Home » Партийная жизнь » Предвыборная программа Коммунистической народной партии Казахстана

Предвыборная программа Коммунистической народной партии Казахстана

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

сайлауалды бағдарламасы

“Халықтың болашаққа деген құқықтарын қайтарамыз!”

Әлемдік экономикалық дағдарыс капиталистік даму жолының залалдарын жарыққа шығарды. Қазақстан экономикаға қызмет етуші «перифериялы капиталистік» елге айналды.

Ұлттық буржуазияның тойымсыздығы оның әлеуметтік жауапкершіліктерінен асып түсті. Пайданың есепсіз өсімі саясатқа айналып, оның негізгі мәні бола бастады.

Бизнес пен биліктің бірігуі – институтқа айналды. Сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік екіжүзділік ойынның ережесі ретінде орнықты.

Бір буын екіншісін алмастыруда, қоршаған әлем қарқынды өзгерістерге түсуде, алға жылжуда, ал біздің жерімізде уақыт тоқтап қалған секілді …

Еліміз нақты өндірістік саясатқа және адам капиталын сақтап қалуға мұқтаж болып отыр. Елдегі «тұрақтылықтың» тоқырауға айналуына, қоғамның жасампаз күшін ресмиленген көпірме сөздерге ауысуына жол бермеу қажет.

Болашақты сезінуден қалып барамыз….

Бүгінде елімізде алғашқы капиталды жинақтау нәтижесінде пайда болған «әлеуметтік тұрғыда ұтылғандардың» саны өте көп. Қазақстандықтардың алдында кедей азаматтардың мемлекеті бай мемлекет болып есептеле ме? деген жаңа сипаттағы дилемма тұр.

– Соңғы он жылда Қазақстанның шикізат секторы 200 млрд. долларға жуық пайда тапқанымен, әлеуметтік шығыстардың көлемі 2002-2009 жылдардағы деңгейде қалып отыр.

– Осы жылдар аралығында елден 120 млрд. доллар қаржы шығарылды, ол дегеніміз – ІЖӨ-нің 60% құрайды.

– Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі ІЖӨ-нің 25%-30% көлеміне теңесіп, «тепе-тең экономиканың» дәрежесіне жетті.

– Халықтың 10% ауқаттылары мен 10% кедейлерінің табыстары арасындағы айырмашылық 20 еседен асып түсіп, әлеуметтік тұрақтылыққа нақты қауіп төндіруде.

– Өмір сүру деңгейі мен сапасының аумақтар бойынша айырмашылығы 11 есеге жетті (Атырау облысында АІЖӨ 3.625.9 мың теңгені құраса, Оңтүстік Қазақстан облысында 310.3 мың теңге).

– Табыстарының деңгейін есептеу мүмкін емес әлеуметтік топтардың саны өсуде, олар – 2,7 млн. өзін-өзі қамтамасыз етушілер. Жамбыл, Қостанай, және Оңтүстік Қазақстан облыстарында олар барлық жұмыс істейтіндердің 50%-ын құрайды. Тұрақты табыстары жоқ өзін-өзі қамтамасыз етушілер (еліміз бойынша 40%-ға дейін) – әлеуметтік тұрғыдағы тәуекел топ болып септеледі.

– Халықтың орташа өмір сүру жасы 68 жастан (1991 ж.) 61 жасқа (2010 ж.) дейін төмендеп кетті.

Қазақстан – әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Елімізде бір адамға шаққанда 5 тонна мұнай өндіріледі, 1 тонна бидай алынады, ал 1 шаршы километрге есептегенде 5,5 адам өмір сүреді.

Дегенмен халықтың 30%-ы мемлекет бекіткен минималды күнкөріс деңгейінен (шамамен 15 мың теңге) төмен қалып отыр, ал 12%-ы ресми түрде кедейлер қатарына жатқызылды. Халықтың 60%-ы сапалы таза сумен қамтамасыз етілмеген. 100 000 жуық отбасы тұрғын-үй алу кезегінде тұр. 100 баланың 13-і ғана мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерімен қамтылған.

Мемлекеттік табыстардың дағдарыстың алдындағы қарқынды өсуі кезінде ақша елден шығарылып, бюджеттің артық болу байқалды. Алайда, соның өзінде де әлеуметтік проблемалар шешілген жоқ. Адам капиталы секілді инвестицияны қажет ететін нақты салалардан басқа бағыттардың барлығына ақша табылды.

