Home » "Коммунист Казахстана", № 37//01.11.2013 » Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін көтерейік!

Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін көтерейік!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы 24-ші Қазан күні сағат 15:00 де С.Қазыбаев атындағы №1 мектеп интернат аланыңда комсомол жастар қанатының мүшелерінің қатысуымен флэшмоб өткізді. Флэшмобтың тақырыбы «Зейнеткерлік  жасын емес, өмір сүру  деңгейін көтерейік!» болды. Флэшмобтың мақсаты жас комсомолдар арасында көңілді әуенге би билеп, шарларды ұшыру, плакаттарға жазылған қарсы пікір арқылы зейнеткерлердің 63 жастан бастап зейнеткерлікке шығуын қолдамайтынын көрсетті.

Флэшмоб кездейсоқ көрермендерге арналып, олардың ынтасын туғызуға арналды. Қазіргі заңға өзгеріс енгізіп, әйелдердің зейнеткерлікке шығатын 58 жасын 63-ке көтеруге өз басым үзілді-кесілді қарсымын. Барлығын бірдей 63 жасқа дейін жұмысқа салып қоюға болмайды. Бұл ақылға қонымсыз нәрсе-деді. Алаңда жиналып тұрған тұрғындар арасында ой-пікір айтылып жатты. Солардың ішінде Айнұр Бекжанова: «Әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеру керек деген бастамаға қосылмаймын. Өйткені Қазақстандағы зейнетақының мөлшері аз. Жалақы да анау айтқандай қомақты емес. Сондықтан осылардың көлемін арттыруда түбегейлі өзгеріс қажет-деді».

 

ҚКХП Атырау облыстық филиалының

баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика