Home » Партийная жизнь, Южно-Казахстанский обком » Өз ісіне берік

Өз ісіне берік

Мен, көптен бері, Қазақстан Халық Коммунистік партиясы іс шараларын атқарып жатқан тіршіліктеріне көңіл аударып жүрмін. Өзімнің негізгі мамандығым қазақ тілі әдебиеті болғансын, анда-санда газеттерге де мақала жазып тұрамын. Қазірде зейнеткермін, міне бес жыл болды. Осы біздің Қазақстанда құрылған, аты қандай ойлап тапқандай, Халық коммунистік партиясына тоғыз жыл болыпты. Жан-жақты газеттерден оқығаным бар, партияның құрылуына атсалысқан азаматтар бар, солармен тілдесіп мағыналы әңгімелер естіп риза болдым. Партияның ең бірінші құрылтайшыларының бірі, халыққа еңбектері сіңген А.А.Холодков, А.А.Сабыров, В.Б.Косарев жолдастардың ой парасаттылығымен, саналығымен дүниеге келген осы халық партиясы келешекте алдынғы қатарлы партиялардың бірі болуына сенімім мол болған. Осы партия құралғансын, Республика бойынша облыс, қала, аудан орталықтарында партия ұйымдары құрала бастады. Халық осы партияны тез қабылдай бастады. Аз уақыт ішінде көп жерде партия ұйымдары құрылды. Менің ендігі айтайын деп отырғаным, киелі Түркістан қаласында 2004 жылы мамыр айында жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұңғыш қалалық партия комитеті. Комитетті құруға облыстан бірінші хатшы, үлкен, ел сыйлаған, халық игілігіне адал қызмет еткен жолдас Әлі Сабыров еді.

Міне, сол кезден бері осы партияның өсіп өркендеуіне аса зор еңбегін сіңіріп келе жатқан Шері Арықбаев жолдас, Түркістан қалалық комитеттің бірінші хатшысы. Партия комитеті құрылысымен ақсақалдар алқасын құрды, оның мүшелері ақсақалдар: К.Абдувахабов, С. Асқарбаев, М. Ахметов және А.Юсупов. Жолдастар өз ақыл-көмектерін беріп отырады. Бірінші болып облыстық жастар одағы да осы Түркістан қалалық комитетінде құрылды. Бір айта кетер жайт, мен осы Шері Арықбаев інішекпен кездесіп, өзіненде сұхбат алмақшы болдым, бірақ оның айтқан сөзі адамның қандай екендігін, кім екенін білу үшін, қасындағы серіктерінен,айналасынан сұрау керек деді. Ойланатын дұрыс жай екен!

Ақсақалдар алқасының төрағасы К. Абдувахабов, мүшелері: А.Юсупов жолдастар Ескі Иқан ауылда тұрады екен, мен жолығып сөйлескенімде, ол кезде И.В Сталинің 130 жылдық туған күнін тойлауға дайындық өтіп жатыр екен. Ш.Арықбаев туралы қандай адам екенін айтып берді. Өзінің алдына қойған міндетін әрқашанда орындауға талпынады жұмыс бабында деді. Ал А.Юсупов ақсақал айтты, келінін мектептен босатамыз дегенде Шері қалалық оқу бөліміне барып, жолығып, келінін орнына тиісті сағатымен қайта орналастырды дейді. Бұндай ұлағатты әңгімелер көп естідім. Көп адамдардың партия мүшелері болсын, Шерінің ең үлкен қасиеті ол үш қағиданы ұстанған: қызғаншақтық, өсек, мақтаншақтықты жаны қаламайды екен. Өзі бір сөзінде айтып қалды. Әкем айтқан еді деп, әр уақытта батамен жүр, алғыспен жүр, жаманшылықтан алыс жүр деген еді.

Ал өзіме келетін болсақ, сол Сталиннің мерекесінде ҚКХП Орталық Комитетінің құрметті хатшысы  В.Б Косарев өзі Шерінің омырауына жиналған екі жүзден астам халық алдында Ресей  Коммунистік партиясының шығарған Сталин орденін өз қолымен қадады.

Ш.Арықбаев қандай да жұмысты болмасын, атқарған қызметтерін адал атқарған, ол туралы білгендер жылы лебізбен еске алып отыр. Өзі КСРО спорт шебері, өртеніп кеткен Түркістандық спорт мектебін қалпына келтіріп, бүкіл Қазақстанға баскетболдан, самбо күресінен, қазақша күрес, еркін күрес, валейбол, футболдан белгілі болды, жеңімпаз атанды. Адамнын адамдық қасиетін айта келе, қазірде пайғамбар жасына келетін Шәкең 43 жыл партия мүшесі екен. Содан барлық кезінде тек партия аты емес, еліміздің құрметі  үшін, ел ынтымағы үшін еңбек етіп келеді.

Қазақтың ең үлкен қағидасы, ол өзім үшін емес, өз елім, халқым үшін деген. Ел басымыз еліміздің жаңа Астанасын салғанда Қазақ халқының кім екенін, қандай екенін бүкіл дүние жүзіне паш етті. Қазір Қазақстанды сыйлайды, құрмет тұтады. Егер әр азамат өзінің адал, адамгершілік қасиетімен халыққа жақын болса, Қазақ деген ел жеріне, аумағына қарай ойыда, санасыда арта түседі. Деген  нағыз патриоттық ойы.

Қазірде Түркістан қаласы ҚКХП комитеті ОҚО бойынша ең ірі партия ұйымы. Парламент сайлауы кезінде үлкен жұмыстар атқарылды. Әлі алда болар баршылық жұмыстарыңыз жемісті, еңбектеріңіз ерінді болсын демекпін.

 

Абдулла Асқаров

тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент

06.11.2013ж.

Суретте Шері Арықбаев

Яндекс.Метрика