Home » № 21//07.06.2013 » Тым құрыса, екі жыл шыдаса!

Тым құрыса, екі жыл шыдаса!

Алматыда жалпы ұзындығы 58 шақырымға созылатын 200-ге жуық көше қараша айына дейін жөнделмек екен. Жыртығымыз біршама жамалып, етегіміз бүтінделетін болды деп қуандық мұны естігенде. Тек алаңдататыны – сапасына қатысты көкейдегі күдік-күмәніміз. Қолында билігі барлар мердігерлер жол сапасына кепілдік береді деп сендірмек болды. Бірақ қуанышымыз су сепкендей басылды. Сондағысы, тым құрыса, жаңа жөнделген жол екі жыл бүлінбей шыдауы керек екен. Екі жыл шыдаса, бөркімізді аспанға атып қуануымыз керек пе сонда? Жөл жөндеу бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңге 1 жарым миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалыпты. Қазірге дейін қырық көше жөндеуден өтіпті. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңі 22 сәуірден бастап атқарыла бастаған. Алмалы ауданында 13 қыркүйекке қарай, ал басқа аудандарда 13 қарашаға дейін жұмыс аяқталуға тиіс. Екінші кезеңде жол жөндеу жұмыстары шілде айынан басталмақ, 120 жол жөнделуі керек екен.

Өткен ғасырда салынған жолдарда серуендеп жүрген еуропалықтар қандай бақытты еді деп еріксіз жағаңды ұстайсың осындайда.

Санжар Арыс, Алматы

Яндекс.Метрика