Home » № 19//24.05.2013 » Облыста екінші рет «Қазығұрт – Алтын қазық» белгісімен марапаттау рәсімі өткізілді

Облыста екінші рет «Қазығұрт – Алтын қазық» белгісімен марапаттау рәсімі өткізілді

«Қазығұрт» қоғамдық қорының төрағасы, ҚР Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек «Оңтүстік» ақпарат орталығында баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Маңызды басқосуда облыстың өркендеуіне ерен еңбегі сіңген, халқына адал қызмет атқарған, сондай-ақ ұлттың дамуына қомақты үлес қосқан белсенді азаматтар марапатқа ие болды. Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын киелі Қазығұрт тауының басында темірден жасалған 7 метр биіктігі бар «Қазығұрт – алтын қазық» белгісі орнатылған болатын. Мұнда қызығушылығын танытып жүрген келушілер де аз емес. Осындай игі істерді атқарып жүрген қоғамдық қор аталмыш белгімен елдің нағыз жанашырларын марапаттауды тағайындады. «Қазығұрт – алтын қазық» белгісімен екінші рет табысталып отырғандардың ішінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов, белгілі дәрігер медицина ғылымдарының докторы, профессор Иманәлі Байдәулетов, облыстық мәслихаттың депутаты Әбілқасым Досболов және грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров те болды.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Н.Қадырқұлов олимпиада ойындарының жеңімпазы Ж.Үшкемпіровтен Қазақстанның Еуродаққа өтуі жөнінде жеке пікірін сұрап, спорт шеберінен барлық сауалдарына толыққанды жауабын алды.

О.Цой, Шымкент

Яндекс.Метрика