Home » "Коммунист Казахстана", № 40//22.11.2013 » Қызылорда облысында «Ақбұлақ» бағдарламасының іске асырылуы қандай деңгейде?

Қызылорда облысында «Ақбұлақ» бағдарламасының іске асырылуы қандай деңгейде?

Үстіміздегі жылдың 19-шы қарашасы күні облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының мәжіліс залында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Ақбұлақ мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының жаңа индикаторлары» атты қоғамдық тыңдау өткізілді. Жиынға ҚР  Мәжіліс депутаты Баймаханова Г. А, облыстық және қалалық ішкі саясат өкілдері, ҚКХП Қызылорда обкомының мүшелері, мемлекеттік құзырлы органдар, саяси  партия өкілдері,  мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.Отырысты Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің І-ші хатшысы Телеубаев Талғат Рахымұлы жүргізді. Алғы сөзді ҚР  Мәжіліс депутаты Баймаханова Галина Александровна сөйледі.

 ҚКХП Қызылорда облыстық, Шиелі аудандық комитетінің І-ші хатшысы Алдияров Әбдімомын дайындап келген анықтамасымен таныстырды. Сол сияқты тағы да бірнеше қатысушылар сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. Басқосудың соңында ҚР Мәжіліс депутаты Баймаханова Галина Александровна мен ҚКХП Қызылода обкомының І-хатшысы Телеубаев Талғат Рахымұлы Қазақстан-Қызылорда телеарнасында брифинг өткізді. Телеарнаға берген сұхбаттарында олар көрермендерді бүгінгі қоғамдық тыңдауда көтеріліп отырған мәселенің мән-жайымен таныстырып өтті.

 

Қызылорда облысында «Ауыз су» бағдарламасының іске асырылуы    бойынша анықтама

 

       2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасының шеңберінде облыста жалпы құны 32,1 млрд.теңгені құрайтын ауыз су нысандарын қайта жаңғырту, құрылысын салу, күрделі жөндеуден өткізу жөнінде 261 нысан және жоба-сметалық құжаттарын, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде 46 нысан жүзеге асырылды, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 25,8 млрд.теңге жергілікті бюджеттен – 4 млрд.теңге, Кувейт қоры, неміс гранттары бойынша – 2,17 млрд.теңге, басқа да көздерден – 74,1 млн.теңге.

       Ауыз су саласы бойынша қабылданған стратегиялық бағдарламалардың арқасында облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдай біршама жақсарды.

       Жалпы бағдарлама аясында 261 нысаннан аяқталып, пайдалануға берілгені – 252, жоспардағы мерзімі бойынша өтпелі нысан – 9.

       Бүгінгі күнде облыстағы 261 ауылдық елді мекеннің 182 орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосыла, 3 елді мекен тасымал ауыз суын пайдалануда.

       2012 жылдың қорытындысымен қаржы игеру 97,7 пайызды құрады.

       Мердігерлердің келісім шарт  талаптарын орындамауынан 4 нысан құрылысы 2012 жылы аяқталмай қалды.

ҚР Үкіметінің «2013-2015жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» 2012 ж.  30 қарашадағы №1520 қаулысымен ауыз сумен қамту саласына 22 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына 7,572 млрд.теңге бөлініп отыр, оның ішінде, республикалық бюджеттен 6,424 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 1,148млрд.теңге. Атап айтсақ,

– республикалық бюджеттен Қызылорда қаласы бойынша- 3,050млрд.теңге (Қызылорда қаласының ауыз су және кәріз жүйесінің құрылысы 2015ж дейінгі нысанды жалғастыруға және Белкөл, Тасбөгет кенттерінде тұрғын үйлерге су құбырын жүргізуге);

-республикалық бюджеттен ауылдық елді мекендердің ауыз су жүйелерін жаңғырту бойынша 17 нысанға – 3,374млрд.теңге бөлінді (1-өтпелі нысан Тереңөзек, 16-сы жаңадан басталатын нысандар);

-осы нысандарды облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға және 2012 жылы бітпеген нысандарды аяқтауға, сонымен қатар жаңадан екі нысанға (Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекенінің ауыз су жүйелерін  жаңғырту мен Жаңақорған ауданы Кейден елді мекенінің насостық станциясын қайта құрылымдауға) жалпы 593,970 млн.теңге бөлінді.

       Сонымен бірге, 13 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге – 554,146 млн,теңге қаралды.

       Қазіргі таңда, аталған жаңа нысандар бойынша мердігерлер анықталып, тиісті құрылыс-жұмыстары, кестесіне сәйкес жүргізілуде. 1-ші маусым айында жоспарына сәйкес игерілген қаржы 97 пайызын құрды.

