Home » № 11//29.03.2013 » Мерекеге айналған жиын

Мерекеге айналған жиын

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызында қала орталығында орналасқан «Айғаным» кешенінің жиналыс залында ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің кезекті ІІІ пленумы болып өтті.

Пленумға Облыстық комитет мүшелерімен қатар ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы Ахметбеков Ж.А, партия ардагерлері, аудандық комитеттердің хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдары, өңірлік басқарма қызметшілері, партия белсенділері жəне партия мүшелері қатысты.

Жиналыс төралығын ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің ІІ –хатшысы Ж.Опабекұлы жүргізді. Ең алғашқы болып сөз сұрап, «уақытыңыздың тығыздығына қарамастан келіп отырғаныңызға рахмет», деп Ахметбеков жолдасқа алғысын білдірген Егізбаев Жалғас болды. Əкесі Нағымедин Егізбаев ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің І-хатшылығын ең алғашқы болып атқарған. Қазіргі таңда ол кісіні бүкіл Сыр өңірі біледі, құрметтейді. Бірнеше кітап шығарған, солардың біршамасын Нəкеңнің баласы Жалғас Егізбаев естелік ретінде Ахметбеков жолдасқа табыстауды жөн көрді.

Əрі қарай пленум өз жалғасын тапты. ҚКХП Қазалы аудандық комитетінің жұмысы туралы аупарткомның І-хатшысы, аудандық мəслихат депутаты Өксікбаев Шамшадин осы күнге дейін жасалып келген жұмыстары жайында хабарлама жасап, халық оған арыз-шағымдармен көптеп келетіндігін, сол себептен қаржы мəселесін қарастыруды ұсынды. Оның ұсынысын Арал аудандық комитетінің І-хатшысы Балшамбаев Алмат құптады.

Арал өңірінде де партия тарапынан депутат болып отырған Жолдасбаев Мараттың халықпен өте көп жұмыс жасайтындығын жəне бұл істің нəтижелі болуы тікелей қаражатқа байланысты екендігін айтып өтті.

Аудандық хатшылардың ай туы бойынша егер халықпен жұмыс жасауға барлық жағдай қарастырылса, жұмыс алға басатыны сөзсіз.

Бұл ұсыныстарға Орталық комитет хатшысы Жамбыл Аужанұлы партиямыздағы қазіргі жағдайдың едəуір жақсарғандығы жайлы жəне алдағы уақытта одан жақсы болмаса, жаман болмайтындығын атап өтті.

Сонымен, жиналысымыздың басты мəселесіне де келіп тоқтадық. Сонау президенттік сайлаудан бастап, осы күнге дейін ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің І-хатшысы міндетін атқарып келген Досаев Жұмабек жасының ұлғаюына байланысты өзін осы міндетінен босатуды сұрап, артынан ізбасары ретінде Телеубаев Талғат Рахымұлын ұсынды. Бірауыздан Т. Телеубаев ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің І-хатшылығына сайланды. Жиналысқа қатысушылар тарапынан құттықтауларды қабылдап үлгірмей жатқан Т. Телеубаев жолдас болса өз ретінде халық қамының жақсаруы жəне партия жұмысының жақсаруы үшін еңбегін аямайтындығын айтып, көпшілік алдында өзіне көрсетілген сенім үшін ризашылығын білдіріп, сөз сөйледі. Ал, Досаев Ж бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды. Бұл күні Досаев жолдасқа жылы лебіздерін білдірушілер көп болды. Ахметбеков Ж.А. Орталық комитет жəне Орталық тексеру –бақылау комитетінің атынан Алғыс хат ұсынып, осы күнге дейін атқарып келген еңбегі үшін алғыс білдірді. Облыстық комитет мүшелері де өз тарапынан сыйлақтары мен гүл шоғын табыстап, ниеттілектерін айтты. Осылайша əлеуметтік мəселелерден басталған жиналыс жай ғана мерекелік жиынға алмасып кетті десек те болар. Барлық алға қойылған мəселелер қаралып, қатысушылар толық қанағаттандырылғаннан кейін, мерекелік көңілкүйдегі қатысушылардың барлығы түскі асқа шақырылды, əрі қарайғы жолдастық əңгіме дастархан басында жалғасты.

ҚКХП Қызылорда обкомының Баспасөз хатшысы

Майра Жүнісова

Яндекс.Метрика