Home » "Коммунист Казахстана" » Партия құрамы жастармен толығуда

Партия құрамы жастармен толығуда

Ел тарихында бұрын соңды болмаған көппартиялы парламент биылғы жылы ел билігіне енгізілді. Бұған дейін елімізде тек «Нұр Отан» ХДП-дан басқа партиялар үкімет билігіне араласудан шет қалып жүрді. Енді көппартиялы Парламент тұтас елдегі саяси жаңғырудың басы, әр алуан көзқарастардың алаңы болып шыға келді. Осы орайда ҚКХП атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті бүгінгі таңда атқарып жатқан істері және алдағы іс-жоспарларымен танысу үшін әңгімеге тартқан едік.

–         Жамбыл Әужанұлы, халық таңдап ел қалаулысы болдыңыз. Сізге үлкен сенімдер артылды. Зор міндеттер жүктелді. Депутат болып парламенттен орын алғалы, ел артқан сенімді қаншалықты деңгейде көтере алып жүрсіз?

–              Бұл сұрақ біздің партиядан өткен 7 депутаттың және сол 7 депутат құраған фракцияның ойында жүрген үлкен сауал. Алдағы  уақытта біз өзіміздің сайлаушыларымызға берген міндеттемелерімізбен сөздеріміздің және уәделеріміздің барлығын заңға сәйкес қанша деңгейде өңделіп, қанша деңгейде орындалып шығатынын қадағалап, орындауымыз керек. Яғни оны тиімді орындау біз үшін үлкен абырой. Себебі осы мәселе төңірегінде парламентте отырып келесі сайлауға біздің партитяға халықтың дауыс беруі біз берген уәделердің орындалуына байланысты. Сондықтан бұл мәселелер, сұрақтар бізді көп толғандырады. Ойымыз бен іс-әрекеттерімізді тағыда тұжырымдап алу үшін, өзіміздің парламенттік партия болғандағы стартегиямызбен мақсаттарымыздың бәрін айқындап алу мақсатында пленум өткіздік. Бұл пленумда көптеген пікірлер ортаға салынып, тың ұсыныстар ортаға тасталды. Және коммунистердің барлығыда біраз өзгеріс енгізу керек екендігін айтты.

–              Қандай өзгерістер?

–              Яғни өзгерістер болғанда бұрынғы істеліп келе жатқан істерімізге қазіргі әрекеттеріміз сай ма? Қазіргі жаңа технологиялардың, иновациялық технологиялардың дамуында, дүниежүзілік торап интернет желілерінің көп таралу мәселесіне байланысты біз өзіміздің жұмыстарымызды қайта қарап шығу керек болды. Міне, осы тұрғыдан көп әңгіме қозғай отырып, өзімізге біраз мақсаттар қойып алдық. Ол мақсаттың ең бастысы жергілікті жерлердегі атқарушы органдармен біздің жергілікті партиялардың қарым-қатынасы. Жергілікті өкілетті органдар немесе мәслихаттар болатын болса, солар арқылы жергілікті мәслихаттарға сайланған біздің депутаттарымыз арқылы оймызды іске асыру үшін, кейбір құжаттарды қайта дайындап, соларға өз қосымшаларымызды енгізу болып отыр. Мұндағы жалғыз шешім біздің жергілікті жерлердегі бастауыш партия ұйымдарының мүмкіндіктері мен ауданық партия ұйымдарының мүмкіншіліктерін қолдану. Яғни олардың басында отырған кадрлардың белсенділерін қайта қарап, соларды қайта сайлаудан өткізу арқылы қайта дайындау. Қазіргі заман талабына сай өз мақсатына жету үшін аянбай еңбек жасай алатын, жоғары білімді, тәжірибелі мамандардан қайта сайлап, жаңаша жұмыс жасай алатын жастарды көптеп әкелуіміз керек.

Ал енді облыстық, республикалық деңгейдегі шараларда, пленумдарда, дөңгелек үстелдерде өз істерімізді қайта қарап, әр үш- алты ай сайын жарғыны бұзбай кеңесе отырып, бір тұжырымдама жасап, үкіметке, билік басына ұсыныс арқылы жіберу. Қоғамдық мәселелерді көтеру, оның шешілу жолдарында аянып қалмауды мақсат етіп отырмыз. Міне, осы арқылы келесі сайлауда халық қолдауына ие болуға мүмкіндігіміз бар. Енді өзіңіз аңғарып отырғандай біз атқарып жатқан істер тек халық игілігі үшін. Ал біздің мақсатымыз өзіміздің саяси тұғырнамамызда 10 мақсат белгіленген. Соларды іске асыру.

