Home » Партийная жизнь » Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте

Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте

«Мемлекеттік тіл – ел мұраты» акциясы осы жылдың қыркүйек-қазан айларында болып өтті. Бұл бүкіл халықтың үндеуі. Осы үндеуге белсене қатысқан спорт кешендері туралы, олардың еңбек етіп жүрген спортшылар, бапкерлер, әдіскерлер туралы айтатын болсақ: облыс бойынша олар орны ерекше, бүкіл қала мектептегі оқушылар спорттың бірнеше түрімен шұғылданып жүрген «Жасыбай» спорт мектебі. Бұл мектеп бірнеше спорт шеберлерін облыстық, республикалық, әлем жүлдегерлерін мақтан етеді.

Енді осы спорт мектебінде мемлекеттік тіл қандай деңгейде деген сұраққа былай деп жауап беруге болады. Соңғы 10 жыл ішінде, қажымай-талмай мемлекеттік тілді дәріптеуге еңбек етіп келе жатқан аудармашы-ұстаз Ғалия Сексентайқызы Қожамбердинова осы акцияға да өз деңгейінде өткізуге тырысты. Акция күндері әр бапкер өз топтарында қазақ тіліндегі жаттығулар, ашық жаттығулар өткізіп қана қоймай, өздері де Абай, М.Мақатаев өлеңдерінен үзінділер, Астана туралы өлеңдер оқып, викторина сұрақтарына жауап беріп белсенділік көрсетті. Атап айтсақ, жүзу бапкері Д. Лисица ұлы Абайдың «Көзімнің қарасын» бокс бапкері Ж.Садуақасов «Астана» өлеңін, Д.Қарабатыров М.Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасынан үзінді оқыды. Ал әдіскерлер болса, ұлы Абайдың қара сөздерінен үзінді оқыды.

Белсенділік көрсетіп, викторина сұрақтарына (негізінен спортқа байланысты) жауап берген бапкерлер ақшалай сыйлыққа ие болды.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспасөз орталығы

Яндекс.Метрика