Home » "Коммунист Казахстана" » Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған футболдан кездесу

Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған футболдан кездесу

22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні. Аталмыш мерекеге орай 20 қыркүйек күні Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің төрайымы Нұғманова Гауһар Кокенқызының қолдауымен шағын футболдан кездесу өтті. Бұл игі шараға біздің партиямыздың жастар одағы қанатының мүшелері қатысты.

Төрт командадан құрылған балалар тобы ойынның басталуынан бастап-ақ өздерінің футболға деген құщтарлықтарын көрсете бастады.

Бірінші таймның ортасында “Жастар Одағы” командасы есеп ашты. Сол екпінмен олар екінші голды таймның сонына дейін соғып үлгерді.

Екінші таймда “Шахтер” командасының белсенді мүшесі Бисембаев Нариман өзінің шабуылшылық өнерін көрсетіп, команда есесін қайтаруға тырысып, қатарынан жастар одағы командасының қақпасына екі гол соқты. Ойынның соңында, “Жастар Одағы” мен “Шахтер” командалары тең есеппен аяқтады. Жеңімпаз командалар мадақнамамен және сыйлақпен марапатталды.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспасөз орталығы

Яндекс.Метрика