Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы

Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше бір түрге бөленіп, жаңаратын кезі. Наурыз-ел-жұрттың қаһарлы қыстан аман-есен шығып, бір – бірімен құшақ жайып, емен – жарқын табысатын айы.

Наурыз – табиғат атаулының тіріліп, өмірге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы. Наурыз жаңа күн деген мағына білдіреді. Бұрын халқымыз Наурызға ерекше дайындықпен келген. Әрбір отбасы үйіне қос шырақ жаққан, ыдыстардың бәріне ақ құйған. Бұл адамзаттың Табиғат – анаға деген тағзымын көрсетеді деп сенген. Ауылда наурыз айы келгенде бұлақтардың көзін ашып, ағаштар отырғызады. Елдегі ағайындардың барлығы наурыз күні бір-бірімен көрісіп, құшақтасып, реніш-өкпелерін ұмытып, наурыз көже ішіп жатады. Түрлі жарыстар, бәйгелер ұйымдастырылады. Қазақтың қазақ екенін,тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке – наурыз болуға тиіс. Тұсаукесерден бастап, жар-жар,үйлену тойына дейін өз дәстүрімен, өз салтымен өткізілуі қажет. Наурыз – Қазақстан атты шаңырағымыздың ұлттық мерекелерінің нағыз қайнарына айналуы тиіс. Наурыз – бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.

Жер-дүниені жаңартып, көктемде ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Қазақ халқы ежелден қасиет тұтып, қастерлейтін ұғымдардың бірі – ата-ана. Дана халқымыздың «ауылыңда қарияң болса, жазылып қойған хатпен тең» дегеніндей, қазыналы қарттарымыз бен ақ жаулықты аналарымызды құрметтеуді, қажеттілік туындағанда қызметінде болуды, қай кезде де көзіміздің қарашығындай бағалай білуімізді бізге асыл дініміз Ислам мен халқымыздың озық салты бұйырады. Әз Наурыз. Ұлыс Наурыз, ұлыстың ұлы күні атанған ұлық Наурыз.

Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын! Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық. Мәселен, наурыз көже дайындалады, көңілінде кірбіңі барлар татуласады, адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады, бұлақ көзін ашады, алдын-ала үйін, ауласын кір-қоқыстан тазартады, Жер иесі -Қыдыр ата елді, үйді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген сенім-наным және бар. Осының бәрі адамдардың өзара сыйластығын, түсіністіктерін бекіте түсу үшін қажет. Демек, Наурыз мейрамы мемлекеттілікті сақтаудың басты шартын ғана көрсетіп қана қоймайды, мемлекеттілігін қалыптастырған халықтардың болашаққа ұмтылысын да бейнелейді. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар» дегендей Ұлыстың ұлы күнін Атыраулықтарда көтеріңкі көңіл-күй, шат-шадыман жағдайда атап өтті. Қазақстан Коммунистік Халық пратиясы Атырау облыстық комитеті Наурыз мерекесіне орай, Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Даулетқазиев 50 жыл ұстаз болған, көп балалы ана Ақкенже Татанова, екінші топ мүгедегі, зейнеткер, тоғыз баланың анасы, 30 жыл бойы медбике болған Өтепбергенова Светлана Қасымқызы, тыл ардагері Мұхамедьярова Рафила Шаяхметқызына Наурыз мейрамымен құттықтап, сый-сыйапат жасады. Махамбет ауданының бірінші хатшысы Болат Бекешов Исатай Тайманұлының шөбересі Избұлова Муслима 96 жастағы қария әжеге және ұлағатты ұстаз Сатқанбаева Бақыш мерекемен құттықтап барды. Құлсары қаласы Жылыой ауданының бірінші хатшысы Әсем Тәукенова он балалы ана, алтын алқа иесі Алтын Төлеубергенованы барып құттықтады. Қызылқоға ауданының бірінші хатшысы Мысырғали Берденов соғыс ардагері Мұхтаров Қалихан және Жәміш Жандосоваларды құттықтады. Индер ауданының бірінші хатшысы Сәулет Есетов соғыс ардагері Қайыржан Құспанов, зейнеткер Ақнай Мұхамбетқазиеваларға барды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті дәл осы мереке күні халық көп қыдыратын алаңда Наурыз көже, бауырсақ т.б дастарханға қойылып халыққа ұсынылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. – деді ізгі тілегін білдірді. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Ғұсманұлы. Ашық аспан астында сахна құрылып, жиналған қауымға концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақтың ұлттық дәстүрінен театрландырылған көрініс қойылды. «Исатай-Махамбет» алаңында Атырау облысының әкімі Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! «Наурыз – жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі, – деп қала тұрғындарын құттықтады. Саяси партиялардың өкілдерін арнайы шақырып, Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік деген ыстық лебіздерін білдірді. Наурыз мерекесінде облыс әкімі Қазақстанның Халық коммунистерін ерекше құрметпен қарсалды. Ұлыс оң, ақ мол болсын деп мерекелік дастарханға шақырды.

Гүлжан Инжелова

ҚКХП Атырау облыстық

комитетінің баспасөз хатшысы

Яндекс.Метрика