Сарапшылар экономиканың өсуінің баяулығы және тоқтатуға мүмкін болмаған инфляция, яғни «стагфляция» туралы айта бастады. «Сыртқа шығаруға ғана бағытталған экономикасы бар» Қазақстан үшін бұл бағаның өсуі мен жұмыссыздар санының көбеюіне әкеледі.

Біз қазіргі таңда «жұмыс істейтін кедейлік» немесе «мұрамен берілетін кедейлік», яғни кедейлерден кедейлер пайда болатын әлеуметтік модельдің қалыптасып отырғандығын байқаймыз. Мұндай қауіпті құбылыс «кедейліктің әлеуметтік ұңғымасы» деген арнайы атауға да ие болып отыр.

Бұдан шығатын қорытынды біреу – экономикалық жүйеміздің өзі әлеуметтік әділдікті шешуге бағытталмаған. Кедейлер кедейлену, байлар баю үстінде. «Капитализм кезіндегі шығындар жалпы қоғамдық сипатқа ие болса, пайда жекелердің қалтасында қалады», – деген белгілі қағида толықтай Қазақстанға тән секілді.

Қаржы алыпсатарларының шығындары біз бен сіз секілді қарапайым азаматтардың есебінен жабылды және осылай жалғасып келеді! Біреулердің табысы екіншілердің кедейленуі есебінен жүзеге асуда!

Миллиондаған біздің азаматтарымыз «жабайы капитализмнің» шығындарын өздеріне сезінуде.

Тарих жаңа саясатты, «баламалы экономиканы», мемлекеттік ойлауды қажет етіп отыр. Ұлттық табысты әділ түрде бөлу – заманның қажеттілігіне айналды. ХХІ ғасырдағы мемлекеттік – әлеуметтік мемлекет ғана болуы тиіс. Одан басқаның барлылығы – өркениетті дағдарыс болып саналады.

Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттерінен қашанғы қашқақтайды? Билік – бұл бизнес емес! Билік – халық қызмет ету!

Біз, халықтық коммунистер партиясы, қалыптасқан жағдайдан әлеуметтік шығындар көлемін бір реттік өсірумен ғана шығамыз деп ойламаймыз. Әлеуметтік мәселелерді шешу механизмі жүйелі түрде жұмыс істеу қажет.

Біз не ұсынамыз?

Халықтың өкілдігі мен бақылауды.

Әділдікті.

Әлеуметтік кепілдемелер мен мемлекеттің жауапкершілігін.

Біздің бағдарламамыздың негізгі қағидалары:

1. Өндіруші өнеркәсіптер мен экономиканың басқа да негізгі салаларын ұлттандыру. Халықтың көпшілігінің тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында қазба байлықтарының пайдасын әділ түрде бөлу.

2. Жер ресурстарын пайдалану принциптерін қайта қарау, сонымен бірге егістіктерден алынатын тағам өнімдерін тұтынушыларға тікелей жеткізу нормативтерін енгізу.

3. Экономиканың шикізатқа бағытталғандығын азайту. Халық тұтынатын тауарлар өндірісін кеңейту. Осы негізде ауылдар мен қалаларда жаңа жұмыс орындарын ашу.

4. Шағын бизнеске және өзін-өзі қамтамасыз етушілерге жеңілдетілген салық пен несие жолдары арқылы (жылдық өсімі 6% жоғары емес) көмек көрсету.

5. Ең төменгі күнкөріс есебін есептеудің жаңа әдістемесін енгізу, сол арқылы зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылардың, бюджет қызметкерлерінің жалақыларын белгілі бір деңгейде өсіруге қол жеткізу.

6. Жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін және еңбек ету сағаты бойынша минималды тұрғыда ақы төлеу нормасын енгізетін жаңа Еңбек кодексін қабылдау.

7. Негізгі тауарлар мен коммуналдық қызметтерге мемлекет тарапынан шектеулі бағаны белгілеу, оның сақталуын қамтамасыз ететін халықтық бақылауды енгізу.

8. Қол жетімді тұрғын-үй, сапалы медициналық көмек, тегін білім беру жүйесін қалпына келтіру, жоғары және орта оқу орындарының түлектерін алғашқы жұмыс орнына орналастыру кепілдігі.

9. Өскелең ұрпақты гуманизм құндылықтарына, патриоттық және интернационалдық тұрғыда тәрбиелеу, Қазақстан халқының өз-өзін басқаратын қауымдастығын құру.

