Home » № 21//07.06.2013 » Партия өз басшылығы құрамына жастарды тарту арқылы жаңарып, жасара түсуді мақсат етеді

Партия өз басшылығы құрамына жастарды тарту арқылы жаңарып, жасара түсуді мақсат етеді

2013 жылғы 1 маусымда Астана қаласында Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының кезектен тыс VIII съезі өткені белгілі. Съезде партия бағдарламасының және Жарғысының жаңа редакциясы, Орталық Комитет туралы, Орталық бақылау-тексеру комиссиясы туралы, ҚКХП Парламенттегі депутаттық фракциясы туралы, саяси бірлестіктің Ардагерлер кеңесі туралы Ереже бекітілді. Бұған қоса басшылық құрамында біраз өзгерістер болды. Осыған байланысты 3 маусым күні елордадағы ұлттық баспасөз клубында партия басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбековтың айтуы бойынша, бұл енгізіліп отырған жаңа өзгерістер партияның қызметіне жаңа екпін бермек.

«Бірақ біздің идеологиямыз сол қалыпта қалады. Негізгі мақсатымыз -социалистік қоғам құру» деді ол.

«Еліміздегі қарқынды түрде дамып келе жатқан қоғамдық-саяси жағдай Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының алдына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Партия өзі құрылған 9 жылдың ішінде үлкен өзгерістерді басынан өткерді және қандай жағдайға болса да бейімделе алып, барлық саяси күш-қуатын жұмылдыра алды. Оның заңды нәтижесі 2012 жылы партиямыздың Парламентке өтуі болып табылады», деді ол.

Сонымен қатар Жамбыл Ахметбеков партия алдына жаңа міндеттерді қойып отырғандықтан оның съезі партия басшылығын жігерлі жас кадрлармен толықтырып, оның қуатын арттыруды алдын ала қамтамасыз ету туралы бірауыздан шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Осыған байланысты Съезд барысында «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі Владислав Косарев өзінің ҚКХП ОК Хатшысы өкілеттігін тоқтататындығын жариялаған. ОК Хатшысы Төлеш Кенжин және партияның басқа да ардагерлері осындай мәлімдемелерін жария еткен.

«Съездің және ҚКХП ОК Пленумының қорытындысы бойынша партияның басшылығы (ОК Хатшылығы) мына құрамда сайланды: Ж.Ахметбеков, Д.Легкий және А.Қоңыров», – деді Жамбыл Ахметбеков.

Сондай-ақ съезд Хатшы үйлестіруші, Ардагерлер кеңесінің төрағасы лауазымдарын енгізген. Хатшы үйлестіруші болып Жамбыл Ахметбеков, Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып А. Холодков сайланған. Осыған дейін ОК хатшысы болып келген Т. Кенжин Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы болды. Сондай-ақ А.Холодков ОБТК құрметті төрағасы болып та қала бермек.

Сондай-ақ ол Владислав Косаревтің қоғамдық-саяси қызметін тоқтатпайтындығын және бүкіл партияластарының үнін жеткізетінін, жоғарғы заң шығарушы органдағы халықтық коммунистер фракциясының

жетекшісі ретінде жұмысын жалғастыра беретіндігін жеткізді. Бұнымен қатар ол ОК Құрметті хатшысы болып сайланған.

Баспасөз мәслихатында сөз алған Владислав Косарев партия соңғы кезде біраз табыстарға жеткендігін жеткізді. «2004 жылы құрылғаннан бері біраз қиыншылықтарды бастан өткердік. Бірақ мойыған жоқпыз. Жұмыс істедік. Соның арқасында біз парламенттік партияға айналдық. Партия алдағы уақытта да қатарын жасарта түспек», – деді.

Бек Әлиұлы

Астана

1 июня в Астане прошла пресс-конференция, на которой был озвучен новый состав секретариата Центрального Комитета КНПК. Ими стали: Ж.Ахметбеков, А.Конуров, Д.Легкий. Прежние секретари ЦК КНПК: В.Косарев, Т.Кенжин и председатель ЦКРК А.Холодков сложили с себя эти полномочия.

Яндекс.Метрика