Home » Партийная жизнь » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз санамыздағы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз санамыздағы күрес

Бұрыннан бері, сыбайлас жемқорлықтың тамыры көңілден шығу үшін шағын сыйлық жасауда болды. Қымбат сыйлықтар адамдарды бір-бірімен салыстыруға немесе бір-бірінен бөлектеп тұратын жайға соқтырып, қалай да әркім өз мақсатына жетіп отырған.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет тіптен жоқ деуге болады, алайда кейбір мемлекеттер онымен күресте белгілі деңгейде табысқа да жетті. Қандай болса елді алсаңыз, әрбір саяси партияның саяси бағдарламасының бір тармағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған. Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық біздің өміріміздің бүгінгі ерекшелігін сипаттайтын күнделікті құбылысқа айналды. Бұл — қоғамдық жүйені іштен жейтін, экономиканы төмендететін, әлемдік қоғамдастық алдында мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт десе болады. Ең қиыны — бұл кесел билікке деген халық сенімін әлсіретеді. Шын мәніне келгенде биліктің еркін, демократиялық қоғам құру жолындағы күллі шешімдерін жоққа шығарады. Сыбайлас жемқорлық созылмалы дерт секілді, үлкен проблемаға айналды. Біз де оған қарсы жүйелі жауап беруіміз керек. Жекелеген шаралармен сыбайлас жемқорлықтың тамырын жою мүмкін емес. Белгілі бір уақыт аралығына есептелген экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық шаралар кешенін жасап күресуіміз қажет. Егер осы мәселені кешенді түрде шешуге ұмтылмасақ, оны жалпыұлттық, баршамыздың және жеке әрқайсымыздың міндетіміз деп қабылдамасақ, қабылданып отырған түрлу заңдар сол қалпында қағаз жүзінде қала береді. Шенеуніктер тарапынан болған сыбайлас жемқорлыққа наразылық танытқан азаматтардың өздері де осы құбылыстардың орын алуын туындатады. Біздің әрқайсымыз өз санамызды қайта жаңғыртып, өркениетті принциптерді басшылыққа алып өмір сүруді бастауымыз керек.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспасөз орталығы

Яндекс.Метрика