10. Мемлекеттік басқару жүйесін кезең-кезеңмен халықтық билікке есеп беруге алмастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлықпен нақты күрес.

Біз, халықтық коммунистер, Бағдарламамыздың еліміздің әлеуметтік сипатын, оның даму бағытын толықтай өзгерте алатындығына және «әлеуметтік мемлекет» деген формуланы қалыптастыра алатындығына кәміл сенеміз.

Біз, халықтық коммунистер, жай ғана кедейлердің мүддесі үшін күреспейміз. Біз жалпы кедейшілікпен күресеміз.

Біз байлықпен күреспейміз, біз байлық пен жетістіктің тонаудың, сыбайлас жемқорлықтың, адам ресурстарын қанау жолымен емес, заңды табыстар арқылы келуі үшін күрестік және күресе береміз.

Біз ортақ құндылықтардың табыстан жоғары болатындығына сенімдіміз!

Біз, халықтық коммунистер, олигархтармен «пайдалы орындардан шеттетілгендердің» мүддесі үшін емес, жалпы жүйемен күресеміз.

Біз, Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайы мен тұрмысы билік партиясының қабілетіне берілетін негізгі баға болып есептеледі санаймыз.

Қазақстан халқы тұрмысының деңгейі мен сапасы елдің табиғи, интелектуалдық және рухани байлығымен сәйкес келуі тиіс!

Біз Парламентті Халықтық етуге барамыз!

Еңбек ету құқығы! Халық билігі! Әділет!

Предвыборная программа

Коммунистической Народной партии Казахстана

“Вернём народу право на будущее”

Мировой экономический кризис высветил изъяны капиталистического пути развития. Казахстан превратился в страну «периферийного капитализма» с об-служивающим характером экономики.

Жадность национальной буржуазии оказалась сильнее её социальной ответ-ственности. Неограниченный рост прибыли превратился в политику и стал её смыслом.

Слияние бизнеса и власти стало институтом. Коррупция и государственное лицемерие стали правилами игры.

Одно поколение сменяет другое, мир вокруг стремительно меняется, уходит вперед – на нашей земле время словно остановилось…

Страна нуждается в выверенной промышленной политике и сохранении че-ловеческого капитала. Необходимо остановить перерастание “стабильности” в застой, подмену созидательной энергии общества официозной модернизаци-онной риторикой.

Исчезает ощущение будущего…

Сегодня в стране большое количество “социально проигравших” в результате первоначального накопления капитала. С новой силой перед казахстанцами встает дилемма: может ли считаться богатым государство бедных граждан?

* Несмотря на то, что за последние десять лет общая выручка сырьевого сек-тора Казахстана составила около 200 млрд. долл., доля социальных расходов осталась на прежнем уровне 2002-2009гг.

* Из страны за эти же годы в номинальном выражении было вывезено 120 млрд. долларов, что составило до 60% ВВП.

* Масштабы коррупции оцениваются в размере 25% – 30% от объемов ВВП и достигают масштабов «параллельной экономики».

* Разница доходов 10% богатых и 10% бедных слоев превышает 20 раз, что сегодня представляет реальную угрозу социальной стабильности.

* Разрыв в региональных различиях уровня и качества жизни превышает 11 раз (ВРП Атырауской области – 3.625.9 тысяч тенге против 310.3 тысяч тенге в ЮКО).

* Растет социальная группа, в отношении которой вообще сложно опреде-лить уровень доходов – это 2,7 млн. самозанятых. В Жамбылской, Костанайской и ЮКО – это 50% всех работающих. Самозанятые с нерегулярными доходами (до 40% по стране) – это группа социального риска.

* Средняя продолжительность жизни населения уменьшилась с 68 лет (1991г.) до 61 года (2010г).

Казахстан – одна из самых богатых стран в мире. На одного жителя у нас в буквальном выражении добывается 5 тонн нефти, выращивается 1 тонна – зер-на, а на площади в 1 кв. км проживает всего 5,5 человека.

При этом 30% населения страны находится на уровне ниже установленного государством прожиточного минимума (примерно 15 тыс. тенге), а 12% населе-

ния официально признаны бедными. 60% населения не обеспечены качествен-ной питьевой водой. Более 100 000 семей стоят в очереди на получение жилой площади. Только 13 из 100 детей охвачены дошкольным воспитанием.

