Home » № 4//01.02.2013 » ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫНЫҢ САПАРЫ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫНЫҢ САПАРЫ

Атырауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, экономика ғылым дарының докторы, қаржыжəне бюджет комитетініңмүшесі Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлыіс-сапарымен келген болатын. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комиетінің мүшелерімен кездесті. Атырау облысында атқарылып жатырған жұмыстарымен танысты. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Даулетқазиев Ғұсманұлы аудандарға барып, ауыл халқы арасында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегия- сы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Партиямызға күннен күнге жас коммунистер мен комсомолдар қатары көбейіп келеді. Облыс басшылығымен тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз деді.

Тұрсынбек Қазенұлы Мəжіліс Парламентінде көптеген жұмыстың артқарылып жатқандығын, депутаттық сауал қойып, қоғамда қозғалған сұрақтарға жауаптар іздеп жатырғандығын айтты. ҚР Парламенті мəжілісінің отырысында Халық коммунистері фракциясының өкілдері студенттік құрылыс жасақтары саясатына өзгерістер енгізу қажеттігі мəселесін көтерді. Бұл туралы Тұрсынбек Өмірзақов өзінің депутаттық сауалында мəлімдеген болатын.

Елбасының «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңартылған стратегиялық бағыты біздің жастарымыздың алдына жаңа деңгейдегі міндеттер қойып отыр. Сондықтан, жастарды жұмыспен қамту саясатын жаңарту мен нақты еңбек өнімділігі шарттарын құру өзекті болып қала бермек», -деді.

Мектеп оқушыларына бірыңғай форма кигізуді заң арқылы міндеттеу керек. ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов осындай бастама көтеріп жүргендігінде жасырмады.

Кездесу барысында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комиетінің екінші хатшысы Жұмажан Үмбетжанов Зейнетақы қорларының біріктіруіне байланысты көкейтесті сұрағын қойды.Зейнетақы қорлары дағдарыстан шыға алмай жатыр. ҚР Парламенті Мəжілісінің депуттары ҚР Ұлттық банк төрағасынан өзекті мəселенің шешу жолдарын қарастыруды талап ететіндігінде айтты. Депутатпен арнайы кездесуге келген партия ардагері, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Абдырахимов мүгедектер туралы заң қалай қабылданып жатырдеді.

Мүгедектердің жағдайын өзгерту үшін бұл жайында біршама айтылған. Соның ішінде жетім қалған балаларға қалай көмек бере аламыз, оларға баспананы қалай берсек болады деген сұрақтар біздіде мазалайды. Бұндай жағдайлар бар шешімін табу біздің мақсатымыз,- деді депутат.

Дайындаған:

Гүлжан Инжелова

Яндекс.Метрика