанып кетті. «Алла денсаулық берсін, ұзақ ғұмыр берсін» деп батасын беріп, жүрегінде əлі коммунистік кезеңнің оты өшпеген қариямыз партия қатарының бір мүшесі болуға қуана келісті.

Біз өз кезегімізде жүрегі мейірімге толы Төлеген атамызға əлі де келетінімізді, салтанатты түрде партия төс белгісі мен билетін табыстайтынымызды айтып, немере шөберелерімен бірге естелікке суретке түстік. Өмірдің қуанышы мен қиындығын көрген, талай жазы мен қысын басынан өткерген қарияларымыздан бата алу біз үшін үлкен қуаныш, ал олардан алғыс алу тіпті мəртебе.

ҚКХП Қызылорда обкомының Баспасөз хатшысы

Жүнісова М

Яндекс.Метрика