Home » № 8//01.03.2013 » МАҚСАТ – ОТЫЗДЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУ

МАҚСАТ – ОТЫЗДЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУ

Көршіміз Қытай əлем бойынша сыртқа өзінің дайын өнімдерін шығару жағынан көш басында келеді. Қытай тауарлары кім-кімге болса да таныс. Қай базарға барсаң да ал дыңнан шығады. Рас, сапасы жағынан біраз ақсап жатады, бірақ арзан. Ал халықтың басым көпшілігі арзан дүниені алатыны белгілі. Соның арқасында аспан астындағы алып ел 2 триллион АҚШ долларынан астам қор

жинап алды. Енді əлемдегі барлық активтерді сатып алып, басқа елдерге қарыз беріп, күннен-күнге əлденіп келеді. Экономикасы Жапонияны да қуып жетіп, АҚШ-қа таяп қалды. Осының бəрі тауар экспортының арқасы.

Əлемде мұнайсыз-ақ дамыған, экономикасы мықты, хал қының əл-ауқаты жақсы

елдер көп. Еуропа елдерінің дені солай болса, Жапония, АҚШ, Канада, Австралияның қайсысы мұнай немесе шикізат сатып байып отыр? Ешқайсы да. Сонда олардың табыстарының көзі неде? Индустриялық-инновациялық экономикада.

Елімізде үдемелі ин дус триялық-инновациялық даму бағ дарламасының қол ғаалынғанына 3 жылдай болыпты. Əрине, аз уақыт. Со ның өзінде еліміздің əр аймақ та рында 100-ден астам кəсіп орын іске қосылып үл герді. Олардың ішінде əрине, əлі толық қуатында жұмыс істей алмай тұрғандары да же терлік, бірақ негіз қаланып жатыр. Бүгін болмаса ертең олар өз рыноктарын тауып, тауар шығарып, экспорттай бастайды.

Өнімді шығару басқа да, оны керек жерін тауып өт кізу де оңай шаруа емес. Өйткені

əлемде барлық салада қатты бəсекелестік. Əйт е уір, ештен кеш жақсы дегендей, экономикамыз ши кізат тық бағытынан арылып, дайын өнімдер өн діретін ин дустриялықинновация лық бағытқа бет алып ке леді.

Кез келген ел өз кəсіп орындарының тауарларын экспортқа шығаруға мүд де лі. Мысалы, өткен жылы Түркия 130 миллиард АҚШ долларының тауарын сыртқа шығарған екен. Бұл əлемдік рейтингтегі 19-орын. Ол мұ нымен шектелмей, 2023 жылы экспорт көлемін 500 миллиард АҚШ долларына жет кізіп, əлемдегі ондықтың іші нен орын алуды мақсат етіп қойып отыр. Ал Қазақ станның жағдайы қалай? Қазақстан бұл рейтингте 47-орында екен. Өткен жылы біздің ел 88 миллиард АҚШ долларына экспортқа əртүрлі тауарлар мен өнім-

дер шығарыпты. Соның 22 миллиард АҚШ доллары – өңделген тауарлар. Бұл жаман көрсеткіш емес. Бірақ еліміздің экс порттық стратегиясы бойынша, Қазақстан отыздықтың құрамынан орын алуы керек. Өйткені əлемдік рынокта бəсекеге қабілетті болу үшін, тауарың бағасы жағынан да, сапасы жағынан да тұтынушының көңілінен шығуы

үшін өте көп тер төгуге тура келеді. Қа зақ стан үшін мұның тағы да бірнеше қиындығы

бар. Бірінші, жол-көлік шығындарының қымбаттығы. Бəріміз де білеміз, біздің елі міз

шикізаттық емес барлық экспорттың 80 пайызы өткі зілетін əлемдік рыноктан, біздің дəстүрлі өткізу рыногымыз Еуропа елдерінен шалғайда орналасқан. Əрі біздің ең арзан болып есеп телетін дүниежүзілік мұхит қа тікелей шығатын жолымыз жоқ. Темір жол, көлік жолдары ұзақ.

Бұған əртүрлі кедендік процедураларды қо сыңыз. Алыс қашықтық тауар дың бағасына əсер етеді. Сондықтан өнім өндіруші өз тауарымен сыртқы рынокқа шыққанда бəсе келестікке төтеп бере алмайды. Сондықтан да Үкімет тауар өндірушілерге жол-кө лік шығындарын өтеуге барынша көмектескені абзал. Егер Үкімет 2010 жылы осындай 43 кəсіпорынға көмек қолын созса, өткен жылы 80 ком панияға жəрдем беріпті. Өсім екі еседей.

