Home » Акции КНПК, Кызылординский обком, Партийная жизнь » Тапқыр жастар додасы

Тапқыр жастар додасы

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыруымен «ҚКХП таңдаулы Слоганы» және «ҚКХП таңдаулы Ұраны» атты республикалық байқау жарияланған болатын. Оған еліміздің бүкіл облыстары жұмыла атсалысты. ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті үстіміздегі жылдың қаңтар айының 17-ші жұлдызынан бастап өз жарнамаларын жариялап, халықты оның ішінде жастарды осы акция жайында хабардар ете бастады. Қаламыздың орта және жоғарғы оқу орындарының студенттері, жастарымыз бұл жарнамадан жаппай құлағдар болды. Алғашында онша белсенділік көрсете қоймағандығымен, байқаудың мерзімі шектеулі болғандықтан болар соңғы күндер таяп қалғанда обком кеңсесіне келушілер де, телефон шалушылар да көбейіп кетті. Оның себебін кейін түсіндік, мәселе жастар арасында Халық Коммунистері партиясының ұстанымын біле бермеуінде екен. Бәйгеге қатысушыларымыз өте сауатты, талпынысы жоғары жастар. Олардың арасында бұрыннан біздің талай акциямызға белсене қатысып, жеңімпаз атанып жүрген жастарымыз да аз емес. Сол белсенді жастардың арасынан обком қабырғасында құрылған комиссия мүшелері байқау шартына сәйкес екі жеңімпазды іріктеп алды. 2013 жылдың 13 ақпан айында жеңімпаздардың аты белгілі болды, олар: «ҚКХП таңдаулы Слоганы» байқауының жеңімпазы Жеңсібай Самат – Қызылорда қаласының «Ақмешіт» институтының студенті және «ҚКХП таңдаулы Ұраны» байқауның жеңімпазы Барлан Төрехан – ол да аталған оқу орнының студенті болып табылады. Осындай алға ұмтылар жастарды тәрбиелеп келген ұстаздарға және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Марапаттау рәсімі 14 ақпан күні ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің кеңсесінде өтті. Обкомның хатшысы Опабекұлы Жүрсін жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын табыс етіп, құттықтау сөз сөйледі. Обком мүшелерінің тарапынан ұялы телефондар мен КНПК атрибуттары қосымша беріліп, алдағы жоспарға енетін жастар жұмысына қатысуға ұсыныс білдірілді. Жеңімпаздар болса өз тарапынан алда әлі де болатын саяси болсын интелектуалды болсын жұмыстарға атсалысатынын айтып, партия жұмыстарына қызығушылықтарын білдірді. Партияға қарасты Коммунист Казахстана газетінің бар екендігін білгенімен, оның қазақ тілінде де мақалалары бар екендігінен бейхабар болған жастар өздері үшін жаналық ашып, «осы газет бетіне біз де студенттік қабырғаларымыздағы жаналықтарымызды еңгізсек болады ма?» деген ұсыныс білдірді. Алда әлі де көптеген жұмыстар күтіп тұр бізді, әсіресе жастармен жұмыс. Совет үкіметінің көзін кормеген жастарымызға сол кезеңнің құндылықтарын, ең қажет деп таныған дүниелерінің барлығын ҚКХ партиясы өз бойына сіңіргендігін жеткізуіміз тиіс. Және де бұл жұмысқа біз кірісіп кеттік десек те қателеспейміз. Бұл байқау тек бастамасы ғана, алдағы жұмысымызға сәттілік!

 

 

 

 

ҚКХП Қызылорда обкомының

баспасөз хатшысы Жүнісова М.

Яндекс.Метрика