Home » Партийная жизнь » Тұрмыстық көмекке зәру қария

Тұрмыстық көмекке зәру қария

Тамыз айының аяғында еліміздің көптеген өңірлерінде «Билік, қарызды өтеуге де уақыт келді» атты отырыстар өтті. Осы отырыстар барысында коммуналдық қызмет көрсетулер тарифтерінің жоғарлауы, тұрғын-үй жайларының жетіспеушілік мәселесі, үйлердің апаттық жағдайлары және тағы да басқа халықты толғандыратын мәселелер қаралған, көптеген таң қаларлық статистикалық көрсеткіштер айтылды.

Осы жайды естен шығармай, Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің мүшелері аталмыш қала тұрғыны, жер үйінде жалғыз тұратын зейнеткердің хал-жағдайын білуге аттанды.

Қазіргі маусымның басты проблемасы – үйде жылудың болуы. Кеңес ағаның үйінде орталық жылуды қабылдауға барлық жағдай бола тұра, бірнеше жыл бойы көмір тасып, пеш жағуға мәжбүр болған зейнеткеріміз қаламыздың Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасына бірнеше рет өтініш жазып, жалыққан көрінеді. Өзінің шағын зейнетақысын жинап, жылу жүйесін қалпына келтірді, «Бар жоғы коммуналдық қызметкерлердің келіп, қажет құрылғыны орнатып берсе болғаны» – дейді Кеңес аға. Мәселе тек осында болса ғой, «… қыс бойы пешті жаққанмен үйдің тек жартысы ғана жаланса жақсы…», деген қаупін де айтып қалды, себебі үйдің бір қабырғасы біртіндеп құлай бастаған екен. Оны жөндеу үшін аз емес қаражат керек екені бәрімізге белгілі. Қалалық әкімшіліктен көмек сұраған зейнеткер, жергілікті билік органдарының жұмысына аса риза емес. Оның айтуынша, әлеуметтік қызметкерлер жұмысы тек бар жағдайды көріп шығумен ғана шектеледі.

Халықтық партия мүшелері Кеңес ағаның осындай жағдайымен танысып, зейнеткердің партия мүшелеріне айтылған барлық мәселелер ескерусіз қалмай, бақылауда болатынына сөз берді.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспасөз орталығы

Яндекс.Метрика