Home » № 5//08.02.2013 » Министр назарына жолданған келесі сауал

Министр назарына жолданған келесі сауал

«Қазақстан — 2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы өңірлерде əлеуметтікэкономикалық шарттарды теңестірудің жаңа тиімді тетіктерін енгізу қажеттілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыс əкімдерімен бірлесіп осы жылдың өзінде шағын қалаларды дамыту бойынша бағдарламаны қабылдау тапсырылды. Осындай бағдарлама біздің шағын қалаларда нақты секторды, өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда, халықты жұмыспен қамтуды жоғарылатуда көмектесуі тиіс.

Осы мəселелер негізінде ҚХКП фракциясының мүшесі, мəжіліс депутаты Т.Өмірзақов мырза ҚР Премьер-Министрі С. Ахметовке 2013 жылдың 30 қаңтарында өзінің депутаттық сауалын жолдады. Сауалда егемендігімізді алып, тəуелсіз ел болған 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан халық саны 50 мың адамнан асып, шағын қалалар саны 58 жетсе, олардың ішінде 15 облыстық маңызы бар қалалар болып табылатын бүгінгі күнде шағын қалаларда ірі өнеркəсіптік кəсіпорындардың жоқтығы, шағын жəне орта бизнестің жеткілікті деңгейде дамымағандығын алға тартан. Сонымен қатар шағын қалалардағы көші-қон, құлдырау, инфрақұрылымдар, жұмыссыздық сияқты ауыртпалы əлеуметтік құбылыстардың əліге шешілмегендігі тағы да бар. Сонымен қатар өңірлерге іссапармен барған депутаттарымызды аудандық маңызды қалалардың өзі əкімшілік мəртебесіне сай еместігі де бей жай қалдырмаған. Осы орайда «Қазақстан Республикасының əкімшілік – аумақты құрылысы туралы» ҚР Заңы бойынша аудандық маңызды қалаларға халық саны 10 мың адамнан кем емес, оның ішінде жұмыскерлер жəне олардың отбасы мүшелері халықтың жалпы санының үштен екісін құрайтын аумағында өнеркəсіптік кəсіпорындар, коммуналды шаруашылық, мемлекеттік тұрғын үй қоры, дамыған оқу жəне мəдени-ағарту, емдеу жəне сауда объектілері торабы бар елді мекендер жатқызылады. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша аудандық маңызды қалалар мəртебесіне тек халық саны критериясы бой-ынша ғана 12 қала олардың қатарында Степняк, Державинск, Жем, Темір, Қарқаралы, Қазалы, Форт-Шевченко, Булаево, Мамлютка, Сергеевка, Шар, Серебрянск қалалары.

– Елді мекеннің өз əкімшілік мəртебесіне сəйкес келмеуі тұрғындардың əлеуметтікэкономикалық жағдайына сай емес саясатты жүргізуден туындаған өңірлердегі əлеуметтік теңгерімсіздікке алып деп сөзін жалғаған депутат мырзаның сауалнамасында – ауылды елді мекендерде жұмыс істеуге жəне тұруға келген денсаулық сақтау, білім, əлеуметтік қамту, мəдениет, спорт жəне ветеринария мамандарына демеуші жəрдемақы жəне тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй құрылысы үшін əлеуметтік қолдау көрсетіледі, 25% жоғарылатылған еңбекақы мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленеді. Шағын қалалар мамандары мұндай қолдаулармен пайдаланбайды, бұл кадрлар тапшылығына алып келеді, -деп түйіндейді.

Министр мырзаның назарына депутат төмендегідей ұсыныстарын ұсынды: -шағын қалалардың өз мəртебелеріне сəйкестігіне талдау жүргізуді, оның негізінде Қазақстан Республикасының Президентіне жеке елді мекендер мəртебесін өзгерту туралы ұсыныс енгізуді; – өз əкімшілік мəртебесіне сəйкес емес, аудандық маңызды қалаларға ауылды аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тарату мəселесін қарастыруды өтінемін. Халық қалаулылары тарапынан жолданған бұл сауалдар жауапсыз қалмасына анық.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Астана қаласы

Яндекс.Метрика