Home » № 8//01.03.2013 » САСЫҒАН СУ ІШКЕН АУЫЛ…

САСЫҒАН СУ ІШКЕН АУЫЛ…

Біздің елде ауыз судың зардабын тартып отырған елді мекендер аз емес. Су деп əкім қаралардың алдына барғаныңмен, қайыр жоқ. Жақында жоқ болғаннан кейін алыстан арбалап тасуға мəжбүрсің. Дəл осындай су азабын тартып, шарасыздан сасыған су ішуге мəжбүр болып отырған ауылдардың бірі – Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Степной елді мекенінің тұрғындары. Астана қаласынан 60-ақ шақырым жерде орналасқан бұл жердің адамдары жаздай сасыған су ішіп, кезек-кезегімен аурухана есігін тоздырады. Сондықтан халық түгелімен көтеріліп, улап-шулап, жоғары билікке базынасын жеткізген, соның арқасында аузы таза суға қазан айында əупірімдеп жеткен еді. Енді міне, қаһарлы қыс шекпенін шешпей тұрып сол ауыл тұрғындары тағы да сасыған су ішуге мəжбүр болып отыр. Сонда бұл ауылдың халқына жақын болатын əкімі мен елдің сөзін жоғарыға жеткізетін халық қалаулысы қайда қарап отыр? Дəл бұл сауал көптің көкейінде жүргені анық.

Осы орайда ауыл тұрғындарымен тілдесіп, пікірлеріне де құлақ асқан едік:

Сəлима апа:

Жаздай сасық су іштік. Екі немерем осы судан асқазаны ауырып ауруханада болды. Үлкен отбасымыз. Су сатып алып ішуді қалтамыз көтермейді. Алыстан су əкелу үшін машина керек. Қазір кімге кімнің жаны ашиды дейсің. Амалсыздан осы сасыған судан ішуге мəжбүрміз. Жаздай айтып-айтып, ақыры күзде суымыз жөнделген еді, енді міне тағы да сары суға айналып барады. Анау бастықтар осы судан ішпейтіні анық.

Валентина əжей:

Мен бұл судан ішпеймін, өзім ғана тұрғандықтан сатып аламын. Мына судан ішу мүмкін

емес. Біздің қазақ ешқашан Валентина əжей сияқты пəлен бөлмелі үйінде жалғыз тұрып көрген емес. Бала–шағасы, алыс-жақын туысқандарымен бір үзім нанды бөле жеген кең пейіл, дархан мінезді халықпыз. Осы бір шағын ауылдың халқының жан айқайына құлақ асатын жоғары

жақтан бір өкіл табылар деген ойдамыз.

Қарлығаш Хашымқызы,

Астана қаласы

Многие регионы страны страдают от отсутствия чистой питьевой воды. В селе Степное Шортандинского района Акмолинской области воду возят в тележках, причем она не соответсвует никаким санитарно-гигиентическим требованиям. В результате, жители села периодически попадают в больницу. Прошлой осенью власти региона частично сняли этот вопрос, организовав доставку чистой воды, но зимой из-за отсутствия техники проблема снова встала во главу угла.

Яндекс.Метрика