Home » "Коммунист Казахстана", № 37//01.11.2013 » Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін жақсарту керек!

Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін жақсарту керек!

26 қазан күні ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті қалалық жастар паркінде «Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін жақсарту керек» тақырыбында флеш-моб өткізді. Сыр өңірінің жас коммунистері, яғни студенттеріміз, күннің суығына қарамастан Ленин бабамыз орналасқан саябақта алдын ала дайындаған билерін халыққа паш етті. Шараға қалалық орыс тілді «Кому что?», қазақ тілді «Ақмешіт апталығы» және «Ақмешіт ақшамы» газеттерінің өкілдері қатысты. Сондай ақ кездейсоқ өткінші жолаушылар да тоқтап, өз ұялы телефондарына шараны түсіріп, «осындай шаралар үлкен деңгейде орталық алаңда неге өткізбеске?» деген ұсыныстарын білдіріп те жатты. ҚКХП Қызылорда обкомының мүшелері барлық флеш-мобты тамашалауға келген жұртқа тегін «Коммунист Казахстана» газетін таратты. Сонымен қатар бір-екі адам партия тұсында тегін заңгерлік көмек көрсетілетіндігінен хабардар болды. Студенттеріміздің қойылымы аяқталуына қарай ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшысы Телеубаев Талғат Рахымұлы қолына микрофон ала шығып, тағатсыздана күтіп отырған жұртшылыққа флеш-мобтың қандай мақсатпен болып жатқандығын мәлімдеп, шараны тәмәмдады.

 

                                                                                

                                                                                Майра Жүнісова, Қызылорда

Яндекс.Метрика