Home » Партийная жизнь, Центральный комитет КНПК » Пресс-релиз:«Ұжымдық еңбек дауларының құқықтық мәселелері» атты конференция

Пресс-релиз:«Ұжымдық еңбек дауларының құқықтық мәселелері» атты конференция

2013 жылдың 20 қарашасында «Ұжымдық еңбек дауларының құқықтық мәселелері» атты конференция өтеді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, тәуелсіз кәсіподақтар  және сараптамалық бірлестіктердің өкілдері қатысады.

 

Еңбек кодексі Қазіргі Қазақстан талаптарына толықтай сай емес, сондықтан өңдеулермен толықтыруларды қажет етеді. Конференцияның мақсаты еңбек кодесіне түзетулер енгізуге нақты ұсыныстар жасау және әлеуметтік серіктестік туралы заң жобасын қабылдау.

 

 Партияның басты ұстанымдарының бірі әлеуметтік әділеттілік және еңбекшілердің лайықты еңбек ету құқығын қорғау болғандықтан бұл шараны ұйымдастыруға ҚКХП ұйытқы болып отыр.

 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы кәсіподақтардың жұмысына белсене қатысады және әлеуметтік мүдделерін қорғау үшін күрестің жандануына ықпал етеді.

 

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі – коммунистік идеяны жақтаушы Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.

 

Коммунистік идеяларды ұстана отырып ҚКХП-сы жұмысшы табының,  шаруалардың, зиялы қауымның, барлық еңбек адамдарының мүдделерін қорғайды.

 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы 2004 жылдың 21 маусымында құрылды. Қазіргі уақытта 100 000 астам мүшесі бар. Қазақстанның барлық аумағында филиалдар мен өкілдіктері құрылған. ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы жұмыс істейді.

 

Өткізілу орны: Астана қ. А.Иманов көшесі  13 «Нұрсаулет» БО(№3 конференц залы).

 

Өткізілу уақыты: 20 қараша 2013 жыл, сағат 15.00

 

Қатысуда 19 қараша сағат 17.00 ге дейін келесі телефон номерлері арқылы растауыңызды сұраймыз:8 (7172) 24-06-09, 24-38-20, 8 701 461 78 58

 
 

Яндекс.Метрика