Home » "Коммунист Казахстана", № 39//15.11.2013 » Сыр өңіріндегі кезекті VI пленум

Сыр өңіріндегі кезекті VI пленум

Үстіміздегі жылдың қараша айының 9-шы жұлдызында ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің кезекті VI пленум отырысы болып өтті. Оған ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті мүшелері қатысты. Пленумның ең басты мәселесі десек те болады, ол ҚКХП Қызылорда обкомының ІІ-ші хатшысы Опабекұлы Жүрсін ағайдың  өз еркімен жұмыстан босатылуы болды.  Хатшы, алдын ала жазған арызында зейнеткерлік жаста болғандықтан, өзіне тиесілі зейнеткерлікке шығуын, сол себепті  оны осы қызметтен босатуын сұраған болатын. Әрине, ол кісінің көргені көп, тоқығаны мол. Өзінің партия тұсында жұмыс істеп жүрген уақытында партияға сіңірген еңбегі көп. Жастарға тіреу болып, ешқашан ақыл-кеңесін аямаған ардақты ағамызды қимай шығарып салғанымыз рас. Ал, ол болса өз ретінде «Ендігі жолды жастарға беремін, олар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен алып шығатындығына сенімім мол»-деді. Бұлай айтылуына себеп ІІ-хатшы міндетін ендігі жас болса да білім суын сусындаған Прманов Марат атты ізбасарының жалғастыруы болды. Марат бауырымызға алдағы жасалынатын жұмыстарда табыс тілейміз! Ол өте бауырмал обком мүшелерінің қатарына ешқандай қиындықсыз сіңісіп кетеді деген ниеттеміз. Ал, екі жарым жыл бойы партия өмірінің ыстығы мен суығын бірге көріп келген құрметті ағамызды сонда да болса қимағанымыз рас. Обкомның І-хатшысы Телеубаев Талғат «Ақ пеілді ақ ағамызға өзіндей аппақ шапан кигізгім келіп тұр»-деген ақ ниетімен Жүрсін ағайға салтанатты түрде шапан жауып, құттықтау сөз айтып, сый-сыйяпатын табыстады. Аудан хатшылары тарапынан да түрлі құттықау сөздер мен тілектер осы күні зейнетке шыққан ардагеріміздің құрметіне айтылып жатты. Сонымен қатар, пленумда қатысушылар тарапынан бірауыздан ІІІ-хатшылыққа осы кезге дейін обком қабырғасында заңгерлік қызметте жүрген Шайнуров Берік сайланды. Оған айлық обком резервінен төленетіндігін ескере кету керек. Алайда, оның да алдағы уақытта атқаратын жұмысы аз емес. Осы күнге дейін де халық арасында жасалынған жұмыстары қанағаттанарлықтай. Ендігі заңгерлік пен ІІІ-хатшылықты бірге алып жүрудегі жолының ашық болуын тілейміз!

       Шығып сөйлеушілердің  ең алғашқысы да Опабекұлы Жүрсін болды. Ол барлық қатысушыларды еңбек пен бірлікке шақырды. «Алда бізді әлі көп жұмыс күтіп тұр, біз партия жұмысын тек міндетіміз ғана деп білмей, оны терең жүрегімізбен сезінуіміз керек. Және де жұмысымыз алға басу үшін жұмыла жұмыс атқаруымыз қажет. Адам тартуымыз керек және де жай ғана адам емес, бар ынтасымен жұмыс жасаймын дегендердің қатарын көбейтуіміз керек» деп нақты ойын ашып айтты. Сонан соң да шығып сөйлегендер болды. Барлығының да көздеген мақсаты, арман-тілегі бір жерден ұштасатынын көрдік. «Енді біз бұрынғыдан да қарқындырақ жұмыс жасауымыз керек, осы салада бірге жұмыс жасап жүргенімізге бірнеше жыл болды, білгенімізді жастарға да үлгі етіп жүрейік» деп айтқан Досаев Жұмабек ағамыздың ақылы осы тұста өте орынды болды. Талғат Рахымұлы барлығын тыңдап болған соң «Босаңсымаңыздар, алда біріге, ақылдаса, бірлесе жасайтын жұмыстың ауқымы өте кең және мәні зор»деп сөзін аяқтады.

 

                                                                              ҚКХП Қызылорда

                                                                              Майра Жүнісова

Яндекс.Метрика