Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Орынды мәселелер қозғалды

Орынды мәселелер қозғалды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерінің бағасының қымбаттауына және коммуналдық қызметтердің тарифтерінің өсуіне байланысты Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті дөңгелек үстел өткізді.

2013 жыл басталғалы бері Қазақстанның бірқатар аймақтарында бірнеше қызмет ақысы қымбаттады. Мамандар «қосымша қаржы саласын жақсарту керек» десе, қарапайым тұрғындар бұған күмән келтіреді.

Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты: Электроэнергияның, жылудың, су тарифтерінің өсуін тежеу, сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту.Осы жиын барысында біздер жылу, электроэнергиясының, судың бағасының көтерілуін тоқталғанын қалаймыз. Қазіргі таңдағы коммуналдық қызметтердің бағасы жоғары екенін хабарлап, сонымен қатар коммуналдық қызметтердің алдыңғы 2-3 жылдың ішінде көтерілмеуін сұраймыз. Біздер мемлекеттік органдарға бір тұрғынның коммуналдық шығындарына табысының 10 пайыздан жоғары болмауын талап етеміз деді – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Дәулетқазиев Ерболат Ғұсманұлы.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті «Зейнеткерлiкке шығу жасын өсiру жөнбе, әлде жөнсiздiкпе?» атты тақырыпта дөңгелек үстелін өткізген болатын. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын еркектердікімен теңестіру қажеттігін білдірді. Осы пікірге орай Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өзінің қарсы екендігін білдіру мақсатында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының хатшысы В.В.Косарев мырза ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевқа үндеу тастаған еді. Әлі күнге дейін осы мәселе талқыланып келеді. Жиында бұл тақырыпта талқылаусыз қалмады.

Елбасы тапсырмасына сәйкес экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін бағдарламалар орындалуда. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігінін арттыру арқылы ысыраптарды қысқартуға тиімді өлшемдер тетігін және ғылыми дәлелді қабылдауға қажет екендігі айтылған.

Есепке алу аспаптарын орнату-энергия үнемдеуді іске асыру бойынша аспектісі және негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Есепке алу аспаптарын тұтынушылар орнату арқылы суды, жылуды үнемдеп тұтынуда және энергетик ресурстарға ұқыпты қарауға ынталандырады.

Аталған қызметтерге тариф құру кезінде, оны есептеу және қолдану әдістері анықтап алып, біз энергетикалық ресурстарды пайдалануға қажетті ынтаны құрамыз.

Заңға сүйене отырып тұтынушылар энергетикалық ресурстарды ұқыпты пайдалануды үйреніп, өз жинағын үнемдей және бір мезгілде ел эконномикасында энергия сиымдылығын азайтуға мүскіндік береді.

Осы заңның нормасының бірі жылу энергиясына есепке алу аспабының бар немесе жоқтығына қарай саралаған тарифтерді енгізуге болып табылады.

Басты мақсат – есепке алу аспаптарын қондыру үшін тұтынушыларға экономиялық ынталандыруды жасау деді – Қазақстан Республикасын бойынша табиғи монополияны реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша директорының орынбасары Мизамғалиева Райхан Жалғасқызы. Жиынға саяси партияның өкілдері, партия мүшелері, ардагерлер, бұқаралық ақпарат қызметкерлері қатысты. Жиын соңында Атырау облысының әкімі Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлына дөңгелек үстел қатысушылардың қолдары қойылған ашық хат жолданды.

 

 

 

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің

баспасөз хатшысы

Гүлжан Инжелова

Яндекс.Метрика