Фактически, в период бурного роста государственных доходов в предкризис-ные годы, из страны вывозились деньги, наблюдался профицит бюджета. При этом социальные проблемы практически не решались. Средства находились на все, что угодно, кроме того, на что они действительно были нужны – инвести-ции в собственный человеческий капитал.

Эксперты уже заговорили о «стагфляции» – слабом росте экономики и без-удержной инфляции. Для Казахстана с его «экономикой на вывоз» это означает рост цен и увеличение безработицы.

Мы наблюдаем формирование социальной модели под названием “работа-ющая бедность” и “бедность, передаваемая по наследству”, когда бедные вос-производят бедных. Это опасное явление получило специальное название “со-циальная воронка бедности”.

Вывод из этого один: сама экономическая система слабо нацелена на обес-печение социальной справедливости. Бедные становятся беднее, богатые бо-гатеют. Известный тезис – “Потери при капитализме обобществляются, а прибыли остаются частными” – оказался в полной мере применим к Казах-стану.

За счёт нас с вами, простых граждан, покрывались и продолжают покрывать-ся убытки финансовых спекулянтов! Выигрыш одних достигнут за счет обни-щания других!

Миллионы наших сограждан ощутили на себе издержки «дикого капитализ-ма».

История требует новой политики, “эквивалентной экономики”, государ-ственного мышления. Справедливое перераспределение национального дохода – это уже не благое пожелание, а вызов времени. Государство в XXI веке может быть только социальным. Всё остальное – цивилизационный тупик.

Бегство государства от своих социальных обязательств не может продолжать-ся бесконечно. Власть – это не бизнес! Власть – это служение!

Мы, партия народных коммунистов, исходим из того, что выходом из ситуа-ции не могут стать разовые меры по увеличению доли социальных расходов. Механизм решения социальных проблем может быть только системным.

Что мы предлагаем?

Народное представительство и контроль.

Справедливость.

Социальные гарантии и ответственность государства.

Основные положения нашей программы:

1. Национализация добывающей промышленности и других базовых отрас-лей экономики. Честное распределение доходов от недр в целях обеспечения роста реального благосостояния большинства населения.

2. Безотлагательный пересмотр принципов использования земельных ресур-сов, а также введение нормативов изъятия с площади пашни продуктов пита-ния и прямой поставки их потребителям.

3. Снижение сырьевой направленности экономики. Увеличение производ-ства товаров народного потребления. На этой основе – создание новых рабочих мест на селе и в городе.

4. Поддержка малого бизнеса и самозанятых путём льготного налогообло-жения и кредитования по доступным (не выше 6% годовых) ставкам.

5. Введение новой методики расчета прожиточного минимума, который поз-волит в значительной степени повысить пенсии, социальные пособия, зарплату бюджетников.

6. Принятие нового Трудового кодекса, обеспечивающего защиту прав наёмных работников и вводящего норму о минимальной почасовой оплате тру-да.

7. Установление государством предельного уровня цен на основные товары и коммунальные услуги, обеспечение народного контроля за его соблюдением.

8. Доступное жильё, качественная медицинская помощь, возрождение си-стемы бесплатного образования, гарантированное первоначальное трудо-устройство выпускников высших и средних специальных учебных заведений.

9. Воспитание подрастающего поколения на ценностях гуманизма, патрио-тизма и интернационализма, создание самоуправляемого сообщества народов Казахстана.

10. Реальная борьба с коррупцией, предполагающая поэтапное изменение государственной системы управления на подотчётную народу власть.

Мы, народные коммунисты, глубоко убеждены, что наша Программа спо-собна в корне изменить социальный облик страны, поменять вектор её развития и наполнить подлинным смыслом формулу «социальное государство».

Мы, народные коммунисты, не просто боремся за интересы бедных, Мы бо-ремся с бедностью как таковой.

Мы не ведем борьбу с богатством, мы боролись и будем бороться за то, чтобы богатство и достаток являлись следствием законных доходов, а не грабежа, кор-рупции и эксплуатации человеческих ресурсов.

Мы убеждены, что общее благо выше прибыли!

Мы, народные коммунисты боремся против системы, а не против одних оли-гархов за интересы других – отодвинутых от кормушки.

Мы считаем, что социальное самочувствие и благополучие граждан Казах-стана является главной оценкой дееспособности партии власти.

Уровень и качество жизни народа Казахстана должны быть соразмерны с ве-личиной природных, интеллектуальных и духовных богатств страны!

Мы идём, чтобы сделать Парламент Народным!

Право на труд! Власть народа! Справедливость!

Яндекс.Метрика