Бұған қоса тағы бір проблема бар. Ол – вагон дардың жетіспеуі. Астықты көп мөл шерде экс портқа шығарайын десе, вагон жетпейді.

Үкімет мұны қолға алып, Екібас тұзда бидай таситын тірке мелер жасайтын зауыт ашты. Бірақ оның толық қуатына енуіне біраз уақыт бар.

Екінші бір қиындық – кəсіпорындардың, компа ниялар дың рынокты толық қан ды білмеуі. Шетелдік компаниялар өзде рінің экспорттық стратегияларын, марке тинг тік жоспарларын алдағы бір неше жылға бұрын жасап қояды. Зерттеулер жүр гі зеді əрі бұған мемлекет көмек теседі. Қазақстанда да мұндай мекемелер бар. Олар – «Казнекс инвест» экспорт пен инвестициялар жөніндегі ұлт тық агент тігі» АҚ пен «Қаз экспортгарант» АҚ. Олар əртүрлі ел дердегі рыноктарды зерттейді. Брифсарапта малар, шолулар жасап

отырады. Сауданы қаржыланды руды ұсынады. Бұл дегеніміз, экспортшылардың ке лісім-шарттар жасасу кезін дегі мəмі лелерін əртүрлі қа уіпқатерлерден сақтандыру деген сөз. Бұ ған Қазақстан бойынша 1,5 мың экспортшы жүгінген екен. Оларға 1,2 миллиард АҚШ дол ла рының мемлекеттік қолдауы көрсетілген.

Қазақстан Ресейге подщипниктер, құбырлар, металл прокаттарын шыға ра ды. Швейцария бізден алтын, күміс, алюминий алады. Германия сары фосфор, Түркия химиялық өнімдерге, темір бұйымдарына, құрыш қа тапсырыс береді.

Жалпы, əлем елдері арасында Қазақстанның инвес-тиция лық тартымдылығы жақсы деуге болады. Мысалы, шетелдік экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының зерттеулері бойынша, Қазақстан жақын көршіміз Ресейге қарағанда алда тұр. Ресей бұл рейтингте 16-шы орында болса, Қа зақ стан14-ші орынға жайға сыпты.

Бұған қоса, Дүние жү зілік банктің Doing Busi ness деп аталатын рейтингі бар. Бұл рейтинг бойынша Қазақстан əлем елдері ішін де 47-орында.

Ал инвесторларды қорғау индикаторы жөнінен 10-орынға шы ғып ты. Бірақ кейбір халықара лық сарапшылардың айтуы бойынша, Қазақстанның бұл рейтингте 3 жылдың ішінде ондыққа кіруіне барлық мүм кіндіктері бар. Қазақстандағы инвес ти циялық ахуалдың өте жақ сы-лығына еліміздің жыл сайын көп мөлшерде инвестиция тар тып отырғаны куə. Əлемде инвестиция тарту, инвесторлар үшін үлкен күрес жүріп жатыр, Бұл жағынан Қазақстанның жағдайы жаман емес. Бұған елімізде жыл сайын өткізіліп келе жатқан Астана эконо мика лық форумының тигізіп отыр ған əсері де аз емес. Мысалы, аталған форум аясында 2011 жылы 25 миллиард АҚШ долларының 120-дан астам инвестициялық жобалары ұсынылды. Оған жүзден астам түрлі сала лардағы компаниялар өз қызығушылықтарын білдірді.

Елімізде күн сайын қарқын алып келе жатқан үдемелі индустриялық-инновация лық бағдарламаға 2020 жылға дейін тағы да 80 миллиард АҚШ долларындай ақша керек болғандықтан, біз ге тағы да тікелей инвести циялар қажет. Ол үшін халықаралық корпорациялар дың көбірек шоғыр лан ған аймақтары Үндістан, Жа пония, Индонезия бағыт та рында жұмыс істеу, атал ған елдерде таныстыру форумдарын, белгілі бір салалар бойынша тақырыптық роуд-шоулар өткізу өз же мі сін береді.

Елімізде маркетингтік зерттеулермен айналысатын компаниялар аз. Сондықтан экспорттық стратегияны жасауға мемлекет тарапынан кө мек керек. Ол көмектің ішінде əртүрлі елдердің рыноктарын зерттеумен айналысатын халықаралық сарапшыларды, белгілі маркетологтарды шақыруға байланысты кететін шығындарды өтеу де болуы қажет.

Қазір Қазақстанның жағ дайы жақсы. Қор бар. Осы қаражатты экономиканы жаңғыртуға, индус триялық-инновациялық экономика құруға жұмсау – ертеңгі күн үшін алаң болмау

деген сөз.

Бек Əлиұлы Астана

Яндекс.Метрика