       2013 жылдың жоспардың нәтижесінде орталықтандырылған ауызсуға қосылған ауылдық елді мекендер саны 190 ға жетеді.

 

 

 

 

                         ҚКХП  Қызылорда облыстық комитетінің баспасөз қызметі

 

 

Home » Кызылординский обком, Партийная жизнь » Қызылорда облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылуы қандай деңгейде?

Қызылорда облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылуы қандай деңгейде?

Үстіміздегі жылдың 19-шы қарашасы күні облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының мәжіліс залында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Ақбұлақ мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының жаңа индикаторлары» атты қоғамдық тыңдау өткізілді.

 

Жиынға ҚР  Мәжіліс депутаты Галина БАЙМАХАНОВА , облыстық және қалалық ішкі саясат өкілдері, ҚКХП Қызылорда обкомының мүшелері, мемлекеттік құзырлы органдар, саяси  партия өкілдері,  мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Отырысты Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің І-ші хатшысы Талғат ТЕЛЕУБАЕВ жүргізді. Алғы сөзді Галина Баймаханова сөйледі. Сонан соң облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бастығы Ерлан Жоламанов жалғастырды. Ол өзінің арнайы дайындап келген материалдарын экран арқылы қатысушалардың назарына ұсынды. Сонымен қатар облыс көлемі бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша айтып өтті. Және де жиын барысында көптеген сұрақтарға жауап берді. Кейінгі сөзді «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиал басшысының екінші орынбасары Мухимов Абзал сөйледі.  Және де  Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық, Шиелі аудандық комитетінің І-ші хатшысы Алдияров Әбдімомын дайындап келген анықтамасымен таныстырды. Сол сияқты тағы да бірнеше қатысушылар сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. Басқосудың соңында ҚР Мәжіліс депутаты Баймаханова Галина Александровна мен ҚКХП Қызылода обкомының І-хатшысы Телеубаев Талғат Рахымұлы облыстық Қазақстан-Қызылорда телеарнасында брифинг өткізді. Телеарнаға берген сұхбаттарында олар көрермендерді бүгінгі қоғамдық тыңдауда көтеріліп отырған мәселенің мән-жайымен таныстырып өтті. «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының қыр-сырына әбден қанық болған Галина Александровна өзі жинақтаған материалдардың мазмұнымен бөлісті. Онда  «Ауызсу» бағдарламасы бойынша және 2011-2012  жылдары іске асырылған «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес мәліметтер жинақталған.

 

      Қызылорда облысында «Ауыз су» бағдарламасының іске    

асырылуы    бойынша анықтама.

 

2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасының шеңберінде облыста жалпы құны 32,1 млрд.теңгені құрайтын ауыз су нысандарын қайта жаңғырту, құрылысын салу, күрделі жөндеуден өткізу жөнінде 261 нысан және жоба-сметалық құжаттарын, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде 46 нысан жүзеге асырылды, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 25,8 млрд.теңге жергілікті бюджеттен – 4 млрд.теңге, Кувейт қоры, неміс гранттары бойынша – 2,17 млрд.теңге, басқа да көздерден – 74,1 млн.теңге.

Ауыз су саласы бойынша қабылданған стратегиялық бағдарламалардың арқасында облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдай біршама жақсарды.

Жалпы бағдарлама аясында 261 нысаннан аяқталып, пайдалануға берілгені – 252, жоспардағы мерзімі бойынша өтпелі нысан – 9.

Бүгінгі күнде облыстағы 261 ауылдық елді мекеннің 182 орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосыла, 3 елді мекен тасымал ауыз суын пайдалануда.

-топтық су құбырларына (Арал-Сарбұлақ, Октябрь, Жиделі топтық су құбырлары) – 91;

-скважинасы және ішкі су жүйесіне – 91;

-тікелей скважина арқылы – 34;

-шахталық құдықтар арқылы – 35;

-ашық су көздерінен – 7;

-тасымалдау арқылы – 3.

2012 жылы республикалық бюджеттен 18 жоба іске асыруға 1,9 млрд. теңге бөлінді, оның 7-і өтпелі құрылыс. Жыл қорытындысымен 14 жоба мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданып, пайдалануға берілсе, 1 жоба (Тереңөзек) 2013 жылға өтпелі. Қорытындысында 14 жобамен 293 км су жүйелері жаңғыртылды.

2012 жылдың қорытындысымен қаржы игеру 97,7 пайызды құрады.

