Home » № 19//24.05.2013 » Пионерлер күні

Пионерлер күні

Естеріңізде болса, кеңес заманында мамыр айының 19-ы пионерлер күні ретінде аталып өтілетін. 19-мамыр күні Атырау қаласындағы №20,5,15 орта мектептерінде оқушылар арасында 15-ке жуық пионер қатарына қабылданып, жас ұрпақты коммунистік тәрбиелеу құралы ретінде пионерлер күні аталып өтілді. Кейінгі толқынға пионер сөзі жат естілер, бірақ алдыңғы толқын ағаларымызға таныс тіркес. Адалдыққа ант қабылдап, мойынға қызыл галстук таққан кеңес жастарына тазалық пен тәртіп үшін күресу міндетті еді. Өздерін коммунистердің шәкіртіндей сезінетін пионерлер тым белсенді көрінетін. Біздің ол кездегі басты мақсатымыз – сабаққа жақсы үлгеру болатын. Сол себепті ең алдымен басты «шаруамызды» шешуге тырыстық. Ақиқатын айтқанда, ол белсенділіктің өзі шынайы көңілден туындаған емес. Көбіне тапсырыспен, барлық аймақта бір формамен жасалатын. Жоспарлы түрде жоғарыдан тапсырма беріліп, соның аясында әркім өзінше белсенділік танытты. Өз басым пионер, комсомол қатарында жүргенде кереметтей белсенді болдым деп айта алмаймын. Үздік оқушы ретінде мені әртүрлі іс-шараларға өздері тартатын. Әрине, көпшілік санаға әсері бар. Ол кезде пионер атанудың өзі үлкен мәртебе болатын. Салтанатты сәтті тағатсыздана үлкен даярлықпен күтетінбіз. Ант беріп, мойынға қызыл галстук таққаннан кейін антыңа адал болу міндет-тұғын. Қай кезеңде де балалардың барлығы бірдей. Кешегі күні де, бүгін де олар ақ парақтай таза. Осындай тазалықтың бір белгісі пионер қатарына қабылдану болатын деді ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

Бұл жерде бір нәрсені айта кету керек, пионер атауы Еуропаның сөзі. Бұл сөзде ешқандай саяси астар жоқ. Қазақша баламасы – «бастаушы», «алғашқы болып игеруші» деген мағынаны білдіреді. Ресейде төңкеріске дейін «әйдік» Пионер газеті шығып тұрған. Сол кезеңдегі тәртіп бойынша, пионерлік жүкті арқалаған әрбір бала белсенді болуы тиіс-ті. Түрлі отряд, топтарға бөлініп, қандай жағдай болмасын «Әрқашанда дайын бол!» ұранын берік ұстанатын.

Гүлжан Инжелова, Атырау

Яндекс.Метрика