Home » Кызылординский обком, Партийная жизнь » «Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін жақсарту керек!»

«Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін жақсарту керек!»

26 қазан күні ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті қалалық жастар паркінде «Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін жақсарту керек» тақырыбында флеш-моб өткізді. Сыр өңірінің жас коммунистері, яғни студенттеріміз күннің суығына қарамастан «Ленин бабамыз» орналасқан саябақта алдын ала дайындаған билерін халыққа паш етті. Олардың таң ертеңнен келіп, дайындалып, кейін де өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы алдымен өздеріне, ардақты зейнеткерлерімізге және қарапайым халыққа деген сыйластық пен ілтипаттарының белгісі іспеттес болды.

Флеш-мобқа қатысушыларға ҚКХП логотипі бейнеленген арнайы футболкалар берілді. Сондай ақ олар логотиппен бейнеленген жалаушалар арқылы да бидің ырғағын келтіріп, тақырыптың төркінін қамтыды. Шараға қалалық орыс тілді «Кому что?», қазақ тілді «Ақмешіт апталығы» және «Ақмешіт ақшамы» газеттерінің өкілдері қатысты. Сондай ақ кездейсоқ өткінші жолаушылар да тоқтап, «бұл қандай шара, мақсаты қандай?» деп сұрастырып жатты. Дегенімен, біз өз ретімізде көріністің соңына дейін «қазір өздеріңіз барлығын көресіздер» деген ыңғай білдіріп, флеш-моб аяқталғанға дейін барлығын қызығушылық күйге түсіріп қойдық. Олар өз ұялы телефондарына шараны түсіріп, «осындай шаралар үлкен деңгейде орталық алаңда неге өткізбеске?» деген ұсыныстарын білдіріп те жатты. ҚКХП Қызылорда обкомының мүшелері барлық флеш-мобты тамашалауға келген жұртқа тегін «Коммунист Казахстана» газетін таратты. Сонымен қатар бір-екі адам партия тұсында тегін заңгерлік көмек көрсетілетіндігінен хабардар болды. Студенттеріміздің қойылымы аяқталуына қарай ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшысы Телеубаев Талғат Рахымұлы қолына микрофон ала шығып, тағатсыздана күтіп отырған жұртшылыққа флеш-мобтың қандай мақсатпен болып жатқандығын мәлімдеп, шараны тәмәмдады.

 

                                                                                Майра Жүнісова

 ҚКХП Қызылорда  облыстық комитеті

28.10.2013ж.

Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін көтерейік!

Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін көтерейік!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы 24-ші Қазан күні сағат 15:00 де С.Қазыбаев атындағы №1 мектеп интернат аланыңда комсомол жастар қанатының мүшелерінің қатысуымен флэшмоб өткізді. Флэшмобқа 50-ге жуық комсомол жастары қатысты. Барлығына бірдей ҚКХП эмблемасы бар қызыл жейделер (футболкалар) кигізілді. Флэшмобтың тақырыбы «Повышать не пенсионный возраст, а уровень жизни!», «Зейнеткерлік  жасын емес, өмір сүру  деңгейін көтерейік!» болды.

Флэшмобтың мақсаты жас комсомолдар арасында көңілді әуенге би билеп, шарларды ұшыру, плакаттарға жазылған қарсы пікір арқылы зейнеткерлердің 63 жастан бастап зейнеткерлікке шығуын қолдамайтынын көрсетті. Флэшмоб дегеніміз – (ағылш. flash mob — flash — жарқыл; сәт, мезет; mob — топ; адамдар жиыны) — жастар арасындағы кеңінен тарап қалыптасып келе жатқан салт-дәстүр. Көбінесе ерекше киімдер киіліп, арнайы плакаттар дайындалады.

Флэшмобты өткізу идеясының авторы   ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Даулетқазиев Ерболат Ғұсманұлы болды. Флэшмоб кездейсоқ көрермендерге арналып, олардың ынтасын туғызуға арналды. Қазіргі заңға өзгеріс енгізіп, әйелдердің зейнеткерлікке шығатын 58 жасын 63-ке көтеруге өз басым үзілді-кесілді қарсымын. Барлығын бірдей 63 жасқа дейін жұмысқа салып қоюға болмайды. Бұл ақылға қонымсыз нәрсе-деді. Алаңда жиналып тұрған тұрғындар арасында ой-пікір айтылып жатты. Солардың ішінде Айнұр Бекжанова: Әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеру керек деген бастамаға қосылмаймын. Өйткені Қазақстандағы зейнетақының мөлшері аз. Жалақы да анау айтқандай қомақты емес. Сондықтан осылардың көлемін арттыруда түбегейлі өзгеріс қажет-деді.

 

ҚКХП Атырау облыстық филиалының

баспасөз қызметі

28.10.2013ж.

Яндекс.Метрика