Home » № 24//28.06.2013 » ПАРТИЯ БЕДЕЛІН КӨТЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ

ПАРТИЯ БЕДЕЛІН КӨТЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ

Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының құрылған күні қарсаңында ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті Мұнайлы ауданында жастар мен аудан тұрғындары арасында «Сіз ҚКХП туралы не білесіз?» тақырыбында акция ұйымдастырды. Өткізілген шараның мақсаты-халықпен байланысты нығайту, аудан тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ҚКХП-ның құрылған күннен бері 9жыл уақыт ішінде жасап жатқан жұмыстарының барысымен таныстыра отырып, партияны жұртшылық арасында танымал ету.

Акцияны ұйымдастырып өткізгендер ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің 3-ші хатшысы Джумашев Марат Бақытжанұлы мен Мұнайлы аудандық партия комитетінің хатшысы Тилекешов Азамат Әбубәкірұлы.

Кездесу кезінде аудан тұрғындарының, әсіресе жастардың белсенділігі байқалды. Олар партия өкілдеріне өздерін қызықтырған ҚКХП қызметінің мақсаттары, міндеттері туралы сауалдарын қойып, партия тарапынан халыққа әлеуметтік көмек бола ма деген мәселенің толғандыратыны жайлы жасырмады. Аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Жиын аяқталар алдында оған қатысқан жастарға партия өкілдері ҚКХП партия логотипі бейнеленген кәдесыйларды (блокноттар мен қалам) сыйға тартты.

Партияны жұртшылық арасында танымал етуге бағытталған осындай акциялар облыстың өзге аудандарында да ұйымдастырылды.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің

баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика