Home » № 7//22.02.2013 » ТӘТТІ ТҮТІН ТҮБІНДЕ УЛАНҒАН ҰРПАҚ

ТӘТТІ ТҮТІН ТҮБІНДЕ УЛАНҒАН ҰРПАҚ

Даңқты қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көш пенділер» романында: «Бұл қалада бəрі де əдеттегідей, анау бөдене соғыстырған топ та, əне, анау қорқор тартып, геджак тыңдап отырған мырзалар да… Бəрі де күндегі салтында» деп қала халқының сол кездегі тірлігін баяндайды. Сонымен, Ілияс ағамыздың бұл үзіндісіндегі қорқор деген не? Оның адам ағзасына тигізер əсері қандай болмақ? Сол жөнінде тарқатып көрсек. Аз кем…

Ертеде Калькутта деген өлкеде бұл дүние өзінің алғашқы бастауын алаған. Танымал болу үшін қорқор шегу шарт болыпты. Алыстан ат арылтып келген мейманына ас емес, қорқор ұсыныпты. Осылайша, аз уақытта Мұсылман елдерін, сосын Еуропаны, ақыры күллі əлемді жаулапты мыс əлгі аты шулы қорқорымыз.

Қазір, қайда барсаң, иісіне масайып, рахатына бөленіп отырған бала-шағаны көресің. Яғни, қорқор –көңіл көтеру құралына айналды. Исі жұмсақ болғандықтан, темекінің түтінінен жиіркенетін адамды да қызықтырды. Осылайша, тəуелділік пайда болды. Тиісінше, бағасы да шарықтауда бұл пақырдың. Бүгін, талайлар қорқор сатып, қампайып отыр. Тіпті, өз мейрамханасына адам тарту үшін «дəмді қорқор бар» деп жарнама жасайтын болды. Міне, бұл сұмдық түңгі клубтарда ғана емес тіпті балалардың ойын ойнайтын орталығында да «менмұндалап» қорқор тұр. Кəріні қойып жас балғынды елітіп өзіне баураған бұл дүниенің пəле екенін кім біліп жатыр?

Сіз бен біз «əдепсіз» дейтін Еуропаның оннан аса елі қоғамдық орындарда қорқор шегуге 2007 жылда бастап тыйым салған. Ал Ұлыбританияда тəртіпке бағынбағандар 592500 теңге көлемінде айыппұл төлейді екен. Ал біздің ел ше? Керісінше жарнамасы көздің жауын алады. Ашықтан –ашық жақанға жар салады. Егер шектеу қоямыз десек, үйренер тұс осы мемлекеттер қолданған шара. Тəтті түтін түбінде нашақорлыққа апаратыны ащы шындық жатыр ағайын.

Үнемі кальян шегетін 22 жасар Елдар Ержанұлына медициналық тексеру жүргізіп көрдік. Тақырыпты зерттеу барысында. Сонымен Елдар Ержанұлы 3 жылдан бері қорқор дайындаушы болып қызмет істейді. Ол тəулігіне ең кемі 10 қорқор дайындайды екен. Ал 3 жылдағы жиынтық өзінің айтуынша, 8 мыңды құрады. Əрбір 25 грамм табак 100 тал темекі шеккенмен тең деп есептесек, Елдар 3 жылда 800 мың тал темекі тартыпты. Ал кокаинды ораманың біреуі адам өмірін 12 минутқа қысқартады, деген медицина мамандарының сөзіне сенсек, Елдардың ғұмыры 18 жылға /160 мың сағатқа/ қысқарыпты. Дəл қазіргі уақыттағы Елдардың ағзасының ахуалы қандай? Бұл сұрақ сізді де мазалары анық.

Алайда қорқордың адам ағзасына тигізер əсері мынадай екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымынша, «тəтті түтін» əсерінен өкпе обырының 2 есеге, жүрек қан-тамырлары жүйесі ауруларының 2,2, респираторлық аурулар мен рениттердің 2,3, ер азаматтар бедеулігінің 2,5, альвеолиттің 3,7, ауыз қуысы патологиясының 3-5 есеге туындау қаупі артады. Ең қасіреті – ген бұзылады, тұқым қуалайтын дертке айналады.

Сіз қорқорды тұтынар алдында, бір сəт болсын, ертеңгі ұрпағыңызды ойласаңыз!

Қарлығаш Хашымқызы

Астана

Яндекс.Метрика