Home » Атырауский обком » Партия бағдарламасын іске асыру-басты мақсат

Партия бағдарламасын іске асыру-басты мақсат

Үстіміздегі жылдың 21 сәуір күні Қазақстан коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық комитетінің VII – пленумы өтті. Пленумда Қазақстанның коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің XII – пленумында қабылданған «Парламенттік партияның стратегиясы туралы» қаулысын орындаудағы Атырау облыстық комитетінің міндеттері туралы бірінші хатшысы Ж.Х. Кушеновтың баяндамасы тыңдалды.

Атырау облыстық комитетімен партия құрылғанынан бері бұқара арасында белгілі қызметтер артылуда. Партия құрылған күнінен жеті жылдан астам уақыт ішінде партия мүшелігіне адамдар өз жүректерінің қалауымен, үлкен түсінікпен өтуде. Облыста 2 қалалық, 6 аудандық партия комитеттері жұмыс жасауда. Облыс деңгейінде 134 бастауыш партия ұйымдары құрылып, коммунистер саны 4227-ге жеткенін Ж.Х. Кушенов мырза атап өтті.

Партия құрылымы және ұйымдастыру дұрыс бағытта болуы арқасында елімізде партия мүшесі 92000 жеткен. Партияның негізгі мақсаты еңбек адамына қызмет ету, оның әлеуметтік саяси құқығын және бостандығын қорғау. Елімізде партия белсеңділері саны 2004 жылға қарағанда 10 есеге артқан. Ж.Х. Кушенов мырза баяндағандай Партияның негізгі стратегиясындағы көтеріліп отырған мәселелерді жүзеге асыруымыз керек. Жас мамандарды жұмысқа орналастырып, медицина саласындағы мамандардың қызметіне үлкен назар салуымыз керек. Есеп беру конференция күнін белгілеп, соған жақсы әзірленуіміз керек. Бастауыш партия ұйымдарда есеп беру жұмыстарын қарастырып жүзеге асыру міндеттерін қолға алып іске асыру үлкен міндетке қоюдамыз.

Пленумда Ж.Х. Кушенов мырза мынадай мәселелер талқылап өтті. Мәселен «Ақ Жайық» газетіне шыққан «Жүкшінің жұмбақ өлімі» – деген мақалада Атырау қаласының тұрғыны 25 жастағы Руслан Сарузиновтың қазасына байланысты мәселені талқылап айтып өтті. Және сенбілік мезгілінде Атырауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын қоқысқа орап аяққа таптаған мәселе жөнінде тақырып көтерді. Бұл оқиға ел беделіне үлкен нұқсан келтірді. Әсіресе Республикадағы ең биік деңгейде көрініп

жүрген біздің облысымызға мен облысымыздың азаматы ретінде естігенде өте қатты қиналдым. Жастардың бойында отансүйгіштік пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге бас назар аудару керек. Ата-бабаларымыз қасықтай

қаны қалғанша туды қолынан түсірмей жауға жапқан жоқ па?- деді Ж.Х. Кушенов

Пленум барысында Исатай аудандық №12 сайлау округінен сайланған Мәслихат депутаты Ихсанов Сақтапберген Өтешқалиұлы осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына баяндап есеп берді. Біздің алдымызға қойып отырған ең басты мәселе, халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын одан әрі көтеру, халықтың әлсіз топтарына көмек жасау. Туған Отанымыздың экономикасының өсу игілігі, қорғанып әрбір қазақстандықтың сезіне білуіне, үлес қосуына қол жеткізу мәселерін талқылап айтты. Және Жылой ауданынан келген Тәукенова Әсем Елбасының 2020-оқу бағдарламасы көптеген акция мәселері жайында білім алып жатқан студент жастарға ақша бөлініп барлық жағдай қамтылып жатырғанын айтып өтті. Және пленумға келген қатысушыларға Даму қоры жанынан ашылған кәсіпкерлікті қолдау орталықтың кеңесшілері Үмбетжанов Жұмажан, Хамидуллин Ерлан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жайында семинар жүргізді.

Қазақстанның коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің VII-пленумы облыс коммунистері және облыс жұртшылығы партияның стратегиялық бағытын түсіністікпен қабылдап, осы қойылған міндеттерді абыроймен іске асатындығына сенім білдірді.

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика