Home » "Коммунист Казахстана" » Шәрәпи қажы Роза апай Қостанай облыстық коммитетінің ІІІ – хатшысы

Шәрәпи қажы Роза апай Қостанай облыстық коммитетінің ІІІ – хатшысы

Бүгінгі пленумның жұмысы өте жемісті болды. Бұл жерге жиналғандардың бәріде партияның әр аумақтағы  белсенді мүшелері, бірінші, екінші, үшінші хатшылары. Сондықтан болар бүгінгі күні көтерілген әрбір мәселенің өзіндік ауқымы мен деңгейі жоғары болды. Көптеген түйінді мәселелерге тоқтап, барлық адамдардың өміріне қажет дүниелер, қоғаммен біте қайнасқан әрібір екінші адамның санасында жүрген түйткілді мәселелер қозғалды. Бұл сұрақтар қозғалуы тиісте еді. Оны біз қозғадық. Себебі біз коммунистпіз. Сол себепті біздің партиямыздың жөні, жүрісі дұрыс болуы керек.

Биылғы жыл біздің партия үшін өте қуанышты жыл болып отыр. Олай дейтінім біздің партиядан 7 адам мәжіліске өтті. Ендігі кезекте сол 7 адамнан біз үлкен үміт күте отырып, барлық коммунистердің  атынан көптеген салмақты істерді міндеттейміз. Осы уақытқа дейін, біз сол жеті депутатымызға көптен көкейімізде жүрген сауалдарымызды жолдадықта және тиісті жауаптарымызды алдық. Осы азған уақыт ішінде біршама істердің мәселесін көтере білдік. Мәселен жер, жастар, балалар туралы… Сондықтан олар біздің сенімдерімізді ақтайды деп ойлаймыз.

Бүгінгі семинар өте керемет болды. Соның ішінде біздің қатарымызға жастар қосыла бастады. Газетімізге жастар келді. Өз басым өте қуаныштымын. Жастарымыз елі үшін, жері үшін, өз болашағы үшін аянбай еңбек етуі керек.

Нұрдәулет Амантайұлы

Астана қалалық комитетінің

ІІ хатшысы

Бүгінгі семинарда қаралған негізгі дүниелердің бірі партияның парламенттік типтегі стратегиясы болды. Мұнда әр партияның сайлау алды  тұғырнамасы бар. Яғни сол тұғырнаманың орындалуын әрі қарай жүргізу керек деп ойлаймын. Мұндағы стратегияның басты мақсаты да сол болып келеді. Жаңа ғана айтылған сайлау кезіндегі 10 тұғырнамалық бағытымыз елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының халыққа жолдауымен сәйкес келіп жатыр.

Ал біздің партияның парламентке өтуіне халық үлкен үлес қосты. Сенім  артып, біздің партияға осындай үлкен жолдың ашылуына мұрындық болған халықтың партияға артқан үлкен сенімі деп білем. Сол себепті осы бағдарламының дұрыс іске асуын қадағалап, сол жолда қызмет ету керекпіз деп ойлаймын.

Енді бүгінгі отырыс жайында айтар болсақ, көптеген мәселелер қаралды. Даулы да сұрақтар болды. Бірақ бұның бәрі біздің партия құрамының іске бекем кіріскенінің белгісі.  Кемшіліктер де жоқ емес. Бірақ көш жүре түзеледі ғой. Алдан үлкен үміт күтеміз.

Төлендинов Марат Қайыржанұлы

Павлодар облыстық комитетінің

ІІ – хатшысы

Бүгінгі отырыс барысында өзімнің көкейімде жүрген көптеген сұрақтарыма нақты жауап алдым. Павлодар облысындағы комитет ұжымы бүгінгі қойылған талаптарға толықтай қосылады және қолдайды. Осы орайда айта кететін бір жайт комсомолдар мәселесі. Біздің ортада жастар көп, соларды тарту, жұмысқа кірістіру болса, мысалы біздің партияға Павлодар облысынан соңғы уақытта қосылған 10 адамның ішіндегі төрт-бесеуі жастар. Бұл жастардың біздің қатарымызға ене бастағанының жақсы натижесі деп айта алам. Өңірімізде комсомолдардың жұмыс жасап келе жатқанына 3 жыл болды. Бұрынғы хатшымыз көптеген қателіктерге бой алдырса, бұл жолы сол қателіктің алдын алу мақсатында жастарымыз, партия мүшелері бар бәрі-бәрі маған үлкен міндеттер жүктеп, осы мәселені көтеруімді тапсырды.

Сыртынан қарағанда үлкен бір даулы мәселе сияқты болып көрінгенімен, ешкімнің де сұрақ, ұсынысы, ой-пікірі ескерусіз қалған жоқ. Бәріміз бірігіп бір шешімге келіп, бір жеңнен бас, бір жеңнен қол шығара білдік. Мен соған қуанып отырмын.

Өңіріміздегі комсомолдарды көш басшысы деп айта қою қиын. Деседе Павлодар өңірінде облыстан асып, белсенді жұмыс жасап келе жатқан Екібастұз қалалық комсомолшылар. Істерінің ілгері басып, жоғарғы деңгейде жұмыс жасап келе жатқандарына мұрындық болып басы –қасында жүрген сол Екібастұз қалалық комитеттің хатшысы Нұғыманова Гаухар Көкенқызы.

Біздің партияға көптеген міндеттер жүктелді. Алдағы уақытта сол міндеттерді өз деңгейінде орындап, ел артқан сенімнен шығамыз деген сенімдемін.

Мамашева Жанна Абдрахманқызы

Жамбыл облыстық комитетінің

І – хатшысы

Өзіңіз куә болғандай бүгінгі отырыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Маған ұнағаны әрбір адам көптен бері іштерінде сақталып қалған ойларын, сұрақтарын, пікірлерін ашық айтып, орта талқылауына салды. Бұл партияның бар екенін көрсетеді. Кей партиялар бар жиындарын өткізеді. Бірақ  жалғыз адам сөйлейді, қалғаны қоштайды. Ал бізде керісінше бәрі де еркін. Талас-тартыс, телеарналарда жүргізілетін ток-шоуларға да ұқсап кеткен кездері болды. Олда жақсы. Бірақ, әрнәрсенің өзіндік бір кемшілігі де жоқ емес. Мәселен менің жаныма батқаны, мысалы сайлау 15 қаңтарда өтті. Ал мына отрысы 19 не 20 қаңтарда өтіп, негізгі қағидалар мен ережелер бекітіліп, стратегиялары жасалып қоюы керек еді. Ал біз болсақ отырмыз. Абай атамыз айтпай ма: Жұмысы жоқтық,

Қарыны тоқтық,

Аздырар адам баласын, -деп. Міне бұл осы залда отырған әрбір адамға байланысты. 3 ай болды біздің арба сол орында қозғалмай тұр. Жылжу  жоқ.

Ал біз мақтанамыз, парламентке 7 адамымыз өтті деп. Соған сәйкес өзге партиялардан қалмай жұмыс жасауымыз керек. Елбасының 10 бағыттан тұратын халыққа жолдауы бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жерде «Коммунистпа», «Ақжолма», «Нұр Отанба» біз партияға бөлінбеуіміз керек, біз елге, мемлекетке жұмыс жасауымыз керек.

Менің тағыда бір көңілімнен шықпаған дүние қағаз жүзіндегі тірлікті айтпаған күннің өзінде, кез-келген тірлікте мақсат пен міндет болуы керек қой. Өйткені партия құрамында 80-90 мыңнан асқан қазақстандықтар бар. Ертеңгі күні партияының мақсаты, бағыты қандай, қандай міндеттер орындайды… Бұларды халық білуі шарт.

Сондай-ақ,  біздің партияның газеті қазақ тілінде шығарылуы қажет. Осында келген хатшылармен ақылдасып, кеңесіп 50-50 пайыз, яғни қазақ және орыс тілдерінде тең шықсын деген ұсыныстар болды. Бірақ қай жердің нанын жейміз, қай жерде тұрып жатырмыз сол жердің тілін құрметтеуіміз керек.

Қадырқұлов Нұрлан Қалдарұлы

Оңтүстік Қазақстан облыстықкКомитетінің І –хатшысы

Осы жиын барысында бәрімізде бір тұжырымға, бір байламға келдік. Көптеген өңірлік, аймақтық деңгейдегі сауалдар өз шешімін тапты. Жәнеде партияның парламенттік қызметтегі ары қарайғы ұстанымдары, стратегиялық бағыттары қосымша көптеген мәселелерде өз шешімін тапты. Қаржыланыру сметасы анықталып бекітілді. Штатымызға мамандар қабылдап, қызметтік аумағымызды кеңейтіп жатырмыз.

Ал парламентегі депутаттарымызда бекер отырған жоқ. Әлеуметтік мәселелерді көтеріп, жер мәселесін, жастар, ауылшаруашылық мәселесі бойынша көптеген сауалдар көтеріліп жатыр. Облыс деңгейінде негізгі проблемаларды көтеруге мүмкіндік туды. Оңтүстіктегі оралмандар мәселесі, сондай-ақ климаттық жүйе бойынша біздің өңір жеміс-жидектерді өсіруге сай болса да, «жеміс-жидек  неге қымбат?»,- деген сауалдар бар. Міне осындай мәселелерді қозғап жатыр.

Тегін білім беру, тегін медицина мәселелерін көтеруде де кенде қалып жатқан жоқпыз.

Алдағы күндерде біз бірлесіп биік белестерді бағындырамыз деген сенімдемін.

Яндекс.Метрика