–              Парламент депутаттары мінберлерде көтеріп жүрген мәселелерден басқа, қазіргі уақытта қоғамда тағы қандай мәселелерді шешуде немесе көтеруден кенде қалып келеміз?

–              Негізі парламент мінберінде көтерілмей қалған, көтеретін мәселелер көп. Қазіргі таңда парламентке келіп түскен 20 заңнаманың он төрті қаралып, қайта қарауға жіберіліп, қателеспесем сегізіне президент қол қойыды. Ал түскен заңнамалар ішінде қарастырылмаған заңнамаларда өте көп. Соның ішінде бізге ең жақыны халыққа, жастарға, зейнеткерлерге, ардагерлерге көп әсерін тигізетін екі заң бар. Ол  жастар туралы және ардагерлер туралы заң. Осы екі мәселе қаралмай жатыр. Оны қарау үшін біз барынша тырысып, отырыстарда, комитетерде айтып жүрміз. Заң қабылдау өте күрделі, десекте бұл заңдар біздің қоғамға ауадай қажет заң. Енді бір халықтың көкейінде жүрген мәселе бұл бағаның тұрақсыздығы. Бағаның өсуі мен оны ауыздықтау мәселелері, жұмыссыздық мәселесін көтеруде де біз өз үлесімізді қосуымыз керек. Биылғы елбасының халыққа жолдауындағы 10 бағыттың ішінде біздің саяси тұғырнамамен сәйкес келіп тұрған 7 мәселе бар. Бұл дегеніңіз біздің алға қойған мақсаттарымыз іске асады деген сөз.  Бұл жерде біреудің артына тығылып іске кірісу емес, бұл жерде экономикадан түскен қаржының бәрі әлеуметтік салаға жұмсалса, әлеуметтік мәселе ол Қазақстанның бет келбетін айқындап береді. Зерделеп қарасақ осы мәселе алға қойылды. Ал, ол біздің коммунистік идеологиямызбен сайма-сай келіп тұр. Біздің мақсатымызда осы болатын.  Ал сол үшін біз партияның   ықпалын, депутаттық ықпалымызды күшейтуіміз керек. Әлсіреуге, тоқтап қалуға, ойлануға уақыт жоқ. Алдағы сайлау бүгіннен басталады.

–              Соңғы кездері байқағанымыз Қазақстан Коммунистік Халық партиясына жастардың тартылу деңгейі өсіп келеді. Сыры неде?

–              Жастардың тартылуы заңдылық. Олай дейтінім алғаш еліміз тәуелсіздігін алып, осы капитализмді құру кезеңінде халыққа бұрынғы кезеңді жамандау арқылы, соның істеген істерінің жаман болғаны, қазіргі кезеңде біздің таңдап алып отырған бағытымыздың бәрі дұрыс екендігін білдіру үшін өткенді жамандау болды ғой. Сол уақытта жас болсын, кәрі болсын идеология солай жүргізілді. Тек бір жақты түсінік пайда болды. Ал, біздің  қатарымызға жастар жағы үлкен қорқынышпен қарады. Үреймен қарады. Бұлардың қатырында болсақ оқудан, жұмыстан шығып қалармыз деген ойлар мен жағдайлар көп болды. Қазір демократияның алға басқан, күшейген шағында еліміздің кемелденіп келе жатқан шағында жастарымыздың көзі ашылып, көкірегі оянды. Яғни олар ақтың – ақ , қараның – қара екенін білді. Жастар түсіне қарап, коммунистік идеология тек  халыққа ғана арналған, әлеуметтік тепе-теңдікті, әлеуметтік әділдікті қалайтынын, халықтың тұрмыс-салт жағдайын жақсартатын идеология екенін білді. Біздің қатарымызға келген жастардың саны қазіргі уақытта 22 500 болды. Бұлда болса жастардың қоғамдағы жағдайлар мен саяси ой –пікірді ажырата алғандықтарынан деп білем.

–              Әңгімеңізге рахмет!

Қарлығаш Хашымқызы

Астана

Яндекс.Метрика