Мердігерлердің келісім шарт  талаптарын орындамауынан 4 нысан құрылысы 2012 жылы аяқталмай қалды:

«Ауыз су» бағдарламасы бойынша (2 нысан)

2010 жылы «Ауыз су» бағдарламасымен бастаған Шиелі ауданы Еңбекші (мердігер «Ел қонды» ЖШС) және Жақаев (мердігер «Бис КЗ» ЖШС) елді мекендерінің қыстақішілік су таратушы тораптарын қайта құрылымдау құрылысы 2012 жылы аяқталмай қалды.

2013 жылы осы нысандарды іске қосу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. ГАСК берген ескертулер жөнделіп, мемлекеттік актіге қол қойылғаннан кейін пайдалануға беріледі. Тапсырушы – «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» ММ тарапынан мердігер «Бис КЗ» ЖШС келісім-шарттағы міндеттерін толық орындамағандықтан сотқа талап арыз жолданды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда, маусым айының басында пайдалануға берілді.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша (2 нысан)

  1. «Арал ауданы Жақсықылыш елдімекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту».

Мердігер «Дәнекер» ЖШС. 2012 жылы қаржы кеш бөлінді және жобаның мерзімі 6 айдан асатындықтан конкурстық жоба-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілуіне байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары қазан айында ғана басталды. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен игерілмей қалған қаржылар қайта бөлініп, құрылыс-жұмыстары жалғасуда. Тапсыру мерзімі 2013 ж маусым айы деп күтілуде.

  1. «Қазалы ауданы Қазалы қаласы және Әйтеке би кентінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту».

Мердігер «Асық Ата» ЖШС.

Тапсырушы «Қазалы аудандық құрылыс бөлімі» ММ тарапынан мердігерге келісім-шарттағы міндеттерін толық орындамағандықтан сотқа талап-арыз жолданды. Қазіргі таңда, облыстық бюджеттен игерілмей қалған қаржылар қайта бөлініп, құрылыс-жұмыстары жалғасуда.  Тапсыру мерзімі 2013 жылдың маусым айы деп белгіленген.

ҚР Үкіметінің «2013-2015жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» 2012ж  30қарашадағы №1520 қаулысымен ауыз сумен қамту саласына 22 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына 7,572 млрд.теңге бөлініп отыр, оның ішінде, республикалық бюджеттен 6,424 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 1,148млрд.теңге. Атап айтсақ,

-республикалық бюджеттен Қызылорда қаласы бойынша- 3,050млрд.теңге (Қызылорда қаласының ауыз су және кәріз жүйесінің құрылысы 2015ж дейінгі нысанды жалғастыруға және Белкөл, Тасбөгет кенттерінде тұрғын үйлерге су құбырын жүргізуге);

-республикалық бюджеттен ауылдық елді мекендердің ауыз су жүйелерін жаңғырту бойынша 17 нысанға-3,374млрд.теңге бөлінді(1-өтпелі нысан Тереңөзек, 16-сы жаңадан басталатын нысандар);

-осы нысандарды облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға және 2012 жылы бітпеген нысандарды аяқтауға, сонымен қатар жаңадан екі нысанға (Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекенінің ауыз су жүйелерін  жаңғырту мен Жаңақорған ауданы Кейден елді мекенінің насостық станциясын қайта құрылымдауға) жалпы 593,970 млн.теңге бөлінді.

Сонымен бірге, 13 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге – 554,146 млн,теңге қаралды, оның ішінде:

-Қазалы ауданының топтық су құбырына қосылған 10 елді мекеніне (Ақтанбатыр, Басықара, Бекарыстан би, Жалаңтөс батыр, Жалпақ, Жанқожа, Майдакөл, Мұратбаев, Пірімов, Түктібаев) сервистік жүйеге жоба жасауға – 36,5 млн.теңге;

-Қазалы қаласында ауызсу және Әйтеке би кентінде кәріз жүйелерін жаңғыртуға жоба жасауға – 286,451 млн.теңге;

-Шиелі кентінің кәріз жүйесіне жоба әзірлеуге – 81,1 млн.теңге;

-Қызылорда қаласының кәрізді су тазарту станциясын модернизациялауға жоба әзірлеуге – 150,0 млн.теңге.

Қазіргі таңда, аталған жаңа нысандар бойынша мердігерлер анықталып, тиісті құрылыс-жұмыстары, кестесіне сәйкес жүргізілуде. 1-ші маусым айында жоспарына сәйкес игерілген қаржы 97 пайызын құрды.

2013 жылдың жоспардың нәтижесінде орталықтандырылған ауызсуға қосылған ауылдық елді мекендер саны 190 ға жетеді.

 

 

                                                                           ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің баспасөз қызметі

20.11.2013ж.

Яндекс.Метрика